Ұлан ауданы бойынша 2023 жылға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2023 жылғы 3 мамырдағы № 21 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 мамырда № 8842-16 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20284 болып тіркелген) бұйрығы негізінде Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері айына бір шаршы метр үшін 27,97 теңге мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады