2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын бекіту туралы

Мерзімі біткен

Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 2 қарашадағы № 237 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 6 қарашада № 6390-13 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды


      01.01.2024 редакциясында

      ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 10.11.2023 ж. жарияланды

      Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 2 қарашадағы № 237 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 6 қарашада № 6390-13 болып тiркелдi. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормаларын бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі      Д. Сатыбалды

      Түркістан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 2 қарашадағы
№ 237 қаулысына қосымша

      2023 жылға басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауға арналған дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы

Өлшем бірлігі тонна, гектар

Субсидия нормалары, теңге

1

Мақсары

тонна

20 000

2

Дәндік жүгері

тонна

10 000

3

Өнеркәсіптік жылыжайдағы көкөніс

гектар

8 148 120,0

4

Фермерлік жылыжайдағы көкөніс

гектар

4 858 142,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады