Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI "Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 7/3-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 8 желтоқсанда № 8930-16 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 12/4-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 06.03.2024 № 12/4-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6311 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы "Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі" осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова

  Алтай
ауданының мәслихатының
2023 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 7/3-VIII шешіміне 1- қосымша

Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған Алтай ауданының аумағында тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады, отбасының жиынтық табысына 10 пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бұйрығымен айқындалатын тәртіппен есептеледі.

      4. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тоқсанына бір рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес жүгінуге құқылы.

      7. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері, қолданыстағы заңнама талатарына сәйкес айқындалады.

      Егер шығыстарға арналған нормативтер мен тарифтер заңнамада белгіленген тәртіппен айқындалмаса, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.

      8. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеу аспаптары бар тұтынушылар үшін есептеуге қабылданатын шығыстар есептеу аспаптарының көрсеткіштері негізінде, бірақ есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтер шығысының белгіленген нормаларынан аспайтын, қызметтер толық көлемде көрсетілген алдыңғы тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша айқындалады.

      9. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      10. Алғашқы өтініш берген кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.

      Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде отбасының табыстары туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.

      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-күніне дейін қабылданады.

      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде әр адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және көп дегенде 18 (он сегіз) шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме мөлшеріндегі аудан нормасы қабылданады.

      13. Тұрғын үй көмегін алушылар он жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанындағы, отбасы құрамындағы, оның жиынтық табысы мен мәртебесіндегі кез келген өзгерістер туралы хабардар етеді.

      14. Өтініш берушілер заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына жауапты.

      15. Тұрғын үй көмегінің артық немесе негізсіз алынған сомаларын алушы ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен қайтаруға тиіс.

      16. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган ай сайын екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады