Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 4 тамыздағы № 5-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 тамызда № 7229-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы осы шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Мукаев

  Батыс Қазақстан
облыстық мәслихаты
2023 жылғы 4 тамыздағы
шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6346 болып тіркелген) шешімі;

      2. "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-2 "Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп–ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 6-7 шешімі;

      3. "Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 37-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 13-2 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады