"Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 37), 37-1) және 39) тармақшаларына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарты;
2) осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты;
3) осы бірлескен бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы банк арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім;
4) осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім бекітілсін;
5) осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім.
2. Осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
__________Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
__________С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 Бірлескен бұйрыққа 1-қосымша |
Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шарт
Астана қаласы | "___" ______ 20___ ж. |
Бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталатын ___________________________________
(банктің атауы)
(бұдан әрі - "қатысушы банк") атынан_________________________________________
(тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен
_________ негізінде әрекет етуші___________________________________________
деректемелері) (уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
бір тараптан және азамат (азаматша)__________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))
(бұдан әрі – "Салымшы") не оның заңды өкілі (бұдан әрі - Заңды өкіл)
________________ екінші тараптан "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы"
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))
Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы
Білім беру жинақтау салымы туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Шартта пайдаланылатын ұғымдар
1. Шартта мынадай ұғымдар қолданылады:
1) банктік шот - клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі;
2) банктік шотты тікелей дебеттеу - банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақша жөнелтушіден ақшаны алып қоюы және ақша жөнелтушінің осындай алып қою туралы алдын ала рұқсатының негізінде оларды бенефициардың пайдасына беруі;
3) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі - салым) - салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, капиталдандырылған қатысушы банк сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
4) білім беру жинақтау салымы туралы шарт - салымшының қатысушы банкпен жасасқан білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
5) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - бірыңғай тізілім) - оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
6) білім беру қызметтері - білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді көрсету жөніндегі қызметі;
7) білім беру саласындағы уәкілетті органдар - Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
8) білім беру ұйымы - Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
9) қатысушы банк - Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
10) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
11) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі - МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын тартуына және оларға сыйақылар мен мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық табысты және мемлекет сыйлықақысын есептеуге негізделген білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
12) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) - білім беру саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
13) салымшы - салым шартының тарабы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы.
2-тарау. Шарттың мәні және жалпы шарттары
2. Шарттың мәні қатысушы банктің салымшы атына теңгеде білім беру жинақтау салымын ашуы, салымға қатысушы банктің сыйақысын есепке жазуы және бюджеттен алынған мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуы болып табылады.
3. Шарттың мерзімі ___________ ай (кемінде отыз алты ай).
4. Шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық ___________ % -ды құрайды, Шарт бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (дәйекті жылдық тиімді, салыстырмалы түрде есептелетін сыйақы мөлшерлемесі) ___________ %. Сыйақыны есептеу кезінде күндердің нақты саны ескеріледі (күнтізбе бойынша), бұл ретте жыл үш жүз алпыс бес күн ретінде алынады.
5. Қатысушы банктің сыйақысы Шарттың қолдану мерзімі ішінде ай сайын есепке жазылады және білім беру жинақтау салымының негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады).
6. Шартқа қол қоя отырып, салымшы/заңды өкіл операторға банктік құпияны ашуға келісімін береді.
7. Бір салымшының атынан және оның пайдасына бір ғана Шарт жасалады.
8. Салымшы/заңды өкіл салымды басқа қатысушы банкке аудару кезінде ағымдағы шоттан қаражат алуды жүзеге асырмауға міндеттенеді.
9. Салымға енгізілетін минималды бастапқы біржолғы жарна республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерін құрайды.
10. Тараптар қол қойған салым шарты бірыңғай тізілімде тіркелуге жатады. Оператор салымшының салым шартының және Заң талаптарына сай келмеуіне байланысты оны білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда салым шарты бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай/төлемей және қатысушы банктің қандай да бір комиссияларын шегерместен, салымшының/заңды өкілдің бірінші талабы бойынша қайтарылады.
11. Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес салымшының банктік шотына үшінші тұлғалардан жарналар қабылданады.
12. Салым қаражатын нысаналы мақсатта алу жағдайларын (ақшаны білім беру ұйымына үлестермен аудару) қоспағанда, салымшының банктік шотынан ақшаны ішінара алуға жол берілмейді.
13. Білім беру ұйымына шарттық негізде түскен кезде қатысушы банк салым сомасын салымшының (18 жасқа толмаған салымшының заңды өкілінің) тапсырмасы негізінде үлестермен (әрбір академиялық кезеңге немесе оқу жылына) немесе толық көлемде бір рет (оқудың барлық мерзіміне) аударады.
3-тарау. Мемлекет сыйлықақысы
14. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген Шарт бойынша жиырма жылдан аспайтын мерзімге есепке жазылады.
15. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу кемінде бір жыл болған салымға жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша ондағы нақты жинақталған қалдық сомаға жүзеге асырылады. Мемлекет сыйлықақысы Шарттың қолданылу мерзімінде есепке жазылады.
16. Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес бір қатысушы банктен екіншісіне аударылған салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жазу бастапқы салым шартының жасалған күні ескеріле отырып жүргізіледі.
17. Мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталға айналады).
18. Мемлекет сыйлықақысы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есептеледі.
19. Мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы:
1) Шарттың 14-тармағында белгіленген есепке жазу мерзімі аяқталған жағдайда;
2) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда;
3) салымшы қайтыс болған, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген не оны қайтыс болды деп жариялаған күннен бастап;
4) Заңның 11-бабының 7-тармағына сәйкес салымдағы қаражат шетелдің білім беру ұйымына аударылған сәттен бастап тоқтатылады.
20. Мемлекеттің есептеген сыйлықақысын қатысушы банк оператордың мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы анықтама-үзіндісі бойынша оператордан көрсетілген анықтаманы алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде мына жағдайларда:
1) салымшының бастамасы бойынша Шарт бұзылған немесе мерзімінің аяқталуына байланысты салым Шарты бойынша міндеттемесі нысаналы мақсатын сақтамай тоқтатылғанда;
2) егер күнтізбелік үш жыл ішінде салымшы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаса не басқа білім беру ұйымына оқуға түспесе, салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткенде;
3) Заңда белгіленген мерзімге жетпей мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталғанда;
4) салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанда;
5) мемлекет сыйлықақысының артық есептелу фактісі анықталғанда бюджетке қайтаруы тиіс.
21.Үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде салымға түскен мемлекет сыйлықақысы Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайларда бюджетке қайтаруға жатады.
22. Салымшы қаза болғанда, сот оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп таныған не қайтыс болды деп жариялаған немесе денсаулық жағдайына байланысты оның оқуды жалғастыруға қабілеті болмаған жағдайда, білім беру жинақтау салымын:
1) салымшы/заңды өкіл немесе оның мұрагерлері кез келген үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) білім беру жинақтау салымына жібереді (қайта ресімдеу);
2) мемлекет сыйлықақысы сақтала отырып, салымшыға/заңды өкілге немесе оның мұрагерлеріне Шартты бұзу талаптары бойынша төленеді.
4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
23. Қатысушы банк:
1) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар басталған кезде республикалық бюджетке қайтарылуы тиіс мемлекет сыйлықақысының сомасын салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шотынан банктік шотты тікелей дебеттеу арқылы алып қоюға;
2) салымшыдан/заңды өкілінен Шарт шеңберінде қажетті құжаттарды ұсынуын талап етуге;
3) салымшының банктік шотына қате аударылған ақшалай соманы салымшының келісімінсіз алып қоюға;
4) ұсынылған енгізу кезеңділігін және салымға қосымша жарнаның мөлшерін есептеуге;
5) қатысушы банктің салымшының банктік шоты бойынша операциялар жасаған қызметі үшін комиссиялық сыйақыны қатысушы банктің шот бойынша операция жүргізген күні қолданыста болған тарифтеріне сәйкес, бұл ретте тікелей мемлекеттің сыйлықақы сомасынан ұстамай, өндіріп алуға құқылы.
24. Салымшы/заңды өкіл:
1) салымға ақша енгізуге, оның ішінде қатысушы банк ұсынған тәртіпте және мерзімдерде;
2) салымның жай-күйі туралы толық ақпарат алуға;
3) салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке толық көлемде бір жылда бір реттен асырмай аударуды жүзеге асыруға;
4) бірыңғай тізілімде тіркелген бір ғана салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысын алуға;
5) қатысушы банк Заңның талаптарына сай келмейді деп танылғанда және қатысушы банк пен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бұзылған жағдайда салымда жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге кез келген басқа қатысушы банкке аударуға;
6) жинақталған қаражат сомасын қатысушы банктің есептелген сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы бірыңғай тізілімде тіркелген салымға аударуға;
7) шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысы мен қатысушы банктің сыйақысын есепке алғандағы жинақталған салым қаражатынан оқу ақысын төлеуді жүзеге асыруға;
8) салымшыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда:
қатысушы банктің сыйақысы мен мемлекет сыйлықақысын әрі қарай есептеумен салымда қаражат жинақтауды жалғастыруға;
салымдағы қаражатты Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына ашылған (ашылатын) салымға аударуға;
салымдағы қаражатты білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударуға;
салымның қаражатын қатысушы банктің капиталға айналған сыйақысымен және есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға;
9) оқудың барлық кезеңдері үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленгеннен кейін салымда қаражат қалған жағдайда салымшы/заңды өкіл аталған соманы қатысушы банктің сыйақысымен және мемлекет сыйлықақысымен бірге алуға құқылы.
25. Қатысушы банк:
1) Шарт жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ салымшының атына оператор арқылы ашылған қолданыстағы Шарттың жоқтығын тексереді;
2) салымшының банк шотына ақша қабылдайды;
3) ай сайынғы капиталдандыруды есепке ала отырып, салымшыға ай сайын салым сомасына сыйақы есептейді;
4) мемлекет сыйлықақысы түскен жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес оны салымшының банк шотына есепке жазады;
5) салымшы/заңды өкіл білім беру ұйымына не шетелдік білім беру ұйымына қабылдану туралы растау құжаттарын және ақша аудару туралы тиісті тапсырманы ұсынған жағдайда бір жұмыс күні ішін салымшының тапсырмасына сәйкес мөлшерде салым қаражатын тиісті білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының банктік шотына аударады;
6) салымшының/заңды өкілдің бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда салымның негізгі сомасын және есептелген сыйақыны салымшыға/заңды өкілге қатысушы банктің сыйақы мөлшерлемесінен төмен емес мөлшерде төлейді;
7) салым қаражатын басқа қатысушы банкке немесе үшінші тұлғаның салымына аудару процесінде салымшыға/заңды өкілге ақшаны қолма-қол бермейді;
8) салымдар бойынша барлық шығыс операцияларын оператордан растама алғаннан кейін жүзеге асырады.
26. Салымшы/заңды өкіл:
1) ақшаны ұлттық валюта - теңгемен енгізеді;
2) салым қаражатынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың түпнұсқасын не көшірмесін ұсынады;
3) салым қаражатынан шетелдік білім беру ұйымындағы білім беру қызметтеріне ақы төлейтін жағдайда қатысушы банкке оқуға қабылдану туралы растау құжаттарын (білім беру қызметін көрсету туралы шарт, инвойс) нотариалды куәландырылған мемлекеттік не орыс тіліндегі аудармасымен бірге ұсынады;
4) білім алу үшін салымшыға білім беру гранты тағайындалуына байланысты салым қаражаты алынатын жағдайда "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4991 болып енгізілді) бекітілген нысанға сәйкес білім беру грантының тағайындалуы туралы куәлікті ұсынады;
5) салымшының қаза болуына, соттың оны әрекетке қабілетсіз, хабарсыз кеткен деп тануы не қайтыс болды деп жариялауы немесе оның денсаулық жағдайы салдарынан оқуын жалғастыра алмауына байланысты салым қаражатын алу жағдайында растау құжаттарын ұсынады;
6) барлық оқу кезеңі үшін білім беру қызметтерінің ақысы төленуіне байланысты салымда қалған қаражатты алу жағдайында білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының растау құжатын ұсынады;
7) салымшының тұрғылықты орны, жеке басын куәландыратын құжатының деректемелері өзгерген жағдайда өзгеріс енгізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бұл туралы қатысушы банкке еркін нысанда хабарлайды;
8) мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аудармайды;
9) салым қаражатын бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атындағы салымға аудару кезінде салым қаражатын алмайды;
10) Шарттың 20-тармағында көзделген жағдайлар болғанда салымшының қатысушы банктегі кез келген банктік шоттарынан республикалық бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын қатысушы банктің алуына келісімін береді.
5-тарау. Шартты өзгерту шарттары және бұзу тәртібі
27. Салымшының/заңды өкілдің/енгізушінің ақшаны енгізуі Шартқа қосымша келісімге қол қою қажеттілігінсіз, кез келген уақытта жүзеге асырылады.
28. Салымшы Шарт бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда қатысушы банк Шарттың нақты бұзылу күніне дейін күнтізбелік он күн бұрын салымшыны бұл туралы жазбаша ескертіп, Шартты біржақты тәртіппен бұзады. Бұл жағдайда салым салымшыға/заңды өкілге оның бірінші талабы бойынша төленеді, мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 2-тармағына сәйкес оператордың анықтама-үзіндісі бойынша республикалық бюджетке оператор арқылы қайтарылады.
29. 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған салымшының заңды өкілдерінің бастамасы бойынша Шарттың мерзімінен бұрын бұзылуына қатысушы банкке кәмелетке толмаған салымшының атынан заңды өкілі болу құқығын куәландыратын құжат (қорғаншылық және қамқоршылық органдары берген құжат және басқалар) ұсынылған кезде жол беріледі.
30. Салым "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналасқан депозиттерді міндетті кепілдендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерді міндетті кепілдендірудің нысаны болып табылады.
Қатысушы банк _____ жылғы "___"_____ №_____ куәліктің негізінде депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады.
31. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының өзгеруіне байланысты депозиттерді кепілдендіру шарттары өзгерген жағдайда Шартқа, Шартты ұзарту жағдайларын қоса алғанда, заңнамадағы өзгерістерді ескере отырып кепілдендіру шарттары қолданылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
32. Шарттың 25-тармағының 4) тармақшасында көзделген міндеттемелерді орындау кезінде қатысушы банк салымшыға мерзімі өткен әр күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының мөлшерінен 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыппұлын және салымшының тұрақсыздық айыппұлымен өтелмеген шығынын өтейді.
33. Тараптар Шарт бойынша қабылдаған міндеттерін орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда айыпты тарап Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылады.
34. Салымшының білім беру кредиті бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін қатысушы банктің алдындағы жауапкершілігі қатысушы банк пен салымшы арасында жасалатын банктік қарыз шартында белгіленеді.
35. Тұрақсыздық айыппұлы (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
7-тарау. Құпиялылық
36. Тараптар Келісімнің шеңберінде алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.
8-тарау. Форс-мажор
37. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.
38. Шарттың 37-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген мәселе уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.
39. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.
9-тарау. Дауларды қарау тәртібі
41. Шартты жасасу және орындау процесінде туындайтын немесе оған қатысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар он күндік мерзімде бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.
10-тарау. Қорытынды ережелер
42. Шарт қатысушы банкке салымның бастапқы сомасы (минималды бір жолғы жарна) енгізілген сәттен бастап күшіне енеді.
43. Егер шарттың мерзімі аяқталған соң салым салымшының/заңды өкілдің тарапынан талап етілмесе және/немесе тараптардың бірде біреуі оның қолданысын тоқтатуға ниет білдірмесе, онда қатысушы банктің қарастыруы бойынша Шарт мерзімі салымды орналастыру мерзімін ұзарту күніне осы салым түріне қолданылатын сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақыны есептеумен сол мерзімге және сол шарттарда ұзартылады.
44. Шартқа енгізілетін кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және қол қою жолымен жүргізіледі.
45. Шартта көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап басқа тарапты бұл өзгерістер туралы жеті жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті.
46. Шартпен реттелмейтін бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
47. Шарт бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
48. Шартқа қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 Бірлескен бұйрыққа 2-қосымша |
Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шарты
Серия № ______________ | "___"________ 20___ж. |
Бұдан әрі "Қатысушы-сақтандыру ұйымы" деп аталатын
"________________________________________________________________________"
(сақтандыру ұйымының толық атауы және орналасқан жері)
атынан жарғының, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру сыныбы бойынша "өмірді сақтандыру" саласы бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган 20__ ж. ________ __ берген № _____ лицензияның және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қатысушы-сақтандыру ұйымы бекіткен "мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде өмірді сақтандыру" сыныбы бойынша Сақтандыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде әрекет етуші _____________________________________________________________________ бір тараптан
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
және бұдан әрі "Сақтанушы, Сақтандырылушы" деп аталатын азамат (азаматша)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері)
жеке басты куәландыратын құжат____________________________________________,
(серия, нөмірі)
________________________________ берген екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп
(кіммен) (берілген күні)
"Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бұдан әрі "Пайда алушы" деп аталатын азамат (азаматша)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері,
резиденттік белгісі және экономика секторының коды)
пайдасына төмендегілер туралы осы білім беру жинақтау сақтандыруы шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Шарттың мәні Сақтанушының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу, ал Қатысушы сақтандыру ұйымының сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде пайда алушының пайдасына сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесі болып табылады.
Сақтандыру объектісі Сақтанушының (Пайда алушының) сақтандыру арқылы қорғау мерзімі аяқталғанға дейін Сақтандырылушының өмір сүруімен, қайтыс болуымен немесе сақтандырылушыға сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңінде бірінші немесе екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуімен байланысты мүліктік мүдделері болып табылады.
2. Шарт жазбаша нысанда жасалады.
Электрондық нысанда шарт жасасу кезінде Сақтанушы (Сақтандырылушы, Пайда алушы) мен Қатысушы-сақтандыру ұйымы арасында электрондық ақпараттық ресурстармен алмасу тәртібі "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабына сәйкес айқындалады.
Сақтандыру сыйлықақысын есептеу және Сақтанушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректері бар Сақтанушының өтініші шарт жасасу үшін негіз болып табылады.
3. Жеке деректерді жинауға және өңдеуге, Қатысушы - сақтандыру ұйымының және оператордың сақтандыру құпиясын ашуға келісімді Сақтанушы/Заңды өкіл сақтандыру шартын жасасқанға дейін сақтандыруға өтінішті ресімдеу кезінде береді.
Қатысушы – сақтандыру ұйымы мен оператор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректердi таратуға, Сақтанушы мен Сақтандырылушының сақтандыру құпиясын ашуға жауапты болады.
4. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері Заңмен белгіленеді.
2-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі, сақтандыру сомасының, сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері, Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі және мерзімі
5. Шарт Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп - бөліп төлеген кезде – бірінші сақтандыру жарнасын төлеген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады және қоса алғанда, _____жылғы "__" _______ дейін қолданылады.
6. Сақтандыру қорғауының қолданылу кезеңі: _____жылғы "__" _______ бастап _____ жылғы "__" _______ дейін.
7. Шарт бойынша сақтандыру сомасы ______________ теңгені құрайды.
8. Сақтандыру аумағы: бүкіл әлем.
9. Қатысушы-сақтандыру ұйымына төлеу үшін сақтандыру сыйлықақысының (сақтандыру жарналарының) мөлшері _______________________ теңгені құрайды. (сандармен және жазумен)
10. Қатысушы-сақтандыру ұйымының сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру жарналарын) төлеу:
Бір рет – ____ жылғы "__" ________ дейінгі мерзімде;
Бөліп төлеу – ай сайын, тоқсан сайын немесе Шарт тараптарының келісімі бойынша өзге тәртіппен, бірақ жылына кемінде бір рет.
Сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу әрбір
_______________________________________________________________ "____" күнінен (айдың / тоқсанның / жылдың немесе басқа тәртіпті көрсету) кешіктірмей жүзеге асырылады.
3-тарау. Шарт бойынша сақтандыру жағдайы
11. Сақтандыру жағдайы дегеніміз:
1) Сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғалу мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі;
2) Сақтандырылушы сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып танылуы;
3) сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде Сақтанушының қайтыс болуы.
12. Егер 11-тармақтың 3) тармақшасында көзделген сақтандыру жағдайы мыналар салдарынан орын алса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудан босатылады:
1) Шарт қолданысының алғашқы 2 (екі) жылында өзіне-өзі қол жұмсау;
2) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті ластанудың әсері;
3) әскери іс-қимылдар;
4) азаматтық соғыс, халық толқулары, кез келген тәртіпсіздіктер немесе ереуілдер;
5) медициналық мекеменің білікті дәрігері тағайындаған дәрілік заттарды қолдануды қоспағанда, сақтанушының есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануы (медициналық куәландыру/сараптама жүргізген ұйымдардың қорытындысы болған жағдайда);
6) қажетті қорғаныс жағдайында және аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерді қоспағанда, Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының сақтандыру жағдайының басталуына бағытталған немесе оның басталуына ықпал ететін қасақана әрекеттері;
7) алкогольдік/есірткілік масаңдық, оның ішінде мас күйінде көлік жүргізу;
8) Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен сақтандыру жағдайымен себептi байланыстағы қасақана қылмыстар немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар болып танылған әрекеттерi;
9) Сақтандырылушының кәсіпқой спорт түрлерімен немесе қауіпті спорт түрлерімен айналысуы (қысқы, су асты, ат спорты, авто және мотоцикл жарыстары, авиация, күштемелі спорт түрлері, жартасқа өрмелеу, альпинизм, дельтапландар, парашютпен секіру, шығыс, жауынгерлік және спорттық жекпе-жек түрлері, мұз астында және үңгірде сүңгу, жабдықсыз сүңгу) немесе осы сияқты жаттығулар, сондай-ақ трюктерді орындау, физикалық зақымдану қаупінің жоғарылауымен, өмірге қауіп төндірумен байланысты кез келген жарыстарға қатысу) (Сақтанушы (Сақтандырылушы) сақтандыруға қабылданған кезде немесе сақтандырудың қолданылу мерзімі ішінде бұл ақпаратты Сақтандырушыдан жасырған және сақтандыру шартында өзгеше көзделмеген жағдайда);
10) авиакомпанияның лицензиясы бар жолаушылар әуе кемесiнде (растайтын құжаттар болған кезде) жолаушы ретiнде ұшуды қоспағанда, ұшу аппараттарында ұшу;
11) онкологиялық ауру немесе қатерлі ісіктің (онкологиялық ауру) пайда болуымен байланысты ауру, егер сақтандыру жағдайы сақтандыру шартының алғашқы екі жылы ішінде орын алса;
12) АИТВ-инфекциясы (ЖИТС) немесе АИТВ-инфекциясымен (ЖИТС) байланысты ауру.
13. Шарттың 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтанушы Қатысушы-сақтандыру ұйымына Шарттың 36-тармағында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік берілген кезеңде сақтандыру жарналарын төлеуден босатылады.
Сақтанушыға берілген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік жойылған (мүгедектікті оңалту) сәттен бастап Сақтанушы Шарт бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуді қайта бастауға міндетті. Бұл ретте Шарт бойынша сақтандыру сомасы өзгеріссіз қалады.
4 -тарау. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
14. Пайда алушы Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаға (бұдан әрі – білім беру ұйымы) немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаға (бұдан әрі – шетелдік білім беру ұйымы) оқуға қабылданған жағдайда Сақтанушы/Пайда алушы мынадай құжаттарды Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады:
1) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға өтініш;
2) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында білім беру қызметтеріне ақы төлеу кезінде білім беру қызметтерін көрсету шартының көшірмесі;
3) шетелдiк бiлiм беру ұйымына бiлiм беру қызметiне ақы төлеу кезiнде мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi нотариалды куәландырылған аудармасы бар оқуға қабылданғаны туралы растайтын құжаттар (бiлiм беру қызметiн көрсету туралы шарт, инвойс);
4) шетелдiк бiлiм беру ұйымына бiлiм беру қызметiне ақы төлеу кезiнде клиент Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде пайда алушының атына ашатын, клиент айқындаған талаптар басталғанға немесе орындалғанға дейін осы тұлғаның банктік шот бойынша шығыс операцияларын жасауға құқығын шектей отырып, ағымдағы немесе жинақ шотын (бұдан әрі – эскроу-шот) ашу үшін қажетті құжаттар, Қатысушы-сақтандыру ұйымының "эскроу-шот" ашуға өкілеттігі бар Пайда алушының сенімхаты.
Пайда алушыға білім беру гранты тағайындалған жағдайда Сақтанушы/Пайда алушы Қатысушы-сақтандыру компаниясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға не Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және сақтандыру төлемін білімнің басқа деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерін төлеу үшін жұмсауға не мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын аударуға, үшінші тұлғаның пайдасына Шартты төлеуге өтініш;
2) "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып енгізілді).
15. Білім беру ұйымына шарт негізінде қабылданған кезде сақтандыру төлемін Қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтанушының/Пайда алушының (18 жасқа толмаған пайда алушының заңды өкілі) өтініші негізінде үлестермен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (барлық оқу кезеңі үшін) білім беру ұйымына жүзеге асырады.
16. Мерзімді түрде төлемдерді жүзеге асыру кезінде Сақтанушы Шарт бойынша мерзімді төлемдерді индексациялауға құқылы.
Мерзімді түрде жүргізілетін төлемдерді индекстеу мөлшерлемесі __________________ пайызды құрайды. (санмен және сөзбен)
17. Қатысушы-сақтандыру ұйымы білім беру ұйымының банктік шотына сақтандыру төлемін аударуды Сақтанушы/Пайда алушы Қатысушы-сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жазбаша өтінішті берген және Шартың 14-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
18. Пайда алушы шетел білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда сақтандыру төлемі Шарттың 17-тармағында белгіленген мерзімде "эскроу шот" режимінде банк шотына ақша сомасын аудару арқылы жүзеге асырылады.
19. "Эскроу шот" режимінде банк шотын ашуға арналған шығыстар Қатысушы-сақтандыру компаниясының қаражаты есебінен төленеді.
20. Сақтандыру төлемiнiң сомасы Шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн оқудың бүкiл кезеңi үшiн бiлiм беру қызметiне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда артық сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемi Пайда алушыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне төленуі тиіс.
21. Білім беру ұйымынан (шетелдік білім беру ұйымынан) шығарылған жағдайда Қатысушы- сақтандыру ұйымы Пайда алушыға/Сақтанушыға үш жылдан аспайтын мерзімге сақтандыру төлемдерін төлеу мерзімін кейінге қалдырады.
Қатысушы- сақтандыру ұйымы мына жағдайларда бюджетке қайтаруға жататын есепке жатқызылған мемлекет сыйлықақысын шегере отырып, сатып алу сомасын төлейді:
1) Пайда алушы шығарылған білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қалпына келтірілмегенде;
2) басқа білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданбағанда.
22. Пайда алушы қайтыс болған, сот оны әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп таныған не оны қайтыс болды деп жариялаған не Пайда алушы денсаулығына байланысты білім алуды жалғастыра алмаған жағдайда Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – оның мұрагерлері мыналарға құқылы:
1) Пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен ауыстыруға;
2) есептелген мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын алуға.
23. Шарттың 22-тармағында көзделген жағдай басталған кезде Сақтанушы, Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – Пайда алушының қамқоршысы не Пайда алушы қайтыс болған жағдайда – Сақтанушының мұрагерлері Қатысушы- сақтандыру компаниясына мынадай құжаттарды ұсынады:
1) мемлекеттік сыйлықақыны сақтай отырып, сатып алу сомасын алуға не Пайда алушыны Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын басқа тұлғамен алмастыруға өтініш;
2) Пайда алушының қайтыс болу фактісін растайтын, соттың әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялауы не Пайда алушының денсаулық жағдайына байланысты оқуын жалғастыруға қабілетсіздігі туралы құжат.
24. Шарттың қолданылу кезеңі ішінде Сақтандырылушы қайтыс болғанда және бұл Шарт талаптарына сәйкес сақтандыру жағдайы болып табылмайтын жағдайда Шарт Сақтандырылушы қайтыс болған күннен бастап бұзылады, ал Сақтандырылушының мұрагерлері, сатып алу сомасын, ол болған жағдайда, алуға құқылы.
6-тарау. Шарт бойынша төлем шарттары және сатып алу сомасының мөлшері
25. Сақтандырушы сатып алу сомасын, ол болған жағдайда, Шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы өтініш беру арқылы немесе Қатысушы-сақтандыру ұйымының бастамасы бойынша Шарт бұзылған жағдайда алуға құқылы. Бұл ретте мемлекеттік сыйлықақы бюджетке қайтарылуға жатады.
26. Сатып алу сомасын алу үшін, егер бар болса, Сақтанушы мыналарды ұсынуы тиіс:
1) жазбаша өтініш;
2) Сақтанушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) егер ол қағаз жеткізгіште ресімделсе, Шарттың түпнұсқасы немесе телнұсқасы.
27. Сақтанушыға төленуге жататын сатып алу сомасының мөлшері Сақтанушының Шартты бұзу туралы өтініші келіп түскен күнгі жағдай бойынша есептеледі.
28. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сатып алу сомасын, егер бар болса, Шарттың 26-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлейді.
29. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сатып алу сомасын төлеу кезінде, егер бар болса, мерзімінен бұрын тоқтатылған күнге дейін мерзімі өткен сақтандыру жарналары бойынша Сақтанушының берешегі көлеміндегі ақша сомасын, Шартты бұзу күніне мемлекет сыйлықақысының пайдаланылған сомасын, сондай-ақ Сақтанушының Қатысушы-сақтандыру ұйымы алдындағы кез келген басқа берешекті ұстап қалуға құқылы.
6-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
30. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:
1) Сақтанушыдан Шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
2) сақтандыру төлемінен бас тартуға:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және Қағидаларда көзделген негіздер бойынша;
сақтандыру жағдайы болып табылмайтын себептер бойынша Сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда;
Сақтанушы Сақтандырылушы, оның денсаулық жағдайы, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның салдары туралы көрінеу жалған ақпарат берген жағдайда;
егер оқиға Сақтанушымен Шарт бойынша сақтандыру қорғауы қолданыста болмаған кезеңде орын алса;
Қатысушы-сақтандыру ұйымына Сақтанушының қайтыс болу себебін растайтын құжаттар ұсынылмаған және (немесе) Сақтандырылушының қайтыс болу себебі анықталмаған, оның ішінде жұбайының, жақын туыстарының немесе заңды өкiлдерiнiң жазбаша өтiнiшi немесе сол адам тірі кезінде берген жазбаша өсиетi негізінде патологоанатомиялық сараптаманы жүргізуден бас тартқан жағдайда.
Шарттың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекеттік сыйлықақыны бюджетке қайтара отырып, сатып алу сомасын төлейді.
3) осы Шартта көрсетілген құжаттармен расталған мәліметті тексеру үшін мемлекеттік деректер қорынан алынған электрондық мәліметті/ақпаратты пайдалануға құқылы.
31. Сақтандырушы мыналарға құқылы:
1) Қатысушы-сақтандыру ұйымынан Шартқа сәйкес өзіне алған міндеттемелердің орындалуын талап етуге;
2) Шарт бойынша толық ақпарат алуға;
3) сатып алу сомасын ала отырып және есептелген мемлекеттік сыйлықақыны бюджетке қайтара отырып, Шартты бұзуға;
4) Қатысушы-сақтандыру ұйымы Қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді Заңның талаптарына сәйкес келмейді деп танып, оны бұзған жағдайда сатып алу сомасын есептелген мемлекеттік сыйлықақысымен қоса кез келген басқа қатысушы сақтандыру ұйымына аударуға;
5) Пайда алушыға білім беру грантын тағайындаған жағдайда Сақтанушы (Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – Пайда алушы немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі) құқығы бар:
инвестициялық кіріс пен есептелген мемлекеттік сыйлықақыны ескере отырып есептелген Шарт бойынша сақтандыру төлемін алуға;
Шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға және басқа білім деңгейлерін алу мақсатында білім беру қызметтерін төлеуге Шарт бойынша сақтандыру төлемін бағыттауға;
Шарт бойынша сатып алу сомасын инвестициялық кіріс пен мемлекет сыйлықақысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын (жасалған) сақтандыру шартын төлеуге аударуға;
6) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру төлемінің сомасы оқудың бүкіл кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеу сомасынан асып кеткен жағдайда, артық сома мөлшеріндегі сақтандыру төлемі соңғы сақтандыру төлемін жүзеге асырғаннан кейін Пайда алушыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның Заңды өкіліне төленеді.
32. Қатысушы-сақтандыру ұйымы міндетті:
1) Пайда алушының Заңда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн, сондай-ақ Пайда алушының пайдасына жасалған қолданыстағы сақтандыру шартының немесе Пайда алушы мен салымшы бiр тұлға болып табылатын білім беру жинақтау салымы туралы шарттың болмауын тексеруге;
2) Қатысушы-сақтандыру ұйымы Қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді Заңның талаптарына сәйкес келмейді деп танып, оны бұзған жағдайда бұл туралы Сақтанушыны 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етуге;
3) Шартта белгiленген мерзiмде сақтандыру жарнасын (бiрiншiсiн қоспағанда) алмаған жағдайда Сақтанушыға кезектi сақтандыру жарнасын төлеу қажеттiгi туралы хабарлауға мiндеттi. Сақтанушыға сақтандыру сыйлықақыларын төлеу қажеттігі туралы хабарлама хабарламаның жіберілгенін растауға мүмкіндік беретін тәсілмен жіберіледі.
4) Сақтанушының бастамасымен Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда мемлекеттік сыйлықақыны бюджетке қайтара отырып, Шарт бойынша сатып алу сомасын төлеуге;
5) Сақтанушы басқа Қатысушы сақтандыру ұйымымен білім беру жинақтау сақтандыру шартын жасасқан жағдайда есептелген мемлекет сыйлықақысын есепке ала отырып, сатып алу сомасын басқа Қатысушы сақтандыру ұйымына аударуға;
6) білім беру ұйымына сақтандыру төлемін, сатып алу сомасын және есептелген мемлекет сыйлықақысын басқа қатысушы сақтандыру ұйымына аудару барысында немесе үшінші тұлғаның пайдасына сақтандыру шартын жасасу кезінде Сақтанушыға/Пайда алушыға ақшаны қолма-қол ақша түрінде бермеуге.
33. Сақтанушы/Пайда алушы міндетті:
1) Шарт жасасуға өтініште сақтандыру жағдайының болу ықтималдығын анықтау үшiн айтарлықтай маңызы бар өзiне белгiлi барлық ақпаратты көрсетуге және ұсынылған мәлімет үшiн жауапты болуға;
2) сақтандыру сыйлықақысын (сақтандыру сыйлықақыларын) Шартта белгiленген мерзiмдерде және шарттарда қолма-қол немесе қолма-қол емес ақшалай нысанда төлеуге;
3) Шартта белгіленген жағдайларда және көлемде Қатысушы-сақтандыру компаниясына құжаттарды беруге;
4) сақтандыру төлемінің мөлшері оқудың барлық кезеңі үшін білім беру қызметтеріне ақы төлеуге толық сомадан асып кеткен жағдайда, Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін артылған сома мөлшерінде сақтандыру алуға білім беру ұйымының/шетелдік білім беру ұйымының растайтын құжатын ұсынады;
5) Пайда алушы білім беру ұйымына оқуға қабылданған, ауысқан, академиялық демалыс ресімдеген, қайта қабылданған, білім беру ұйымынан шығарылған, оның ішінде оқу бітіруіне байланысты шығарылған жағдайда оған қатысты растайтын құжаттарды 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынуға міндетті;
6) Шарт бұзылған күнге мемлекет сыйлықақысының пайдаланылған сомасын қайтаруды жүзеге асыру жоғарыда көрсетілген сома сатып алу сомасынан асып кеткен жағдайда.
34. Сақтанушы (Пайда алушы) Қатысушы-сақтандыру ұйымын сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар етуге және Сақтанушы қайтыс болған жағдайда – жағдай басталған күннін бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік берілген жағдайда сақтандыру жағдайы басталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жағдайдың басталғанын растайтын құжаттарды қағаз немесе электрондық форматта ұсынуға міндетті.
35. Шарттың 11-тармағының 1) тармақшасында көзделген "сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғалу мерзімі аяқталғанға дейін өмір сүруі" сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтанушы/Пайда алушы Қатысушы- сақтандыру ұйымына Шарттың 14-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуға міндетті.
36. Шарттың 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген "сақтандырылушының сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде бірінші немесе екінші топтағы мүгедек болып танылуы" сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтанушы/Пайда алушы мына құжаттарды Қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынуға міндетті:
1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға туралы хабарлама;
2) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бірінші немесе екінші топтағы мүгедектікті белгілеу туралы анықтамасының көшірмесі;
3) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының көшірмесі (медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілгенге дейін берілген);
4) ауру тарихынан үзінді;
5) егер құқық қорғау органдары сақтандырылушының басынан өткен оқиға (жазатайым оқиға) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қараса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы құқық қорғау органдарынан сақтанушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенін тіркеу фактісі туралы анықтаманы, ал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген жағдайда – қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны немесе сот үкімін талап етуге құқылы.
37. Шарттың 11-тармағының 3) тармақшасында көзделген "сақтандыру арқылы қорғау қолданылған кезеңде сақтанушының қайтыс болуы" сақтандыру жағдайы туындаған кезде Пайда алушы/Заңды өкіл Қатысушы-сақтандыру компаниясына мына құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) сақтандыру жағдайының белгілері бар оқиға туралы хабарлама;
2) қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
3) Сақтанушының қайтыс болуы туралы медициналық анықтаманың көшірмесі (қайтыс болу себебін көрсете отырып);
4) ауру тарихынан үзінді;
5) егер құқық қорғау органдары Сақтандырылушының басынан өткен оқиға (жазатайым оқиға) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселені қараса, Қатысушы-сақтандыру ұйымы құқық қорғау органдарынан Сақтандырылушының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргенін тіркеу фактісі туралы анықтаманы, ал сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде (СДТБТ) тіркелген жағдайда – қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны немесе сот үкімін талап етуге құқылы;
6) осы құжатты берген заңды тұлғаның мөрімен және қолымен куәландырылған химиялық-токсикологиялық зерттеу нәтижелері бар сот-медициналық сараптама немесе өлімнің себептері мен жағдайлары туралы патоанатомиялық зерттеу қорытындысының көшірмесі (егер сараптама немесе зерделеу Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген).
Пайда алушы (Заңды өкіл) сақтандыру жағдайының басталғанын растайтын құжаттарды ұсынбаған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Пайда алушыдан (Заңды өкілден) сақтандыру жағдайы туралы хабарламаны алған күннен бастап 35 (отыз бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сақтандыру жағдайы басталған кезде Пайда алушыға (Заңды өкілге) құжаттардың жетіспейтіні туралы хабарлама жібереді.
7-тарау. Шартты өзгерту және бұзу шарттары
38. Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар тараптардың келісімі бойынша Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізіледі және жазбаша нысанда ресімделуі тиіс.
39. Сақтанушы мыналарға өтініш беру арқылы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар енгізуге құқылы:
1) Пайда алушыны ауыстыруға;
2) Сақтанушының (Сақтандырылушының) және (немесе) Пайда алушының дербес деректерін өзгертуге;
3) сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері мен төлеу мерзімдерін өзгертуге (сақтандыру жарналары – сақтандыру сыйлықақысын бөліп төлеу кезінде);
4) Қатысушы-сақтандыру компаниясының келісімімен Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өзге де өзгерістерге.
40. Сақтанушының Шартқа өзгерістер енгізу туралы өтініші оны Қатысушы сақтандыру компаниясы қабылдағаннан және ол барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
41. Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шартқа қандай да бір өзгертулер енгізумен келіспеген жағдайда, ол Сақтанушының өтінішін және (немесе) қосымша құжаттарды, егер олар сұратылған болса, алғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға тиісті бас тартуды жібереді. Бұл ретте, сондай-ақ Қатысушы-сақтандыру ұйымына сұратылған құжаттардың қайсыбірі ұсынылмаған жағдайда, келісімге қол жеткізілді деп есептелмейді және Шартқа өзгерістер енгізілмейді. Келісім бұрынғы шарттарда қолданысын жалғастырады.
42. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандыру полисінің әрбір жылдығында сақтандыру сомасының мөлшерін, Шартқа қосымшаға сәйкес сатып алу сомаларын сақтандырудың өткен жылға нақты алынған сақтандыру жарналарын (аванстық төлемдерді қоса алғанда) негізге ала отырып, Қағидаларда белгіленген тәртіппен, Шартқа өзгертулер енгізу арқылы қайта есептейді.
43. Қатысушы сақтандыру ұйымы енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында және (немесе) Сақтанушының жеке кабинетінде орналастыра отырып, Қағидалардың шарттарын толықтыруға немесе өзгертуге құқылы.
Сақтанушы Қағидаларға енгізілген өзгертулермен және толықтырулармен келіспеген жағдайда Қағидалар орналастырылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде Шартты бұзу туралы өтінішпен Қатысушы-сақтандыру ұйымына жүгінуге құқылы.
44. Сақтанушы Қатысушы-сақтандыру ұйымын алдын ала жазбаша хабардар ете отырып, Шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы.
Сақтандыру сыйлықақысы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 842-бабына сәйкес қайтарылады.
45. Сақтанушы/Пайда алушы немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен оның заңды өкілі Шарт бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шартты іс жүзінде бұзу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде Сақтанушыны хабардар ете отырып, біржақты тәртіппен Шартты бұзады. Бұл ретте Шарт бойынша сатып алу сомасы Сақтанушыға бірінші талап ету бойынша төленеді, оператордың өтініші бойынша мемлекет сыйлықақысы оператор арқылы республикалық бюджетке қайтарылады.
46. 14 жасқа толмаған кәмелетке толмаған пайда алушының заңды өкілінің бастамасы бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзуға Қатысушы-сақтандыру ұйымына кәмелетке толмаған пайда алушының атынан заңды өкілдік ету құқығын куәландыратын құжаттарды (қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан құжаттар және басқалар) ұсынған кезде жол беріледі.
47. Тараптар қол қойған Шарт білім беру сақтандыру шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелуге жатады. Сақтанушының/Пайда алушының Заңның және Шарттың талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты оператор Шартты білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркеуден бас тартқан жағдайда Шарт оператордың тіркеуден бас тарту туралы хабарламасын алған күннен бастап бұзылады, Сақтанушы төлеген ақша сомасын Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шарт бұзылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ешқандай комиссиялық алымдарсыз төлейді.
8-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
48. Сақтандыру төлемі Шартта белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаған жағдайда Қатысушы-сақтандыру ұйымы Сақтанушыға/Пайда алушыға мерзімі өткен әрбір күнге сақтандыру төлемінің сомасынан 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызы мөлшерінде өсімпұл төлейді.
49. Сақтанушы сақтандыру жарнасын (біріншісін қоспағанда) хабарламада көрсетілген мерзімде төлемеген жағдайда, Қатысушы-сақтандыру ұйымы Шарт бойынша кірістілік мөлшерлемесінің, төленбеген сақтандыру жарнасы мен 365-ке (үш жүз алпыс бес) мерзімі өткен күндер санының көбейтіндісіне қатынасы ретінде есептелген тұрақсыздық айыбын талап етуге құқылы не Шарт азайтылған сақтандыру сомасы шегінде өз қолданысын жалғастырады.
50. Тараптар Шарт бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікте болады.
51. Тұрақсыздық айыбының (өсімпұл, айыппұл) сомасын төлеу Тараптарды Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудан босатпайды.
9-тарау. Дауларды шешу тәртібі
52. Шартты жасау және орындау үдерісінде туындайтын немесе оған байланысты барлық келіспеушіліктер мен дауларды Тараптар келіссөздер арқылы бірлесіп қарауға міндеттенеді. Туындаған даулы мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілмеген жағдайда дау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сот тәртібімен қаралады.
10-тарау. Қорытынды ережелер
53. Шартқа кез келген өзгерістер мен толықтырулар Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте, жағдайларда және нысанда енгізіледі.
54. Шартта көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, тиісті тарап басқа тарапты жеті жұмыс күні ішінде мұндай өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
55. Шартпен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қағидаларды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
56. Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.
57. Шарттың барлық қосымшалары оның ажырамас бөліктері болып табылады.
11-тарау. Сақтандыру агенті
12-тарау. Тараптардың мекенжайлары және деректемелері
Білім беру жинақтау | |
сақтандыруының үлгілік шартына қосымша |
Сатып алу сомаларының кестесі *
Сақтандыру жылы | Сатып алу сомасы, теңге |
* Сатып алу сомасының мөлшері көрсетілген күндерге дейін барлық сақтандыру жарналарының (сақтандыру сыйлықақысының) толық төленгені ескеріле отырып, әрбір сақтандыру жылының аяқталу күніне қалыптасқан жағдай бойынша осы Қосымшада көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 Бірлескен бұйрыққа 3-қосымша |
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы банк арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім
Астана қаласы | "___" ____20___ ж. |
Бұдан әрі "оператор" деп аталатын ______________________________________атынан
(оператордың атауы)
_______________________________________________________ негізінде әрекет етуші
(тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
______________________________________________________ бір тараптан, бұдан әрі
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
"қатысушы банк" деп аталатын _______________________________________________
(банктің атауы)
атынан __________________________________________________________________
(тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
негізінде әрекет етуші ______________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1-тарау. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар
1. Келісімде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) банктік шот – клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы ақшасының қозғалысын, сондай-ақ клиентке банк қызметін көрсету бойынша клиент пен банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым арасындағы шарттық қатынастарды көрсету және есепке алу тәсілі;
2) білім беру жинақтау салымы (бұдан әрі – салым) – салымшының немесе енгізушілердің жарналарын, қатысушы банктің капиталдандырылған сыйақылары мен мемлекет сыйлықақысын қамтитын, салымшының қатысушы банк шотындағы ақшасы;
3) білім беру жинақтау салымы туралы шарт (бұдан әрі – салым шарты) – салымшы қатысушы банкпен жасасқан, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтауға арналған банктік салым шарты;
4) білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын салым шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
5) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
7) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
8) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
9) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;
10) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетіспеген сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;
11) қатысушы банк – Заңда белгіленген талаптарға сай келетін және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
12) мемлекет сыйлықақысы - білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық табысты және мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
14) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі – оператор) – білім беру саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
15) салымшы – салым шартының тарапы болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматы;
16) салымшылардың басым санаты – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес көтермеленген мемлекет сыйлыақысы есептелетін азаматтар санаты.
2-тарау. Келісімнің мәні
2. Қатысушы банк салымшылардан немесе енгізушілерден жарналарды қабылдайды, салымшылардың банктік шоттарына сыйақыны есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын есептеп аударады, ал оператор білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымдарға есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы банкке ұсынады.
3-тарау. Ынтымақтастықтың шарттары және тәртібі
3. Салым шарты кемінде үш жылға жасалады, ол мерзім аяқталғаннан кейін салым шартының қолданылу мерзімі ұзартылады не қалған ақша аударыла отырып, салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкпен жасалады. Салымдар теңгеде ашылады.
4. Бір салымшының атынан немесе оның пайдасына бір ғана салым шарты жасалады.
5. Салымшының салым шартының және Заңның талаптарына сай келмеуіне байланысты оператор салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда салым шарты бұзылады, жинақ шоты жабылады, енгізілген бастапқы жарна сомасы сыйақыны есепке жазбай және төлемей, салым шарты мерзімінен бұрын бұзылғаны үшін комиссия ұстамай, салымшыға және (немесе) заңды өкілге бірінші талабы бойынша төленеді.
6. Оператор жасалған әрбір салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салым шартына жүргізіледі.
7. Мемлекет сыйлықақысын алғаннан кейін қатысушы банк екі жұмыс күні ішінде сыйлықақыны салымшылардың банктік шоттарына есепке жазады. Салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы салымның негізгі сомасына қосылады (капиталдандырылады). Мемлекет сыйлықақысын уақтылы есепке жатқызбаған жағдайда қатысушы банк салымшыға мерзімі өткен әрбір күн үшін орындалмаған міндеттемелер сомасының мөлшерінен 0,1 % мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
8. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген салым шарты бойынша салым сомасының нақты жинақталған қалдығына, жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепке жазылады. Мемлекет сыйлықақысы салым шартының қолданылу мерзіміне, бірақ мемлекет сыйлықақысы есептелген бірінші жылдан бастап жиырма жылға дейін ғана есепке жазылады.
9. Мемлекет сыйлықақысы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есептеледі. Заңдағы мемлекет сыйлықақысының мөлшері өзгерген жағдайда оператор қатысушы банктерді жазбаша түрде хабардар етеді.
10. Салымшылардың басым санатына арналған мемлекет сыйлықақысы тиісті жылы салымшының басым санатқа жататыны расталатын айлар үшін есепке жазылады.
11. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
1) нысаналы мақсаты сақталмай, салым шарты салымшының бастамасы бойынша бұзылған немесе мерзімінің өтуіне байланысты салым шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
2) салымшы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде салымшы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген;
3) жинақтау мерзімі Заңда белгіленген мерзімге жетпей тұрып салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының төлену фактісі анықталған жағдайларда бюджетке қайтарылуға жатады.
12. Салымшы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы "Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 33245 болып енгізілді) бекітілген мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес бюджетке қайтаруға жатады.
13. Мемлекеттің сыйлықақыны артық есептеу фактісі анықталған жағдайда мемлекет сыйлықақысының артық есептелген сомасы бюджетке қайтаруға жатады.
14. Келісімнің 11-тармағының 2) және 3) тармақшаларында және 12, 13-тармақтарында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде олар туралы қатысушы банкке хабарлайды.
15. Салым қаражаты барлық оқу кезеңі үшін оқу ақысын төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда салымшы жинақтау мерзімі аяқталған кезде "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32398 болып тіркелген) және "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33581 болып тіркелген) бекітілген қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларына сәйкес білім беру кредиттерін алу үшін қатысушы банкке жүгінуге құқылы.
Білім беру кредиті салымшыға жинақталған соманың мөлшері оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кемінде елу пайызын құраған жағдайда мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.
4-тарау. Білім беру жинақтау салымын аудару шарттары
16. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі салымның ақшасын бір қатысушы банктен екінші қатысушы банкке толық көлемде жылына бір рет қана аударуды жүзеге асыруға құқылы.
Қаражатты бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке салымшы тарапынан қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттың талаптарын бұзу болып есептелмейді. Бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы бастапқы салым шартының жасалу күні ескеріле отырып есепке жазылады.
17. Салымшы не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкілі жинақталған қаражат сомасын есепке жазылған мемлекет сыйлықақысымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын үшінші тұлғаның атындағы білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркелген салымға аударуға құқылы. Үшінші тұлғалардың салымдарынан аудару кезінде түскен мемлекет сыйлықақысы Заңның 14-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда қайтаруға жатады.
18. Салымды аударуды жүзеге асыру үшін салымшы аударудың тараптары болып табылатын қатысушы банктерге жүгінеді. Қатысушы банктер оператормен келіскеннен кейін салымды аударуды жүзеге асырады.
19. Бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке аудару және үшінші тұлғаның атына аудару кезінде салымшыға не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда оның заңды өкіліне қаражат берілмейді.
20. Мемлекет сыйлықақысының есептелуіне байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында салымды бір қатысушы банктен басқа қатысушы банкке және үшінші тұлғаның атына аударуға жол берілмейді.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
21. Қатысушы банк:
1) оператордан әрбір жасалған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақыларының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынумен мемлекет сыйлықақысының уақтылы есепке жатқызылуын талап етуге;
2) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан білім беру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберіндегі өзге де ақпаратты талап етуге;
3) салымшылар, банк шоттарының жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен оның сомасы туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені интеграциялауға;
4) салым шартын жасасу кезінде салым шартының талаптарын, қатысушы банк сыйақысының мөлшері және мемлекет сыйлықақысының төлену және қайтарылу тәртібін түсіндіреді.
22. Оператор:
1) қатысушы банктен салым шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, білім беру қызметтерінің құны мен төленуіне, білім алушының мәртебесіне, білім беру ұйымындағы, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымдарындағы төлеміне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;
2) жасалған салым шарттарын тіркеуді және олардың есебін жүргізуді жүзеге асыруға;
3) қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақылары сомасының бюджетке толық және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуге;
4) қатысушы банк Заңның 15-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда Келісімді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға, сондай-ақ салымшылардың ақшасын салымшының таңдауы бойынша басқа қатысушы банкке аударуды талап етуге құқылы.
23. Қатысушы банк:
1) қатысушы банк Заңның 15-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды;
2) Заңда көрсетілген талаптарды ескере отырып, салым шарттарын жасасады;
3) оператор салым шартын тіркеуі үшін салым шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 17:00-ден (Астана қаласының уақытымен) кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мына деректерді жібереді:
салымшының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
салым шартының нөмірі;
салым шартының жасалу күні;
салым шарты бойынша жинақ шотының нөмірі;
салым шарты бойынша бастапқы жарнаның сомасы;
өңір және банктің бөлімшесі;
4) салыстырып тексеру мақсатында оператордың сұратуы бойынша мына құжаттардың/мәліметтердің көшірмелерін қағаз немесе электронды форматта ұсынуға:
салымшының жеке куәлігі;
салым шарты;
салымшының оқитындығын растау;
салым қаражатын білім беру ұйымының банк шотына аудару негіздемесі;
мемлекет сыйлықақысының төленуімен салымдарды алуға негіздеме;
5) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейін операторға салымшылар (банк шоттарының жай-күйі, салымшылар ақшасының қозғалысы), мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы туралы мәліметтерді ұсынады;
6) салымдар бойынша сыйақыны уақтылы және толық көлемде есепке жазады;
7) салым шартын жасасу кезінде салымшының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы салымшының атына ашылған қолданыстағы басқа салым шартының жоқтығын тексереді;
8) Келісімнің 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда оператордан анықтама-үзінді алған күннен бастап үш күн ішінде, операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады;
9) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды салымдарға есепке жатқызады;
10) салымшы білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданғандығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайға бір жұмыс күні ішінде салымнан қаражатты тиісті білім беру ұйымының (шетелдік білім беру ұйымының) банктік шотына аударады;
11) операторға хабарлай отырып, білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына қаражат аудару бойынша барлық шығыс операцияларын жүргізеді;
12) салым бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін тікелей мемлекет сыйлықақысынан комиссия ұстамайды;
13) мемлекет сыйлықақысын есепке жазу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарына дейін операторға ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір салымшының салымындағы нақты жинақталған қалдық сомасы туралы ақпарат береді.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтер/ақпарат мемлекеттік деректер қорларында болған жағдайда Оператор мұндай мәліметтерді/ақпаратты өз бетінше алуға құқылы.
24. Оператор:
1) қатысушы банк ұсынған Заң талаптарына сәйкес келетін салым шарттарын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінде тіркейді және оларға тіркеу нөмірін береді;
2) қатысушы банкке бір жұмыс күні ішінде салымшының атында тіркелген салым шартының бары не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;
3) қатысушы банктен салымның жабылуы туралы құжаттарды не салымшының шетелдік білім беру ұйымына қабылдануы туралы растау құжаттарын алғаннан кейін салым шартын білім беру жинақтау салымы туралы шарттардың бірыңғай тізілімінен шығарады;
4) салымға есепке жатқызуға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомаларын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы банкке ұсынады;
5) қатысушы банктің мемлекет сыйлықақыларының сомасын салымдарға есепке жазу мерзімдерін сақтауын мониторингілеуді жүзеге асырады;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органдардан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасалған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, мемлекет сыйлықақысын қатысушы банкке есептеуді жүргізеді;
7) бір жылда екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушы банктің Заңмен МБЖЖ-ға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындауы туралы мәліметті жариялайды;
8) Заңмен және (немесе) ынтымақтастық туралы келісіммен оларға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салымшыны, қатысушы банкті, білім беру ұйымын жауапкершілікке тарту үшін шаралар қолданады;
9) салымшыға, қатысушы банкке бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-көшірмені береді;
10) Заңда белгіленген жағдайларда қатысушы банктің немесе білім беру ұйымының бюджетке мемлекет сыйлықақыларының сомасын толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;
11) салымшының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда салымшымен салым шартын бұзу қажеттілігі туралы қатысушы банкті хабардар етеді.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
25. Тараптар Келісім бойынша қабылдаған міндеттерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікті тартады.
26. Өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
27. Егер тараптар келіссөздер арқылы өзара қолайлы келісімге келе алмаса, бұл тараптардың Келісімге байланысты және қатысты туындайтын дауларды (келіспеушіліктерді) Қазақстан Республикасының соттарында қарау туралы келісімге келгенін білдіреді.
7-тарау. Құпиялылық
28. Тараптар Келісімнің шеңберінде алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.
8-тарау. Форс-мажор
29. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.
30. Шарттың 29-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген мәселе уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.
31. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.
9-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі
32. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
33. Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Келісімде көзделген шарттарда бұзылуы мүмкін.
34. Келісімді мерзімінен бұрын бұзуға тараптардың Келісімі бойынша не Келісімде және Заңда көзделген шарттарды сақтай отырып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша жол беріледі.
35. Тараптар кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын басқа тарапты жазбаша түрде хабардар ете отырып, бір жақты соттан тыс тәртіппен Келісімді бұзу рәсіміне бастамашылық етуге құқылы.
10-тарау. Қорытынды ережелер
36. Тараптар хат-хабарды жөнелту бойынша шығыстарды дербес жүргізеді. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен жүзеге асыра алады.
37. Келісім жасалған жағдайда тараптар екі жақты келісім бойынша нақтылау сипатында, осы қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына қайшы келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
38. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және оларға қол қою арқылы жүзеге асырылады.
39. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап ақпарат өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басқа тарапты мұндай өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
40. Келісіммен реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
41. Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
42. Келісімге барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 Бірлескен бұйрыққа 4-қосымша |
Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор мен қатысушы-сақтандыру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім
Астана қаласы | "___" ____20___ ж. |
Бұдан әрі "оператор" деп аталатын _____________________________________ атынан
(оператордың атауы)
_______________________________________________________ негізінде әрекет етуші
(тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
_____________________________________________________ бір тараптан, бұдан әрі
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
"қатысушы-сақтандыру ұйымы" деп аталатын __________________________________
(сақтандыру ұйымының атауы)
атынан ___________________________________________________________________
(тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
негізінде әрекет етуші ______________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1-тарау. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар
1. Келісімде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) білім беру жинақтау сақтандыруы – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде, оның ішінде білім беру жинақтау сақтандыруы шартында белгіленген кезең өткеннен кейін, қайсысы бірінші басталатынына қарай, сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін, білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаражат жинақтау мақсатында жүзеге асырылатын өмірді жинақтау сақтандыруы;
2) білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімі – оператор мемлекет сыйлықақысын есепке жазатын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарын тіркеудің бірыңғай базасы;
3) білім беру жинақтау сақтандыруы шарты (бұдан әрі – сақтандыру шарты) – өмірді жинақтау сақтандыруы шарты, оған сәйкес бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (қатысушы-сақтандыру ұйымы) сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде сақтандыру төлемін, оның ішінде есепке жазылған инвестициялық табысты негізге ала отырып есептелген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді;
4) білім беру қызметтері – білім беру ұйымының білім алушыға жеке адамның білім алу қажеттіліктерін іске асыруға және білім беру бағдарламаларын меңгеруге бағытталған қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметі;
5) білім беру саласындағы уәкілетті органдар – Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары;
6) білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және әрекет ететін, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлға;
7) кредитор – банктік қарыз операцияларын жүргізуге лицензиясы бар және мемлекет уәкілеттік берген ұйымның кепілдігімен білім беру кредиттерін ұсыну туралы келісім жасасқан Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі;
8) кредиттік желі – қарыз алушыға кредитордың білім беру кредиті шартында айқындалған уақыт ішінде келісілген лимит шегінде оған ақша беру жөніндегі заңды түрде ресімделген міндеттемесін ұсыну;
9) қарыз алушы – білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін жетіспеген сомаға кредитормен білім беру кредиті шартын жасасқан салымшы;
10) қатысушы-сақтандыру ұйымы – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператормен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді жасасқан заңды тұлға;
11) мемлекет сыйлықақысы – білім беру жинақтау салымының нақты жинақталған қалдығына және сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына бюджет қаражаты есебінен жыл сайын белгіленген мерзімде төленетін ақша;
12) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін және қатысушы банктердің халықтың салымдарын, қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарды) тартуына және оларға тиісінше сыйақыларды, инвестициялық табысты және мемлекет сыйлықақыларын есепке жазуға негізделген, білім беру қызметтеріне ақы төлеуге арналған ақшалай жинақтар жүйесі;
13) Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы оператор (бұдан әрі - оператор) – білім беру саласындағы уәкілетті органдардың бірлескен шешімімен айқындалатын, Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі қатысушыларының қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын және оның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйым;
14) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға;
15) пайда алушылардың басым санаты – Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес көтермеленген мемлекет сыйлыақысы есептелетін азаматтар санаты;
16) сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасы – сақтандыру шарты бойынша сыйлықақыны (жарналарды), инвестициялық табысты, өткен кезеңдердегі есепке жазылған мемлекет сыйлықақыларын ескере отырып, сақтандыру шарты бойынша қалыптасқан сақтандыру резервін негізге ала отырып айқындалатын және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен есептелетін мемлекет сыйақысын есептеу үшін қабылданатын сома;
17) сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі (бұдан әрі – сақтандыру төлемі) – сақтандыру жағдайының туындауы нәтижесінде не сақтандыру шартында айқындалған мерзім басталған кезде, пайдасына сақтандыру шарты жасалған адамның білім алу қызметтеріне (пайда алушыға) ақы төлеу үшін сақтандыру шартында көзделген, оның ішінде сақтандыру сыйлықақысын (жарналарын), инвестициялық табысты, мемлекет сыйлықақысын қамтитын және қатысушы-сақтандыру ұйымы төлейтін ақша сомасы;
18) сақтанушы – пайда алушының ата-анасы, қамқоршысы, заңды өкілі болып табылатын және қатысушы-сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасқан адам (Заңға сәйкес сақтанушы сақтандырылушы болып табылады);
19) сатып алу сомасы – сақтанушының сақтандыру шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде алуға құқығы бар, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен айқындалатын ақша сомасы.
2-тарау. Келісімнің мәні
2. Қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтанушылардан сақтандыру сыйақысын (бөліп төлеу арқылы сақтандыру сыйақысын төлеу кезінде сақтандыру жарналарын) қабылдайды, сақтандыру шарты бойынша есептеу сомасына инвестициялық табысты есепке жазады және мемлекет сыйлықақысын есептеп аударады, ал оператор білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелген сақтандыру шарттарына есептелуге жататын мемлекет сыйлықақысының сомасын толық есептеуді жүзеге асырады және оны қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады.
3-тарау. Ынтымақтастықтың шарттары және тәртібі
3. Сақтандыру шарты кемінде үш жылға жасалады. Сақтандыру шартының валютасы теңге болып табылады.
4. Бір пайда алушының атынан немесе оның пайдасына бір ғана сақтандыру шарты жасалады.
5. Пайда алушының сақтандыру шартының және Заңның талаптарына сай келмеуіне байланысты оператор сақтандыру шартын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізіліміне тіркеуден бас тартқан жағдайда сақтандыру шарты бұзылады, сақтандыру жарнасы немесе сақтандыру сыйлықақысының сомасы сыйақыны есепке жазбай және төлемей, сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылғаны үшін комиссия ұстамай, сақтанушыға сақтандыру шартында белгіленген мерзімде қайтарылуға жатады.
6. Оператор жасалған әрбір сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы-сақтандыру ұйымына мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды жыл сайынғы негізде жүзеге асырады. Мемлекет сыйлықақысын есепке жазу білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркелген сақтандыру шартына жүргізіледі.
7. Мемлекет сыйлықақысын алғаннан кейін қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде мемлекет сыйлықақысын сақтандыру шарттарына есепке жазады. Сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына қосылады. Қатысушы-сақтандыру ұйымы мемлекет сыйлықақысын уақтылы есепке жатқызбаған жағдайда қатысушы-сақтандыру ұйымы пайда алушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін сақтандыру шарты бойынша уақтылы есепке алынбаған мемлекет сыйлықақысының сомасынан 0,1 % мөлшерінде өсімпұл төлеуге міндетті.
8. Мемлекет сыйлықақысы тіркелген сақтандыру шарты бойынша есеп сомасына, жинақтаудың ең қысқа мерзімі бір жыл болған кезде 1 қаңтардағы жағдай бойынша есепке жазылады. Мемлекет сыйлықақысы сақтандыру шартының қолданылу мерзіміне, бірақ мемлекет сыйлықақысы есептелген бірінші жылдан бастап жиырма жылға дейін ғана есепке жазылады.
9. Мемлекет сыйлықақысы Заңның 13-бабында көзделген мөлшерде есептеледі. Заңдағы мемлекет сыйлықақысының мөлшері өзгерген жағдайда оператор қатысушы-сақтандыру ұйымдарын жазбаша түрде хабардар етеді.
10. Пайда алушылардың басым санатына арналған мемлекет сыйлықақысы тиісті жылы пайда алушының басым санатқа жататыны расталатын айлар үшін есепке жазылады.
11. Есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы:
1) инвестициялық кіріс және есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы ескерілген сатып алу сомасының басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударылуына байланысты шарт бұзылған жағдайды қоспағанда, сақтандыру шарты сақтанушының бастамасы бойынша бұзылған немесе нысаналы мақсаты сақталмай мерзімінің өтуіне байланысты сақтандыру шарты бойынша міндеттемелер тоқтатылған;
2) пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жыл өткен, егер осы үш жыл ішінде пайда алушы оқудан шығарылған білім беру ұйымына қайта қабылданбаған не басқа білім беру ұйымына оқуға түспеген.
12. Пайда алушы Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда есепке жазылған мемлекет сыйлықақысы "Мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы № 374 және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 2 тамыздағы № 243 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 33245 болып енгізілді) бекітілген мемлекет сыйлықақысын есептеу әдістемесіне сәйкес бюджетке қайтаруға жатады.
13. Мемлекеттің сыйлықақыны артық есептеу фактісі анықталған жағдайда мемлекет сыйлықақысының артық есептелген сомасы бюджетке қайтаруға жатады.
14. Келісімнің 11-тармағының 2) тармақшасында, 12 және 13-тармақтарында көрсетілген фактілер анықталған жағдайда оператор үш жұмыс күні ішінде олар туралы қатысушы-сақтандыру ұйымына хабарлайды.
15. Сақтандыру төлемі барлық оқу кезеңі үшін оқу ақысын төлеуге жеткіліксіз болған жағдайда пайда алушы жинақтау мерзімі аяқталған кезде "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 189 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32398 болып тіркелген) және "Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 24 қазандағы № 320 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33581 болып тіркелген) бекітілген қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттеріне кепілдік беру және осындай кепілдік мөлшерін айқындау қағидаларына сәйкес білім беру кредиттерін алу үшін қатысушы банкке жүгінуге құқылы.
Білім беру кредиті пайда алушыға жинақталған соманың мөлшері оқу ақысын толық көлемде төлеу үшін қажетті соманың кемінде елу пайызын құраған жағдайда мемлекет уәкілеттік берген ұйымның жүз пайыз кепілдігімен беріледі.
4-тарау. Сатып алу сомасын аудару шарттары
16. Сақтанушы сатып алу сомасын сақтандыру шарты бойынша инвестициялық табыс пен есепке жазылған мемлекет сыйлықақысын есепке ала отырып, бірақ сақтандыру шарты жасалған күннен бастап екі жылдан ерте емес, бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан екінші қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды жүзеге асыруға құқылы.
Қаражатты бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аудару сақтанушы тарапынан қатысушы-сақтандыру ұйымы мен сақтанушы арасындағы сақтандыру шартының талаптарын бұзу болып есептелмейді, бұл жағдайда мемлекет сыйлықақысы бастапқы сақтандыру шартының жасалу күндері ескеріле отырып есепке жазылады.
17. Сатып алу сомасын аударуды жүзеге асыру үшін сақтанушы аударудың тараптары болып табылатын қатысушы-сақтандыру ұйымдарына жүгінеді. Қатысушы-сақтандыру ұйымдары оператормен келіскеннен кейін сатып алу сомасын аударуды жүзеге асырады.
18. Бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушыға аудару және үшінші тұлғаның атына аудару кезінде сақтанушыға қаражат берілмейді.
19. Мемлекет сыйлықақысының есептелуіне байланысты әрбір күнтізбелік жылдың 1 қаңтары мен 28 ақпаны аралығында бір қатысушы-сақтандыру ұйымынан басқа қатысушыға және үшінші тұлғаның атына аударуға жол берілмейді.
5-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
20. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:
1) оператордан әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақыларының мөлшері туралы мәліметтерді ұсынумен мемлекет сыйлықақысының уақтылы есепке жатқызылуын талап етуге;
2) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан білім беру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберіндегі өзге де ақпаратты талап етуге;
3) сақтанушылар және (немесе) пайда алушылар туралы, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы мен оның сомасы туралы мәліметтерді алмасу жұмысын оңтайландыру мақсатында оператормен тиісті ақпараттық жүйені интеграциялауға;
4) сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру шартының талаптарын, инвестициялық табыстың мөлшері және мемлекет сыйлықақысының төлену және қайтарылу тәртібін түсіндіруге құқылы.
21. Оператор:
1) қатысушы-сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартының жасалуына, оның қолданысына, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуына, білім беру қызметтерінің құны мен төленуіне, білім алушының мәртебесіне, білім беру ұйымындағы, оның ішінде шетелдік білім беру ұйымдарындағы төлеміне қатысты қажетті мәліметтерді сұратуға;
2) жасалған сақтандыру шарттарын тіркеуді және олардың есебін жүргізуді жүзеге асыруға;
3) қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе білім беру ұйымының мемлекет сыйлықақылары сомасының бюджетке толық және уақтылы қайтарылуын қамтамасыз етуге;
4) қатысушы-сақтандыру ұйымы Заңның 18-1-бабының 2-тармағында қойылған талаптарды орындамаған жағдайда Келісімді орындаудан біржақты тәртіппен бас тартуға, сондай-ақ сақтанушылардың сатып алу сомаларын сақтанушының таңдауы бойынша басқа басқа қатысушы-сақтандыру ұйымына аударуды талап етуге құқылы.
22. Қатысушы-сақтандыру ұйымы:
1) қатысушы-сақтандыру ұйымы Заңның 18-1-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін растайды;
2) Заңда көрсетілген талаптарды ескере отырып, сақтандыру шарттарын жасасады;
3) оператор сақтандыру шартын тіркеуі үшін сақтаyдыру шарты жасалғаннан кейінгі келесі жұмыс күні сағат 17:00-ден (Астана қаласының уақытымен) кешіктірмей операторға электрондық түрде не пошта арқылы мына деректерді жібереді:
сақтанушының, пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);
сақтандыру шартының нөмірі;
сақтандыру шартының жасалу күні;
сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру сыйлықақысының сомасы;
4) салыстырып тексеру мақсатында оператордың сұратуы бойынша мына құжаттардың/мәліметтердің көшірмелерін қағаз немесе электронды форматта ұсынуға:
сақтанушының, пайда алушының жеке куәлігі;
сақтандыру шарты;
пайда алушының оқитындығын растау;
сақтандыру төлемін білім беру ұйымының банк шотына аудару негіздемесі;
мемлекет сыйлықақысының төленуімен сақтандыру төлемін алуға негіздеме;
5) тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың онына дейін операторға сақтанушылар, пайда алушылар, мемлекет сыйлықақысының есепке жазылуы және сомасы туралы мәліметтерді ұсынады;
6) сақтандыру шарты бойынша инвестициялық табысты уақтылы және толық көлемде есепке жазады;
7) сақтандыру шартын жасасу кезінде пайда алушының Заңда белгіленген талаптарға сай келетінін, сондай-ақ оператор арқылы пайда алушының атына ашылған қолданыстағы басқа сақтандыру шартының жоқтығын тексереді;
8) Келісімнің 11 және 12-тармақтарында көрсетілген жағдайларда оператордан анықтама-үзінді алған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде операторға мемлекет сыйлықақысын қайтаруды жүзеге асырады;
9) оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде оларды сақтандыру шарттарына есепке жатқызады;
10) сақтанушы немесе пайда алушы білім беру ұйымына (шетелдік білім беру ұйымына) қабылданғандығын растайтын құжаттарды ұсынған жағдайға қатысушы-сақтандыру ұйымы бес жұмыс күні ішінде сақтандыру төлемін тиісті білім беру ұйымының банктік шотына, ал шетелдік білім беру ұйымына оқуға түскен жағдайда пайда алушының атына ашылған "эскроу шотқа" аударады;
11) операторға хабарлай отырып, білім беру ұйымына немесе шетелдік білім беру ұйымына пайда алушның атындағы "эскроу-шот" режиміндегі банктік шотқа қаражат аудару бойынша барлық шығыс операцияларын жүргізеді;
12) сақтандыру төлемі бойынша операцияларды жүзеге асырғаны үшін тікелей мемлекет сыйлықақысынан комиссия ұстамайды;
13) мемлекет сыйлықақысын есепке жазу үшін жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың оныншы қаңтарына дейін операторға ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбір пайда алушының сақтандыру шарты бойынша есеп сомасының мөлшерлері туралы ақпарат береді.
Осы тармақта көрсетілген мәліметтер/ақпарат мемлекеттік деректер қорларында болған жағдайда Оператор мұндай мәліметтерді/ақпаратты өз бетінше алуға құқылы.
23. Оператор:
1) қатысушы-сақтандыру ұйымы ұсынған Заң талаптарына сәйкес келетін сақтандыру шарттарын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінде тіркейді және оларға тіркеу нөмірін береді;
2) қатысушы-сақтандыру ұйымына бір жұмыс күні ішінде пайда алушының атында тіркелген сақтандыру шартының бары не жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;
3) қатысушы-сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартының жабылуы туралы құжаттарды не пайда алушының шетелдік білім беру ұйымына қабылдануы туралы растау құжаттарын алғаннан кейін сақтандыру шартын білім беру жинақтау сақтандыруы шарттарының бірыңғай тізілімінен шығарады;
4) сақтандыру шартына есепке жатқызуға жататын мемлекет сыйлықақыларының сомаларын есептеуді жүзеге асырады және оны тиісінше қатысушы-сақтандыру ұйымына ұсынады;
5) қатысушы-сақтандыру ұйымының мемлекет сыйлықақыларының сомасын сақтандыру шарттарына есепке жазу мерзімдерін сақтауын мониторингілеуді жүзеге асырады;
6) білім беру саласындағы уәкілетті органдардан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасалған сақтандыру шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, мемлекет сыйлықақысын қатысушы-сақтандыру ұйымына есептеуді жүргізеді;
7) бір жылда екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушы-сақтандыру ұйымының Заңмен МБЖЖ-ға қатысу үшін қойылатын талаптарды орындауы туралы мәліметті жариялайды;
8) Заңмен және (немесе) ынтымақтастық туралы келісіммен оларға қойылатын талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сақтанушыны, қатысушы-сақтандыру ұйымын, білім беру ұйымын жауапкершілікке тарту үшін шаралар қолданады;
9) сақтанушыға, пайда алушыға, қатысушы-сақтандыру ұйымына бюджетке қайтаруға жататын мемлекет сыйлықақысы сомасының мөлшері туралы анықтама-көшірмені береді;
10) Заңда белгіленген жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымының немесе білім беру ұйымының бюджетке мемлекет сыйлықақыларының сомасын толық және уақытылы қайтаруын қамтамасыз етеді;
11) пайда алушының Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу фактісі анықталған жағдайда сақтанушымен сақтандыру шартын бұзу қажеттілігі туралы қатысушы-сақтандыру ұйымын хабардар етеді.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
24. Тараптар Келісім бойынша қабылдаған міндеттерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі тарап Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген жауапкершілікті тартады.
25. Өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында тараптар арасында туындайтын барлық даулар келіссөздер арқылы шешіледі.
26. Егер тараптар келіссөздер арқылы өзара қолайлы келісімге келе алмаса, бұл тараптардың Келісімге байланысты және қатысты туындайтын дауларды (келіспеушіліктерді) Қазақстан Республикасының соттарында қарау туралы келісімге келгенін білдіреді.
7-тарау. Құпиялылық
27. Тараптар Келісімнің шеңберінде алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.
8-тарау. Форс-мажор
28. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.
29. Шарттың 28-тармағында көрсетілген мән-жайларға байланысты байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген мәселе уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.
30. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.
9-тарау. Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі
31. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
32. Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Келісімде көзделген шарттарда бұзылуы мүмкін.
33. Келісімді мерзімінен бұрын бұзуға тараптардың Келісімі бойынша не Келісімде және Заңда көзделген шарттарды сақтай отырып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша жол беріледі.
34. Тараптар кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын басқа тарапты жазбаша түрде хабардар ете отырып, бір жақты соттан тыс тәртіппен Келісімді бұзу рәсіміне бастамашылық етуге құқылы.
10-тарау. Қорытынды ережелер
35. Тараптар хат-хабарды жөнелту бойынша шығыстарды дербес жүргізеді. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтаған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланумен жүзеге асыра алады.
36. Келісім жасалған жағдайда тараптар екі жақты келісім бойынша нақтылау сипатында, осы қатысушы-сақтандыру ұйымы мен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына қайшы келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
37. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша жазбаша келісімдерді жасау және оларға қол қою арқылы жүзеге асырылады.
38. Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап ақпарат өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде басқа тарапты мұндай өзгерістер туралы хабардар етуге міндетті.
39. Келісіммен реттелмеген бөлікте тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
40. Келісім бірдей заңды күші бар төрт данада тараптардың әрқайсысы үшін қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды.
41. Келісімге барлық қосымшалар оның ажырамас бөліктері болып табылады.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 Бірлескен бұйрыққа 5-қосымша |
Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісім
Астана қаласы | 20__жылғы "____"____ |
Бұдан әрі "оператор" деп аталатын ______________________________________атынан
(оператордың атауы)
______________________________________________________ негізінде әрекет етуші
(тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
______________________________________________________ бір тараптан, бұдан әрі
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
"Білім беру ұйымы" деп аталатын ____________________________________________
(білім бері ұйымының атауы)
атынан ___________________________________________________________________
(тұлғаның өкілеттігін белгілейтін құжаттың атауы мен деректемелері)
негізінде әрекет етуші _______________________________________________________
(уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталып, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес төмендегілер туралы осы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты.
1-тарау. Осы келісімнің мәні
1. Білім беру ұйымы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) шеңберінде пайдасына білім беру жинақтау салымы туралы шарттар немесе білім беру жинақтау сақтандыруы туралы шарттар жасалған салымшылар немесе пайда алушылар үшін Заңмен көзделген білім беру бағдарламалары бойынша қызметтерді көрсетеді, ал оператор МБЖЖ қатысушыларының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады және оның МБЖЖ бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген шекте жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
2. Білім беру ұйымы білім беру жинақтау салымындағы немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері қаражатының өз мақсатында пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
2-тарау. Ынтымақтастықтың шарттары және тәртібі
3. Салымшының не оның заңды өкілінің, сақтанушының немесе пайда алушының не оның заңды өкілінің өтініші бойынша білім беру қызметтері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда үлеспен (әр академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде бір рет (барлық оқу мерзімі үшін) әр академиялық кезең немесе оқу жылы басталғанға дейін төленеді.
4. Білім беру ұйымы:
1) білім беру жинақтау салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың есебін жүргізетін және сол бойынша операторға мәліметтер беретін жауапты тұлғаны белгілейді;
2) салымдары немесе сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдері есебінен оқитындардың жеке есебін жүргізеді;
3) салымшының немесе пайда алушының оқуға қабылдануы, ауыстырылуы, академиялық демалысты ресімдеуі, академиялық демалыстан оралуы, білім беру ұйымына қайта қабылдануы, одан шығарылуы, оның ішінде оқуды бітіруіне байланысты шығарылуы туралы тиісті құжаттардың көшірмелерін жіберу арқылы олар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қатысушы банкті немесе қатысушы-сақтандыру ұйымын және операторды хабардар етеді;
4) салымшының немесе пайда алушының, сақтанушының немесе қатысушы банктің, қатысушы-сақтандыру ұйымының сұрауы бойынша анықтама берілетін күнгі қажетті академиялық кезеңге немесе оқудың толық құны жөнінде анықтама береді;
5) салымшы немесе пайда алушы басқа білім беру ұйымына ауысқан жағдайда оны қабылдаушы білім беру ұйымының шотына білім беру қызметтеріне төленген ақы қалдығын аударады, әрі үш жұмыс күні ішінде бұл жөнінде операторға хабарлайды.
3-тарау. Тараптардың құқықтары және жауапкершілігі
5. Білім беру ұйымының құқықтары:
1) оператордан Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан қатысушы банктердің немесе қатысушы-сақтандыру ұйымдарының жазбаша тізімін, сондай-ақ МБЖЖ шеңберінде басқа да ақпаратты талап ету;
2) техникалық мүмкіндіктер бар болған жағдайда меншікті ақпараттық жүйені оператордың ақпараттық жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету.
6. Оператордың құқықтары:
1) Заңда және (немесе) ынтымақтастық туралы келісімде білім беру ұйымына қойылған талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда білім беру ұйымын жауапқа тарту үшін шара қолдану;
2) білім беру ұйымынан білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың жасалуына, қолданысына, білім беру қызметтерінің құны мен төлеміне, білім алушының үлгеріміне қатысты қажетті мәліметтерді сұрату.
7. Білім беру ұйымының міндеттері:
1) оператордың сұратуы бойынша семестрлік негізде білім беру ұйымында оқитын салымшы немесе пайда алушы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;
2) салымшы немесе пайда алушы білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда оның шығарылуы туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салымшының білім беру жинақтау салымына немесе бес жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының банктік шотына білім беру қызметтеріне төленген ақының қалдығын аудару;
3) білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге аударылған қаражатты тікелей салымшыға немесе пайда алушыға (сақтанушыға) бермеу.
8. Оператордың міндеті:
1) білім беру ұйымының сұрауы бойынша сол білім беру ұйымында білім алушының атында тіркелген білім беру жинақтау салымы туралы шарттың немесе білім беру жинақтау сақтандыруы шарты бойынша шарттардың болуы не болмауы жөнінде мәлімет беру.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
9. Тараптардың әрқайсысы осы Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес жауапты.
10. Осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген даулар, не келіспеушіліктер екі жаққа да қолайлы шешімге келу мақсатында келіссөздер өткізу арқылы шешіледі.
11. Реттелмеген даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.
5-тарау. Құпиялылық
12. Тараптар осы Келісімнің аясында алған кез келген ақпаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасында қарастырылған жағдайлардың қоспағанда екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз жарияламауға міндет алады.
6-тарау. Форс – мажор
13. Еңсерілмейтін күштердің төтенше жағдайлары орын алғанда, атап айтқанда: осы Келісімге қол қойылғаннан кейін басталған және осы Келісім бойынша қандай да бір міндеттемелерді толықтай немесе жарым-жартылай орындауға кедергі келтіретін соғыс іс-қимылдары, табиғат апаттары, ереуілдер, мемлекеттік органдардың тыйым салатын және шектеу қоятын заңнамалық шешімдері болса, міндеттемелерді орындау мерзімі аталмыш жағдайлар аяқталғанша ұзартылады.
14. Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты осы Келісім бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі болмаған тарап осындай жағдайлар орнаған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей бұл жайында екінші тарапқа хабарлау тиіс. Мұндай хабарламада мәлімделген мәселе уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан құжатпен расталуы керек.
15. Төтенше жағдайлардың орын алғандығы туралы уақытында ескертпеу немесе хабарламау бұл тарапты шарттың міндеттемелерін орындау жауапкершілігінен босататын себеп ретінде оларға жүгіну құқынан айырады.
7-тарау. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі және бұзылу тәртібі
16. Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және ондағы міндеттемелер толық орындалғанша қолданылады.
17. Осы Келісім Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес және Келісімде қарастырылған талаптар бойынша бұзылуы мүмкін.
18. Келісімнің мерзімінен бұрын бұзылуына тараптардың Келісімі негізінде, немесе Келісімде қарастырылған талаптар сақталып, тараптардың бірінің бастамасы бойынша рұқсат беріледі.
19. Тараптар екінші тарапқа кем дегенде 50 (елу) күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлау арқылы бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімнің бұзылу рәсімін бастауға құқылы.
20. Білім беру ұйымы Заңының талаптарын үнемі бұзған жағдайда Оператор 10 (он) күн бұрын мүдделі тараптарға алдын ала хабарлама жолдап, бір жақты соттан тыс тәртіпте Келісімді бұзуға құқылы.
8-тарау. Қорытынды ережелер
21. Тараптар хат-хабар жіберу бойынша шығындарды өздері өтейді. Электронды құжаттар айналымы саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары сақталған жағдайда тараптар құжат айналымын электрондық сандық қолтаңба арқылы жүзеге асыра алады.
22. Осы Келісімді жасалған жағдайда тараптар екі жақты келісім бойынша нақтылау сипатында, осы қатысушы банк пен оператор арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанына қайшы келмейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
23. Осы Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісім жасалып, қол қою арқылы енгізіледі.
24. Осы Келісімде көрсетілген ақпарат өзгерген жағдайда тиісті тарап мұндай өзгерістер туралы екінші тарапқа 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.
25. Осы Келісімде реттелмеген бөлімде тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық заңнамасын басшылыққа алады.
26. Осы Келісім әр тарапқа бір данадан, бірдей заңды күші бар екі данада қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Осы Келісімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері арасында әртүрлі мәнде оқылу мүмкіндігі туындаған жағдайда Келісімнің мемлекеттік тілде жазылған нұсқасы басым мәнге ие болады.
27. Осы Келісімге қоса берілген барлық қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады.
9-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары және деректемелері
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2024 жылғы 9 қаңтардағы № 4 мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 7 Бірлескен бұйрыққа 6-қосымша |
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Білім беру ұйымымен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8386 болып тіркелген);
2. "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10610 болып тіркелген);
3. "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 452 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15847 болып тіркелген);
4. "Білім беру ұйымымен ынтымақтастық туралы үлгілік келісімнің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 198 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31272 болып тіркелген);
5. Білім беру жинақтау сақтандыруының үлгілік шартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 20 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31739 болып тіркелген);
6. "Білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты және Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 63 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 31 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31834 болып тіркелген).