Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 10/8-VII "Өскемен қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 24586 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақтағы мемлекеттік тілдегі мәтін өзгеріссіз қалдырылсын, орыс тіліндегі мәтіні жаңа редакцияда жазылсын;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшада белгіленген тізбеге сәйкес ұсынылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы | А. Светаш |