Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов аудандық мәслихатының "Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" 2023 жылғы 2 қарашадағы №9-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7284-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
7-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"1) медициналық мекеменің анықтамасына сәйкес амбулаторлық емделу кезеңіндегі туберкулезбен ауыратын тұлғаларға табыстарын есепке алмай 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ай сайын;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | С. Мулдашев |