Сарыағаш ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 4-45-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2023 жылғы 3 шілдеде № 6322-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Сарыағаш ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 маусымдағы № 39-372-VI "Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілумен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5129 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Таскулов

  2023 жылғы 23 маусымдағы
№ №4-45-VIII шешіміне қосымша

Сарыағаш ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғыннан айына

93

Жайлы емес үйлер

1 тұрғыннан айына

161

Бірлік (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

1226


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады