Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының "Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/225-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2523 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы"
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Д. Рыпаков |
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы № 7/56-VIII шешіміне қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы "21" желтоқсандағы № 17/225-IV шешіміне қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары
№ | Арнаулы су пайдаланудың түрі | Өлшем бірлігі | Төлемақы мөлшерлемелері, теңге |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ертіс өзені бассейні | |||
1 | Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер | теңге/1000 текше метр | 169,4 |
2 | Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде | теңге /1000 текше метр | 486,8 |
3 | Ауыл шаруашылығы | теңге /1000 текше метр | 137,1 |
4 | Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары | теңге /1000 текше метр | 137,1 |
5 | Су энергетика | теңге /1000 киловатт-сағат | 51,1 |
6 | Су көлігі | теңге /1000 тонна- километр | 18,9 |