Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қазандағы № 244 "Ұлан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 51 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 шілдеде № 8882-16 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 сәуірдегі № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 29.04.2024 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ұлан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 24 қазандағы № 244 "Ұлан ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-204 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:

      1 тармағының 5 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Г. Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады