Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 254 "Ауылшаруашылық өнімін тереңдетіп қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативін бекіту туралы" қаулысын күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 қарашадағы № 249 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 қарашада № 8918-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 2 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қазандағы №254 "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30278 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады