"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 17 қазандағы №308 "Кентау қаласында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5234 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы | К. Елеусизов |