Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің сайтында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 30 наурыздағы № 65 қаулысына Қосымша |
Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда-Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.12.2023 № 306 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Бюджет түрі | Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат барлығы (мың теңге) | оның ішінде (мың теңге) | |||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | ||
Жергілікті | 1 027 251,00 | 8808,973 | 71 678,528 | 35 534,704 | 911 228,795 |
Барлығы | 1 027 251,00 | 8808,973 | 71 678,528 | 35 534,704 | 911 228,795 |