"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 18 қазандағы қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің Лесбек батыр ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) №1 атауы жоқ көшеге – Ұлы Дала көшесі;
2) №3 атауы жоқ көшеге – Сулы Келес көшесі;
3) №4 атауы жоқ көшеге – Наурызым көшесі.
2. Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округінің Лесбек батыр ауылының Ю.Гагарин көшесі Едіге батыр көшесіне қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе ауылдық округінің әкімі | Е. Жасузаков |