ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 30 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндетті аударымы;";
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
"3-3. Ұшу экипажы мүшесінің, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру,
ұшу экипажы мүшесінің, әуе қозғалысы диспетчерінің, авиациялық станция операторының, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгі енгізу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту және авиациялық персонал куәлігін және (немесе) оның қосымшасын ауыстыру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен ақы алынады.
Төлем мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалады (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесі).";
"Авиация персоналына куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1. Ұшу экипажы мүшесінің, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру, ұшу экипажы мүшесінің, әуе қозғалысы диспетчерінің, авиациялық станция операторының, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгі енгізу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту және авиациялық персонал куәлігін және (немесе) оның қосымшасын ауыстыру "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлерінің тізбесіне сәйкес – ақылы. |
".
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті мемлекеттік корпорация немесе портал (портал арқылы берген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады) арқылы көрсету: |
";
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
". |
2. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндетті аударымы;";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын кеңейту үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалатын тәртіппен ақы алынады.
Төлем мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) анықталады (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесі).
Авиациялық оқу орталығын сертификаттау және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын кеңейту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төленгеннен кейін жүзеге асырылады.";
"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатының қолданылу аясын кеңейту "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағына және Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесіне сәйкес – ақылы. |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
3. "Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) бұйрықтарымен айқындалған тәртіп пен мөлшерде ақы алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бюджетіне төлем түскеннен кейін көрсетіледі.";
"Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
"Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) сәйкес азаматтық авиация саласындағы ұйымдар және азаматтық авиация саласындағы төлемдер тәртібі мен мөлшерлемелер бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады. |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
". |
5-қосымшадағы ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"Ескерту:
( * ) - бұл ұйым үшін міндетті емес;
(+) - талаптарға сәйкес келеді;
(-1) - қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;
(-2) - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда мерзімінде оны жою кезінде қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;
(-3) - қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АА - азаматтық авиация;
АҚҚ - авиациялық қауіпсіздік қызметі;
АҚ - авиациялық қауіпсіздік;
ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару;
ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;
ӘК - әуе кемесі;
БӨП - бақылау-өткізу пункті;
ТЖ - төтенше жағдай.".
4. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:
7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласында төлемдер алу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен төлем алынады.
Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері).
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.
7-1. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты:
жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін);
ұйым сертификатының қолданылу аясын өзгерту қажет болған жағдайда беріледі.";
9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1. Уәкілетті ұйым құжаттарды, олар келіп түскен күні тіркейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттарын беру үшін уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.";
30-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30-1. Шетелдік ұйымдардың сертификаттарын тану мынадай жұмыс түрлерін орындау кезінде талап етіледі:
1) әуе кемелеріне мерзімді техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
2) тұрақты негізде шарттар жасасу кезінде әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Ұсынылған құжаттарды қарау процесінде уәкілетті ұйым осы ұйымды сертификаттауды жүзеге асырған шет мемлекеттің авиациялық әкімшілігі берген шетелдік ұйым сертификатының жарамдылығына куәландырылады, сондай-ақ шетелдік ұйымның уәкілетті ұйымының авиациялық инспекторы (-лары) сертификаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан көшпелі тексеру жүргізеді.
Шетелдік ұйымдарды көшпелі тексеру мынадай жағдайларда талап етілмейді:
1) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде;
2) Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) немесе EASA-ға қатысушы елдердің және Ұлыбританияның авиациялық билігі сертификаттаған ұйымдарда мерзімді техникалық қызмет көрсетуді орындау кезінде.";
"Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
". |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы. |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
". |
5. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
"16-1. "Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау және жарамдылық сертификатын беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Төлемдерді алу қағидалары) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) айқындалған тәртіппен және мөлшерде ақы алынады.
Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау және жарамдылық сертификатын беру уәкілетті ұйымның бюджетіне алым енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті ұйымға портал арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:
1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеткізушімен өзара іс-қимыл жасау шарттарының электрондық көшірмелері (қызметтерді сатып алу кезінде);
2) ұшуларды жарықпен сигналдық қамтамасыз ету жүйесін ұшуларды тексерудің қолданыстағы актілерінің электрондық көшірмелері;
3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша нұсқаудың электрондық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жоспар;
4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және кәсіптік деңгейін қолдауды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
5) уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үздіксіз қадағалау жөніндегі уәкілетті ұйым жүзеге асырғаны үшін Төлемдерді алу қағидалары мен Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерде мiндеттi аударымдарды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (қайта сертификаттау кезінде).
Осы Қағидалардың осы тармағында көрсетілген растайтын құжаттардың тізбесі, егер олар аталған құжаттаманы әзірлеуге қатысқан болса, ғылыми ұйымдардың және тиісті құзыретті органдардың қорытындыларымен қоса беріледі.";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
6. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын бергені үшін (азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алғаш рет алғаны, бұрын ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын бергені, бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын бергені, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын ұзартқаны) "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары) айқындалған тәртіпте ақы алынады.
Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалған (бұдан әрі -Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері).
Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.
7. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім 483сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын анықтау (бұдан әрі – тексеру актісі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.
Портал арқылы өтініш берген кезде өтінім берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Өтініш беруші порталға Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, уәкілетті ұйым өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормалары), Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.
Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сертификаттық тексеру кезінде (дайындаушы зауыттан қабылдау кезінде) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын және азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беруге өтінім беру сәтінде қолданыста болатын мемлекеттік тіркеу кезінде жасалған оң бағалау актісі болған кезде әуе кемесін қарау жүргізілмейді.
Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу кезінде (дайындаушы зауыттан қабылдау кезінде) жасалған оң бағалау актісі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қолданылады.";
"Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне және азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларына сәйкес ақылы. |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін бюджетке алым төленгенін растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. |
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
". |
7. "Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласында төлемдер алу қағидалары) айқындалған тәртіпте төлем алынады.
Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) бұйрығымен айқындалады.
Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін сертификаттау уәкілетті ұйым бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Сертификаттау жұмыстары және үлгі сертификатын беру (Doc. 9760) "Ұшу жарамдылығы бойынша нұсқау" ИКАО құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Үлгі сертификатын алу үшін әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.
Портал арқылы жүгінген кезде, әзірлеушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Әзірлеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлігі, ұшуларды орындау құқығына куәлігі туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды әзірлеушіден талап етуге жол берілмейді.";
"Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне және азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларына сәйкес ақылы. |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
". |
8. "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен айқындалған тәртіппен төлем алынады.
Төлемақы мөлшерлемесі "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32089 болып тіркелді) (бұдан әрі - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) бекітілген Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалады.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";
"Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
". |
9. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы куәлігін беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығында белгіленген тәртіппен төлем алынады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелді).
"Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) төлемақы мөлшерлемесі айқындалады.
Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің реттік нөмірі 8-жолда көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді және азаматтық авиация саласындағы төлемдердің төленгенін растайтын құжаттарды береді.".
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды";
"Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушінің алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі (бұдан әрі – өтініш беруші) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы. |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
Порталға: |
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
". |
10. "Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарына және ұсынатын практикасына сәйкес әзірленді және ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру және "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Экипаж мүшесінің куәлігін бергені үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалған тәртіп пен мөлшерде ақы алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бюджетіне төлем түскеннен кейін көрсетіледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.";
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.
6-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ЭМК беруге кедергі болатын ақпарат жоқ болғанда көрсетілетін қызмет алушы мынадай құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жолдайды:
1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;
2) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9 x 12 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
4) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;
6) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
7) көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың электрондық көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың электрондық көшірмесі.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама ЭМК дайындығы туралы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
11. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары) айқындалған тәртіппен ақы алынады.
Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелері) айқындалады.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсетудің түрлеріне (кіші түрлеріне) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.
Бұл ретте, сертификаттың қолданылу саласын кеңейту кезінде, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерінде белгіленген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауға алым мөлшерлемесінен 10% мөлшерінде алым төлейді.
Сертификаттау жүргізу және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге сертификат беру тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалады.".
"Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
"; |
реттік нөмірі 6, 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-ден 17:30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтініш. |
". |
12. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
10-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10-2. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, жергілікті жердегі шуыл бойынша сертификат, радиостанцияға сертификат, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді бергені, әуе кемесінің кепілі туралы шартты, оған қосымша келісімді, әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі –Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесі) бұйрықтарымен айқындалған тәртіпте және мөлшерде төлем алынады.
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, әуе кемесінің кепілі туралы шартты, оған қосымша келісімді, әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Уәкілетті ұйым кепіл туралы шарттарды және (немесе) оларға қосымша келісімдерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.
Тіркеу үшін кепіл беруші немесе әуе кемесінің кепіл ұстаушысы өтініштен басқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әуе кемесінің кепілі туралы шартты және (немесе) әрбір әуе кемесі үшін оған қосымша келісімді мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжаттың көшірмесі;
2) азаматтық әуе кемесінің кепілі немесе ипотекасы туралы шарт және (немесе) оған қосымша келісім 3 данада;
3) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).";
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"38. Уәкілетті ұйым қайтарып алынбайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. Қайтарып алынбайтын өкілеттікті тіркеу үшін әуе кемесін пайдаланушы немесе уәкілетті тарап өтініштен басқа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжаттың көшірмесі;
2) қайтарып алынбайтын өкілеттіктің түпнұсқасы;
3) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | Төлем нөмірі, күні және сомасы: | №_____20___жылғы "__"______ ____теңге. |
"; |
реттік нөмір 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"; |
"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесіне сәйкес ақылы көрсетіледі. |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, жергілікті жердегі шуыл бойынша сертификат, радиостанцияға сертификат, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. |
". |
13. "Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында:
19 және 19-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші (пайдаланушы) уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес жібереді.
19-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.";
19-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19-6. Өтініш беруші "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым Заң талаптарына және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексергеннен кейін құжаттарды тартылған коммерциялық емес ұйымдарға береді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Уәкілетті ұйым техникалық комиссия берген оң Бағалау актісінің негізінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, не теріс Бағалау актісі болған жағдайда, "Аса жеңіл авиация әуе кемесін ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
29 және 29-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші (пайдаланушы) уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауға өтінімді және осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.
Жалпы техникалық талаптар ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 2250 кг аспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның куәлігіне (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростаттық әуе кемелері) қолданылады.
29-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29-1. Мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының тізбесі "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.";
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Өтініш беруші "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.
Өтініш беруші "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым құжаттардың Заңның талаптарына және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексергеннен кейін тартылған коммерциялық емес ұйымдарға береді.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің оң қорытындысы негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін ресімдейді немесе азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі теріс болған жағдайда "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"36. Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласында төлемдер алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен ақы алынады.
Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен айқындалады (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32089 болып тіркелген).
Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау азаматтық авияация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";
"Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"; |
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.";
"Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес заңды тұлғаларға (бұдан әрі-өтініш беруші) ақылы негізде көрсетіледі. |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3. | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
5. | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Экипаж мүшесінің куәлігі (бұдан әрі – ЭМК) не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-бағанында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны: Электрондық / қағаз түрінде. |
6. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрықтарына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) сәйкес азаматтық авиация саласындағы тәртіпте және мөлшерлемелер бойынша ақылы негізде көрсетіледі. |
7. | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі асқа үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін; |
8. | Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінім; |
9. | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер |
1) көрсетілетін қызметті алушы ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, соның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескерумен өзге талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурста орналастырылған: |
"Әуе айлағының (тікұшақ айлығының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | ном |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 35 (отыз бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем өлшемі және оны алу тәсілдері | Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын беру – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз |
1) сертификатты және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың дәйексіз болуын анықтау; |
10 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады. |