Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 мамырда № 7155-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 12-5 "Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4940 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      мәслихат төрағасы Л. Кайргалиева

  Бөкей ордасы аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
24 сәуірдегі № 2-2 шешіміне
қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық шамасы, м3

1.

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,0

2.

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,13

3.

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,4

4.

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,22

5.

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,04

6.

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек - орын

2,06

7.

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,13

8.

Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

1,16

9.

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,21

10.

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,13

11.

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,21

12.

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер

Сауда алаңы 1 м2

0,8

13.

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,036

14.

Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,22

15.

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,5

16.

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,44

17.

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары

1 машина-орын

0,11

18.

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

2,3

19.

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

1,16

20.

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,23

21.

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

      Ескертпе:

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      м2 – шаршы метр

      м3 – текше метр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады