Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 25-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 11-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 желтоқсанда № 7303-07 болып тіркелді

      Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданында жеке оқыту жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" 2015 жылғы 25 ақпандағы № 25-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3835 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 7- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері ай сайын әрбір мүгедектігі бар балаға бес айлық есептік көрсеткішке тең.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Теректі аудандық мәслихатының төрағасы А. Нургалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады