Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала ауданының аумағында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзу және жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше, көппәтерлi тұрғын үй тұрғындары өкiлдерiнiң санын айқындау тәртiбi туралы қағидасын бекiту туралы" 2014 жылғы 18 наурыздағы №22-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3495 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Ж. Бисенгалиева |