Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичуринское ауылдық округі Мичуринское ауылының атаусыз құрамдас бөліктеріне келесі атаулар берілсін:
№3 қиылысына Аманат көшесі;
№4 қиылысына Генералдар көшесі;
№3 көшесіне Әл-Фараби көшесі.
2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичуринское ауылдық округі Мичуринское ауылының келесі көшелері:
Бригада 8 көшесі Айдын көшесіне;
Пеленгатор көшесі Есет батыр көшесіне қайта аталсын.
3. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Мичуринское ауылдық округі Асан ауылының атауы жоқ №3 көшесіне Алпамыс батыр атауы берілсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мичурин ауылдық округінің әкімі | М. Мусалимов |