Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 19 қаңтарда № 33919 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрінің
2024 жылғы 17 қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Авиация персоналы куәлiктерiн беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 750 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8782 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналы куәліктерін беру және олардың қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндетті аударымы;";

      мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:

      "3-3. Ұшу экипажы мүшесінің, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру,

      ұшу экипажы мүшесінің, әуе қозғалысы диспетчерінің, авиациялық станция операторының, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгі енгізу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту және авиациялық персонал куәлігін және (немесе) оның қосымшасын ауыстыру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен ақы алынады.

      Төлем мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалады (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесі).";

      4-қосымшада:

      "Авиация персоналына куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. Ұшу экипажы мүшесінің, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру, ұшу экипажы мүшесінің, әуе қозғалысы диспетчерінің, авиациялық станция операторының, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгі енгізу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту және авиациялық персонал куәлігін және (немесе) оның қосымшасын ауыстыру "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлерінің тізбесіне сәйкес – ақылы.
2. Сыртқы пилот, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәліктерін беру, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың, ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәліктерінің қолдану мерзімін ұзарту, сыртқы пилоттың куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту – тегін.

      ".

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті мемлекеттік корпорация немесе портал (портал арқылы берген кезде құжаттардың электрондық көшірмелері ұсынылады) арқылы көрсету:
8.1. Ұшу экипажы мүшесінің куәлігін беру:
8.1.1. ұшу экипажы мүшесінің куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш:
PPL жеке пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), CPL коммерциялық авиациясының пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), MPL көпмүшелік экипажының (ұшағының) ұшқышының, ATPL желілік пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, әуе кемесінің) куәліктеріне қатысты арттыру жүйесімен), осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
ULAPL аса жеңіл әуе кемесі пилотының (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі), LAPL жеңіл әуе кемесі (ұшақтың, тікұшақтың) пилотының, FBPL еркін аэростат пилотының, GPL планер пилотының, FROL бортрадистінің куәліктеріне қатысты ЖСН көрсетілген еркін нысандағы, сондай-ақ жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-ЖСН) көрсетілген мәліметтерді пайдалануға келісім ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FNL штурман куәлігіне қатысты;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FEL бортинженерінің (бортмеханигінің) куәлігіне қатысты;
теориялық емтихандарды табысты тапсырғаны туралы сертификатты қоса бере отырып, АОО бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшақ пилоттары үшін біліктілік деңгейін тексеру актісінің (LPС) көшірмесі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікұшақ пилоттары үшін ұшуды тексеру актісі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды тексеру актісінің көшірмесі;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұшу экипажының мүшелеріне ұсыным;
жеке куәліктің (паспорттың)көшірмесі;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (халықаралық ұшуды орындайтын ұшу экипажының мүшелері үшін);
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
ұшу кітапшасының көшірмесі;
толтырылған сәйкестік парағы, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери есепке алуды есепке алу (Мемлекеттік авиациядан келгендер үшін);
ұшу экипажы мүшелері куәлігінің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде);
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.2. Сыртқы пилот куәлігін беру:
8.2.1. сыртқы пилот куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
АОО немесе авиациялық оқу орнын бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдан басқа, басқа авиация персоналы үшін ұйымның қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұсыным;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке куәліктің (паспорттың)көшірмесі;
куәліктің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде).
8.3. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін беру:
8.3.1. әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдан басқа, басқа авиация персоналы үшін азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған ұсыным;
АОО бітіргені туралы құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесі;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі (ӘҚҚ диспетчері үшін);
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (халықаралық ұшуларды қамтамасыз ету кезінде);
жеке куәліктің (паспорттың)көшірмесі;
куәліктің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде);
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.4. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру:
8.4.1. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
АОО-да бастапқы даярлау сертификатының (-ның) немесе егер кандидатта бұрын осы куәлік болмаса, аяқталу мерзімі сертификат немесе диплом берілген күннен бастап 10 жылдан аспайтын мамандық бойынша дипломның көшірмесі, ал азаматтық авиацияда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігіне үміткер мемлекеттік авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал үшін мемлекеттік авиациядағы қызметін аяқтағаннан кейін – әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша үздіксіз өтілі болған жағдайда мемлекеттік авиацияның оқу орнын бітірген күннен бастап 20 жыл;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке журналының көшірмесі;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке деректері;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
"әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері" бағдарламасы бойынша оқытудан өткені туралы құжаттың (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларының 9 модулінің бағдарламасына сәйкес келетін) көшірмесі № 8785 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі – үлгілік бағдарламалар);
"Қазақстандық және халықаралық авиациялық заңнама" бағдарламасы бойынша оқығаны туралы құжаттың көшірмесі (үлгілік бағдарламалардың 10rk модулінің бағдарламасына сәйкес келетін);
жеке куәліктің (паспорттың)көшірмесі;
куәліктің және оған қосымшаның түпнұсқасы (XV тармақ) (куәлікті ауыстыру кезінде);
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.5. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін беру:
8.5.1. жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
АОО-да бастапқы даярлау сертификатының (- тарының) немесе егер кандидатта бұрын осы куәлік болмаса, аяқталу мерзімі сертификат немесе диплом берілген күннен бастап 10 жылдан аспайтын мамандық бойынша дипломның көшірмесі, ал азаматтық авиацияда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігіне үміткер мемлекеттік авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал үшін мемлекеттік авиациядағы қызметін аяқтағаннан кейін – әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бойынша үздіксіз стажы болған жағдайда мемлекеттік авиацияның оқу орнын бітірген күннен бастап 20 жыл;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке журналының көшірмесі;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке деректері;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
"Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері" бағдарламасы бойынша оқытудан өткені туралы құжаттың (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлаудың үлгілік бағдарламаларының 9 модулінің бағдарламасына сәйкес келетін) көшірмесі № 8785 бұйрығымен бекітілген) (бұдан әрі – Үлгілік бағдарламалар);
"Қазақстандық және халықаралық авиациялық заңнама" бағдарламасы бойынша оқығаны туралы құжаттың көшірмесі (Үлгілік бағдарламалардың 10rk модулінің бағдарламасына сәйкес келетін);
жеке куәліктің (паспорттың)көшірмесі;
әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрі – коммерциялық емес ұйым) тұрақты жұмыс істейтін Біліктілік комиссиясының ұсынысы және шешімі;
куәліктің және оған қосымшаның түпнұсқасы (XV тармақ) (куәлікті ауыстыру кезінде).
8.6. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігін беру:
8.6.1. ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің куәлігін алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
АОО аяқталғаны туралы құжаттың көшірмесі;
азаматтық авиация ұйымының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылған объективті деректері бар осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 9-қосымшаға сәйкес әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдан басқа, басқа авиация персоналы үшін ұсыну;
екі фотосурет (түрлі-түсті, күңгірт, өлшемі 3,5 х 4,5 см, фотосуретке қараушы жағынан оң жақ бұрышымен);
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
жеке куәліктің (паспорттың)көшірмесі;
куәліктің түпнұсқасы (куәлікті ауыстыру кезінде).
8.7. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту:
8.7.1. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
куәліктің түпнұсқасы және оған қосымша (XV тармақ).
8.8. Жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту:
8.8.1. жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персонал куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
коммерциялық емес ұйымның тұрақты жұмыс істейтін Біліктілік комиссиясының ұсынысы және шешімі;
куәліктің түпнұсқасы және оған қосымша (XV-тармақ).
8.9. Ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту:
8.9.1. ұшуды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер немесе ұшу диспетчері куәлігінің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
мамандығы бойынша кәсіптік деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
қауіп пен қателік факторларын бақылау қағидаттарын қоса алғанда, адамның мүмкіндіктері бойынша оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
куәліктің түпнұсқасы.
8.10. Ұшу экипажы мүшесінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту:
8.10.1. ұшу экипажы мүшесінің куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш:
PPL жеке пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), CPL коммерциялық авиациясының пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), MPL көпмүшелік экипажының (ұшағының) пилотының, ATPL желілік пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, әуе кемесінің) куәліктеріне қатысты PPL жеке пилоттық жобасы (көтеру күшін ұлғайту жүйесімен), осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;
ULAPL аса жеңіл әуе кемесі пилотының (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі), LAPL (ұшақ, тікұшақ) жеңіл әуе кемесінің пилотының, FBPL еркін аэростат пилотының, GPL планер пилотының, FROL бортрадистінің ЖСН көрсетілген еркін нысандағы куәліктеріне қатысты, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімді;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FNL штурман куәлігіне қатысты;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FEL бортинженерінің (бортмеханигінің) куәлігіне қатысты;
қайта даярлаудың уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшақ пилоттары үшін біліктілік деңгейін тексеру актісінің (LPС) көшірмесі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікұшақ пилоттары үшін ұшуды тексеру актісі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды тексеру актісінің көшірмесі;
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
куәліктің және оған қосымшаның (бар болса) көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.10.2. ұшу экипажы мүшесінің куәлігіндегі біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш:
PPL жеке пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), CPL коммерциялық авиациясының пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, дирижабльдің, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесінің), MPL көпмүшелік экипажының (ұшағының) пилотының, ATPL желілік пилотының (ұшақтың, тікұшақтың, әуе кемесінің) куәліктеріне қатысты арттыру жүйесімен), осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәліктеріне қатысты;
ULAPL аса жеңіл әуе кемесі пилотының (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі), LAPL жеңіл әуе кемесінің (ұшақтың, тікұшақтың) пилотының, FBPL еркін аэростат пилотының, GPL планер пилотының, FROL бортрадистінің ЖСН көрсетілген еркін нысандағы куәліктеріне қатысты, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FNL штурман куәлігіне қатысты;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша FEL бортинженерінің (бортмеханигінің) куәлігіне қатысты;
мамандығы бойынша кәсіптік деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшақ пилоттары үшін біліктілік деңгейін тексеру актісінің (LPС) көшірмесі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікұшақ пилоттары үшін ұшуды тексеру актісі немесе осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшуды тексеру актісінің көшірмесі;
нұсқаушылардың кәсіби деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (қажет болған жағдайда);
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
куәліктің және оған қосымшаның (бар болса) көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.10.3. ұшу экипажы мүшелерінің куәлігінде радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді білуі туралы арнайы белгінің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі;
куәліктің және оған қосымшаның (бар болса) көшірмесі.
8.11. Сыртқы пилоттың куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту:
8.11.1. сыртқы пилоттың куәлігінде біліктілік және арнайы белгілердің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі;
уақыт бойынша соңғы қайта даярлау курстарынан өткенін немесе мамандығы бойынша кәсіби деңгейін қолдағанын растайтын құжаттардың көшірмелері;
куәліктің және оған қосымшаның (бар болса) көшірмесі.
8.12. Әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу немесе олардың қолданылу мерзімін ұзарту:
8.12.1. әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне біліктілік белгілерін енгізу немесе қолданылу мерзімін ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын өткізу хаттамасының көшірмесі;
тиісті медициналық сертификаттың көшірмесі (ӘҚҚ диспетчері үшін);
мамандығы бойынша кәсіптік деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
куәлікке қосымшаның көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.12.2. әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің, авиациялық станция операторының куәлігіне арнайы белгінің қолданылу мерзімін енгізу және (немесе) ұзарту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
ЖСН көрсетілген еркін нысандағы өтініш, сондай-ақ ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім;
нұсқаушының қайта даярлау немесе кәсіби деңгейін ұстап тұру уақыты бойынша соңғы курстардан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (нұсқаушының арнайы белгісінің қолданылу мерзімін енгізу немесе ұзарту кезінде);
радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін білуге арналған тестілеуден өткенін растайтын сертификаттың көшірмесі (радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілді білуі туралы арнайы белгіні енгізу немесе оның қолданылу мерзімін ұзарту кезінде);
куәлікке қосымшаның көшірмесі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу:
8.13.1. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне "В" немесе "В2" санаттары бойынша "Ratings" бағанында біліктілік белгісін енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
әуе кемелерінің, қозғалтқыштың үлгілерін және куәліктің санатын көрсете отырып, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
әуе кемесінің үлгісіне оқыту курсының практикалық және теориялық элементтерінің өткені туралы құжаттардың көшірмелері, ал қажет болған жағдайда практикалық тағылымдама бойынша жазбалар. Егер сертификатты уәкілетті ұйым оны жүргізетін ТҚК және АТҚ ұйымына қатысты мақұлдаса, практикалық тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша сертификат беруге жол беріледі;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13.2. әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың куәлігіне "С" санатындағы "Ratings" бағанында біліктілік белгісін енгізу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
әуе кемелерінің, қозғалтқыштың үлгілерін және куәліктің санатын көрсете отырып, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
3-деңгей бойынша оқытудың теориялық бөлігінен кейін әуе кемесінің үлгісінде оқудан өткенін және емтихан тапсырғанын растайтын сертификаттардың көшірмелері ("С" санатының бірінші жазбасы үшін), ал "С" санаты бойынша әрбір кейінгі жазба үшін-1-деңгей бойынша әуе кемесінің талап етілген үлгісіне оқытуды дәлелдейтін сертификаттар (әуе кемесімен жалпы таныстыру курсы). Егер "С" санатына үміткер осы біліктілік белгісін куәлікке енгізілген әуе кемесінің және қозғалтқыштың сол үлгісіндегі "В1" немесе "В2" санаттары арқылы алса, теориялық оқытудан өткені туралы Жеке сертификат ұсыну талап етілмейді;
ТҚК және АТЖ ұйымындағы жұмыс тәжірибесін немесе мемлекеттік авиацияда немесе әуе кемелерін шығару кезінде алынған тәжірибені растайтын құжаттардың көшірмелері;
мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
8.13.3. жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың (AML LA) куәлігіне біліктілік және арнайы белгілерді енгізу үшін өтініш беруші коммерциялық емес ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:
осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
әуе кемелерінің үлгісіне немесе түріне АОО-да оқудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;
жұмыс тәжірибесін растайтын, осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың жеке журналы парақтарының көшірмесі;
"В3" санатындағы жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі персоналдың біліктілік деңгейін тексеру актісінің көшірмесі;
"әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге қатысты адамның мүмкіндіктері" бағдарламасы бойынша оқытудан өткені туралы құжаттың (Үлгілік бағдарламалардың 9-модулінің бағдарламасына сәйкес келетін) көшірмесі.
8.14. Авиация персоналының куәлігін және (немесе) оған қосымшаны ауыстыру.
Өтініш беруші авиациялық персоналдың тиісті куәлігін алуға белгіленген тізбеге сәйкес құжаттарды және мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төленгенін растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесін ұсынады.

      ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне ауысып, қажетті құжатты таңдау қажет.
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
2) мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары мына интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі – www.transport.gov.kz "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті беруші – www.сааkz.com "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  ".

      2. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) азаматтық авиация саласындағы төлемдер – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсететін қызметтер үшін жеке және заңды тұлғалардың төлемі, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың міндетті аударымы;";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын кеңейту үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалатын тәртіппен ақы алынады.

      Төлем мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) анықталады (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесі).

      Авиациялық оқу орталығын сертификаттау және авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясын кеңейту азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төленгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      1-1- қосымшада:

      "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

  ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын беру және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатының қолданылу аясын кеңейту "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабының 3-тармағына және Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесіне сәйкес – ақылы.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) авиациялық оқу орталығын сертификаттауды жүргізуге өтінім;
2) құрылтай құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;
4) сапа жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;
5) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі (қажет болған кезде);
6) авиациялық оқу орталығының штат кестесінің электрондық көшірмесі;
7) авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және басқа ұйымдармен жасасқан шарттардың электрондық көшірмелері (бар болса);
8) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат бар мәліметтің (құжаттың) электрондық көшірмесі;
9) мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемді растайтын мәліметтердің электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде көрсетілетін электрондық нысандағы өзге талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің - www.transport.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

      ".

      3. "Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметіне қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 160 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11379 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметін сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) бұйрықтарымен айқындалған тәртіп пен мөлшерде ақы алынады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бюджетіне төлем түскеннен кейін көрсетіледі.";

      2-қосымшада:

      "Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

"Әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметінің сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) сәйкес азаматтық авиация саласындағы ұйымдар және азаматтық авиация саласындағы төлемдер тәртібі мен мөлшерлемелер бойынша ақылы негізде жүзеге асырылады.
Сертификатты қайта ресімдеу-тегін.
Төлем екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Сертификат беру:
1) өтінімнің электрондық көшірмесі;
2) көрсетілетін қызметті берушіге қызмет үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының электрондық көшірмесі;
4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен басшылық құрамы, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің өндірістік базасы бойынша жиынтық деректердің электрондық көшірмесі;
5) әуежайдың (әуеайлақтың) авиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ережесінің электрондық көшірмесі.
Сертификатты қайта ресімдеу - өтінімнің электрондық көшірмесі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік бойынша мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкіметтің шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.




  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің – www.transport.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

  ".

      5-қосымшадағы ескерту мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескерту:

      ( * ) - бұл ұйым үшін міндетті емес;

      (+) - талаптарға сәйкес келеді;

      (-1) - қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;

      (-2) - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда мерзімінде оны жою кезінде қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;

      (-3) - қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АА - азаматтық авиация;

      АҚҚ - авиациялық қауіпсіздік қызметі;

      АҚ - авиациялық қауіпсіздік;

      ӘҚБ - әуе қозғалысын басқару;

      ЖЖМ - жанар-жағармай материалы;

      ӘК - әуе кемесі;

      БӨП - бақылау-өткізу пункті;

      ТЖ - төтенше жағдай.".

      4. "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 197 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11722 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

      7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласында төлемдер алу қағидалары) (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен төлем алынады.

      Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен айқындалады (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері).

      Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.

      7-1. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты:

      жоспарлы сертификаттау кезінде (бастапқы немесе бұрын берілген сертификаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін);

      ұйым сертификатының қолданылу аясын өзгерту қажет болған жағдайда беріледі.";

      9-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Уәкілетті ұйым құжаттарды, олар келіп түскен күні тіркейді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаттарын беру үшін уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.";

      30-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-1. Шетелдік ұйымдардың сертификаттарын тану мынадай жұмыс түрлерін орындау кезінде талап етіледі:

      1) әуе кемелеріне мерзімді техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      2) тұрақты негізде шарттар жасасу кезінде әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет көрсету.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Ұсынылған құжаттарды қарау процесінде уәкілетті ұйым осы ұйымды сертификаттауды жүзеге асырған шет мемлекеттің авиациялық әкімшілігі берген шетелдік ұйым сертификатының жарамдылығына куәландырылады, сондай-ақ шетелдік ұйымның уәкілетті ұйымының авиациялық инспекторы (-лары) сертификаттау талаптарына сәйкестігі тұрғысынан көшпелі тексеру жүргізеді.

      Шетелдік ұйымдарды көшпелі тексеру мынадай жағдайларда талап етілмейді:

      1) жеңіл және аса жеңіл әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде;

      2) Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) немесе EASA-ға қатысушы елдердің және Ұлыбританияның авиациялық билігі сертификаттаған ұйымдарда мерзімді техникалық қызмет көрсетуді орындау кезінде.";

      3-1-қосымшада:

      "Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

  ".

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымына сертификат беру – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алу үшін:
1) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын алуға/тануға өтінім:
авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның рәсімдері жөніндегі нұсқаудың электрондық көшірмесі;
авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның басшы құрамы туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
2) азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін:
еркін нысандағы өтінім;
ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның бұрын берілген сертификатының электрондық көшірмесі;
уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  ".

      5. "Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12052 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. "Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау және жарамдылық сертификатын беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Төлемдерді алу қағидалары) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) айқындалған тәртіппен және мөлшерде ақы алынады.

      Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау және жарамдылық сертификатын беру уәкілетті ұйымның бюджетіне алым енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті ұйымға портал арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеткізушімен өзара іс-қимыл жасау шарттарының электрондық көшірмелері (қызметтерді сатып алу кезінде);

      2) ұшуларды жарықпен сигналдық қамтамасыз ету жүйесін ұшуларды тексерудің қолданыстағы актілерінің электрондық көшірмелері;

      3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша нұсқаудың электрондық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жоспар;

      4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және кәсіптік деңгейін қолдауды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      5) уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үздіксіз қадағалау жөніндегі уәкілетті ұйым жүзеге асырғаны үшін Төлемдерді алу қағидалары мен Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерде мiндеттi аударымдарды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (қайта сертификаттау кезінде).

      Осы Қағидалардың осы тармағында көрсетілген растайтын құжаттардың тізбесі, егер олар аталған құжаттаманы әзірлеуге қатысқан болса, ғылыми ұйымдардың және тиісті құзыретті органдардың қорытындыларымен қоса беріледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын бергені үшін (азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алғаш рет алғаны, бұрын ұшуға жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын бергені, бекітілген үлгілік конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын бергені, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын ұзартқаны) "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары) айқындалған тәртіпте ақы алынады.

      Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалған (бұдан әрі -Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері).

      Азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.

      7. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші уәкілетті ұйымға "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім 483сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Құжаттар топтамасымен ұсынылатын әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісі және әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын анықтау (бұдан әрі – тексеру актісі) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.

      Портал арқылы өтініш берген кезде өтінім берушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Өтінім беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Өтініш беруші порталға Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбе бойынша құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші Ұшу жарамдылығы сертификатын беру мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде, уәкілетті ұйым өтініш берушінің және ұсынылған материалдардың, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12038 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормаларына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығы нормалары), Заңның және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексереді және 10 (он) жұмыс күні ішінде әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттық тексеруді жүзеге асырады.

      Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын сертификаттық тексеру кезінде (дайындаушы зауыттан қабылдау кезінде) әуе кемесінің ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігін растайтын және азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатын беруге өтінім беру сәтінде қолданыста болатын мемлекеттік тіркеу кезінде жасалған оң бағалау актісі болған кезде әуе кемесін қарау жүргізілмейді.

      Жаңа, бұрын пайдаланылмаған, азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу кезінде (дайындаушы зауыттан қабылдау кезінде) жасалған оң бағалау актісі күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қолданылады.";

      1-1-қосымшада:

      "Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

  ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне және азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларына сәйкес ақылы.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік, ұшуды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтер, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін бюджетке алым төленгенін растауды уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
1. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын алғашқы алу үшін:
1) өтінім;
2) көрсетілетін қызметті берушіде өтінімді тіркеген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмесі;
3) егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
4) әуе кемелерін сертификаттауды жүзеге асыратын және көрсетілетін қызметті беруші таныған шет мемлекеттің, халықаралық азаматтық авиация ұйымының ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкестігін куәландыратын үлгі сертификаттың немесе оған балама құжаттың электрондық көшірмесі;
5) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттың электрондық көшірмесі (қайта жабдықтау кезінде);
8) жаңа әуе кемесінің үлгі сертификатына сәйкестігін растайтын дайындаушы зауыт сертификатының электрондық көшірмесі;
9) уәкілетті ұйым бекіткен алдыңғы пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламентінің) жаңа техникалық қызмет көрсету бағдарламасына (регламентіне) көшуі бойынша қосымша жұмыс көлемі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
10) орталықтандыру және тиеу деректерін көрсете отырып, қолданыстағы құрастыруда әуе кемесін өлшеу жөніндегі деректердің электрондық көшірмесі;
11) үлгі сертификатын ұстаушы жасаған ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің электрондық көшірмесі;
12) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
13) өтінім уәкілетті ұйымда тіркелген күнге дейін 22 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұшуға жарамдылығы директивалары, әзірлеуші ұйымның бюллетеньдері, ресурстары шектеулі агрегаттар, орындалған модификациялар мәртебелерінің электрондық көшірмесі;
14) ұшу сынақтарының нәтижелері туралы баяндаманың электрондық көшірмесі;
15) барлық борттық тұтынушыларды ескере отырып, электрмен жабдықтау жүйесіндегі жүктемелерді талдау материалдарының электрондық көшірмесі;
16) RNAV, MNPS және Cat. III бойынша әуе кемесінің рұқсатын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі.
2. Бұрын ұшу жарамдылық сертификаты болған азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын беру:
1) өтінім;
2) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмесі;
3) егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттың және қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
4) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) ұшуға жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың электрондық көшірмесі;
3. Бекітілген үлгі конструкциясы жоқ азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын беру:
1) өтінім;
2) техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмесі;
3) егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалдау туралы шарттардың және қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелген) Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес коммерциялық емес ұйым берген азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға жарамдылығы туралы бағалау актісінің электрондық көшірмесі;
5) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) модификацияның қолданылуы көрсетілген әуе кемесі данасының сертификатының электрондық көшірмесі;
7) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының (регламент) электрондық көшірмесі (бастапқы беру кезінде);
8) Ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (бастапқы беру кезінде) ең аз жабдықтың негізгі тізбесі болған кезде пайдаланушы жасаған ең аз жабдықтың бекітілген тізбесінің электрондық көшірмесі.
4. Азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылық сертификатын ұзарту:
1) өтінім;
2) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің электрондық көшірмесі;
3) егер әуе кемесі жалға алынған болса, жалға алу туралы шарттардың және қабылдау тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
4) ұшуға жарамдылығы директивалары мәртебесінің, әзірлеуші ұйым бюллетендерінің, ресурстары шектеулі агрегаттардың, орындалған модификациялардың электрондық көшірмесі;
5) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www.caa.gov.kz
Көрсетілетін қызметті алушының алу мүмкіндігі бар:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  ".

      7. "Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12812 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласында төлемдер алу қағидалары) айқындалған тәртіпте төлем алынады.

      Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) бұйрығымен айқындалады.

      Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін сертификаттау уәкілетті ұйым бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Сертификаттау жұмыстары және үлгі сертификатын беру (Doc. 9760) "Ұшу жарамдылығы бойынша нұсқау" ИКАО құжатының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      Үлгі сертификатын алу үшін әзірлеуші азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінімді және осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.

      Портал арқылы жүгінген кезде, әзірлеушінің "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Әзірлеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлігі, ұшуларды орындау құқығына куәлігі туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды әзірлеушіден талап етуге жол берілмейді.";

      1-1-қосымшада:

      "Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

  ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне және азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларына сәйкес ақылы.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Төменде көрсетілген құжаттардың тізбесіне сәйкес өтінім және құжаттардың электрондық көшірмелері:
1) ұшуды пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
2) формулярлар;
3) материалдың негізгі өлшемдері мен маркалары көрсетілген негізгі күш тораптарының, оның ішінде қанатын бекіту, тірек тораптарының, қозғалтқыштың, шассидің сызбалары (эскиздері);
4) отын және тежегіш жүйелерінің, электр жабдығының, басқару жүйесінің схемалары;
5) үлгінің фотосуреттері (алдынан, жанынан, артынан) жоғарыдан;
6) әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін зауыттық, мемлекеттік және пайдалануда сынау нәтижелері;
7) схемалар, жүйелер, негiзгi сипаттамалар, пайдаланудың межеленген шарттары мен диапозонында үлгi сертификатталатын шектеулер қысқаша баяндалған техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұшуға жарамдылық нормаларының осы үлгiге қолданылатын тарауларының, бөлiмдерi мен тармақтарының, оның ұшуға жарамдылығына қатысты арнайы техникалық шарттардың және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың тiзбесi;
8) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі – www.transport.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі, "Азаматтық авиация комитеті" бөлімі.
Қызмет алушы:
мемлекеттік қызметті электрондық түрде портал арқылы ЭЦҚ-сы болған жағдайда ала алады;
мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты қашықтықтан порталдың "жеке кабинетi" арқылы, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777

  ".

      8. "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен айқындалған тәртіппен төлем алынады.

      Төлемақы мөлшерлемесі "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32089 болып тіркелді) (бұдан әрі - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) бекітілген Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалады.

      Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";

      2-қосымшада:

      "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

  ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет
"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы негізде заңды тұлғаларға (бұдан әрі- өтініш беруші) көрсетіледі.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Өтініш беруші (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілінің) портал арқылы жүгінген кезде мынадай құжатттарды ұсынады:
куәлікті алғаш рет алуш үшін:
1) өтінім;
2) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) ұшуды орындау жөніндегі нұсқаулық;
4) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
5) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы;
6) әуе кемелерінің техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
7) Сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
8) пайдаланушы басшысымен бекітілетін әуе кемелерінің әуе кемелерінің бояу үлгілері және мәтіндік сипаттамасы;
9) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздігінің бағдарламасы;
10) куәлікті кезекті рет алу үшін:
өтініш беруші өзгерістер мен жаңартулар болған осы тармақта көрсетілген құжаттармен өтінімді ұсынады.
11) азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесімен және төлем мөлшерлемелерімен айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алынатын, уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды жүзеге асырғаны үшін сертификатталған пайдаланушылардың міндетті аударымдарын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
Министрліктің – www.transport.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының www.caa.gov.kz.
Өтініш берушінің ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.
Өтініш берушінің порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777

  ".

      9. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 1061 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12452 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы куәлігін беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығында белгіленген тәртіппен төлем алынады (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелді).

      "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) төлемақы мөлшерлемесі айқындалады.

      Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кезекті пайдаланушы сертификатын алу үшін өтініш беруші өзгерістер болған және/немесе толықтырулар енгізілген мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің реттік нөмірі 8-жолда көрсетілген құжаттармен бірге өтінімді және азаматтық авиация саласындағы төлемдердің төленгенін растайтын құжаттарды береді.".

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзімі көрсетіліп, екі жыл мерзімге беріледі және басқа тұлғаға беруге жатпайды";

      1-қосымшада:

      "Пайдаланушы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

  ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушінің алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетіледі (бұдан әрі – өтініш беруші) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі

Порталға:
сертификат алу үшін өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді мыналарды қоса бере отырып ұсынады:
1) уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ұшу қауіпсіздігін және авиацияны қамтамасыз етуге үздіксіз қадағалауды жүзеге асыруы үшін міндетті аударымдарды төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында белгіленген тәртіппен (қайта сертификаттау үшін) ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тұрақты қадағалау;
пайдаланушының бірінші басшысы қол қойған, қызметтің сертификаттау талаптарына, Пайдаланушы нұсқауларының ережелеріне сәйкестігі туралы декларация және осы сәйкестікті тұрақты түрде қолдап тұру міндеттемесі;
өтініш берушінің жарғысы және құрылтай шарты;
ұйымдастырушылық құрылымы, басқару құрылымы мен лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты тұлғалар;
мынадай басшылардың және/немесе жауапты тұлғалардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
ұшу қауіпсіздігі жөніндегі қызмет;
ұшу қызметі;
ұшуға жарамдылықты қолдау жөніндегі қызмет;
жерүсті қамтамасыз ету жөніндегі;
персоналды даярлау жөніндегі;
авиациялық қауіпсіздік жөніндегі;
бортсеріктер қызметі (бар болса);
сапаны бақылау жөніндегі;
Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының оның қызметкерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистері;
әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
сыртқы ұйымдармен жасалған ұшуға жарамдылықты қолдау шарттары;
бекіту мен келісудің титул парақтары:
ұшуларды жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
бес мың жеті жүз килограмм және одан кем ең көп сертификатталған ұшу массасымен ұшақтарды және үш мың жүз сексен килограмм және одан кем тікұшақтарды пайдаланушыларды қоспағанда, ұшу қауіпсіздігі бойынша құжаттама жүйесін сипаттауды қоса алғанда, ұшу қауіпсізідігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
пайдаланушының техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығы;
әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
2) өтініш берушінің электрондық түрдегі ақпараты, ол мынаны қамтиды:
өтініш берушінің негізгі деректері мен құрылтайшысы;
жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының / жұмыстардың түрлері;
ұшу жұмысын ұйымдастыру;
ұшуға жарамдылықты қолдау жүйесі;
ұшуды қамтамасыз ету;
ұшу персоналы мен техникалық персоналдың даярлығы;
техникалық қызмет көрсету объектілерінің даярлығы;
әуе кемелерінің даярлығы;
авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстрациялық ұшуды өткізу жоспары;
типі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері көрсетілген әуе кемелерінің тізімі;
авиациялық персонал;
ұшуды жер үстінде қамтамасыз ету;
жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдармен жасалған техникалық қызмет көрсету шарттарының тізбесі;
пайдаланушы сертификатың телнұсқасын алу үшін:
өтініш берушінің қажетті негіздемені және бұрын берілген пайдаланушы сертификатының электрондық көшірмесін қоса берген еркін нысандағы өтінімі.
Ескерту:
ұшу жөніндегі нұсқаулықты;
бес мың жеті жүз килограмм және одан кем ең көп сертификатталған ұшу массасымен ұшақтарды және үш мың жүз сексен килограмм және одан кем тікұшақтарды пайдаланушыларды қоспағанда, ұшу қауіпсіздігі бойынша құжаттама жүйесін сипаттауды қоса алғанда, ұшу қауіпсізідігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты, пайдаланушының техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулығын; әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларын (регламент) және пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламаларын пайдаланушы электрондық форматта Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің frontoffice@ caa.gov.kz интернет-ресурсына жібереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы https://caa.gov.kz
Көрсетілетін қызметті алушының:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету;
порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777

  ".

      10. "Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 378 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15478 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 108-бабына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (бұдан әрі – ИКАО) стандарттарына және ұсынатын практикасына сәйкес әзірленді және ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуға техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға және ұшу кезінде әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персоналға экипаж мүшесінің куәлігін беру және "Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Экипаж мүшесінің куәлігін бергені үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) айқындалған тәртіп пен мөлшерде ақы алынады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушінің бюджетіне төлем түскеннен кейін көрсетіледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.";

      мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "6-1. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.

      6-2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ЭМК беруге кедергі болатын ақпарат жоқ болғанда көрсетілетін қызмет алушы мынадай құжаттарды қоса отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жолдайды:

      1) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың электрондық көшірмесі;

      2) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9 x 12 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) электрондық көшірмесі;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;

      4) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің электрондық көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);

      5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың электрондық көшірмесін қоса беру қажет.

      Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың электрондық көшірмесі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарлама ЭМК дайындығы туралы көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетке" жіберіледі.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      11. "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларын, сондай-ақ аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 384 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15468 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аэронавигациялық қызмет көрсетушіні сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары) айқындалған тәртіппен ақы алынады.

      Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелері) айқындалады.

      Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіні сертификаттау азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші сертификатта бұрын көрсетілмеген жаңа аэронавигациялық қызмет көрсетудің түрлеріне (кіші түрлеріне) аэронавигациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы үшін өтініш беруші портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және аэронавигациялық қызмет көрсетудің мәлімделген түрлеріне (кіші түрлеріне) қатысты бөлігінде негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.

      Бұл ретте, сертификаттың қолданылу саласын кеңейту кезінде, аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлемдер мөлшерлемелерінде белгіленген аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерді сертификаттауға алым мөлшерлемесінен 10% мөлшерінде алым төлейді.

      Сертификаттау жүргізу және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушіге сертификат беру тәртібі осы Қағидалардың 2-тарауында айқындалады.".

      2-қосымшада:

      "Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

  ";

      реттік нөмірі 6, 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын бергені үшін төлемақы мөлшерлемелері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) анықталады.
Төлем екінші деңгейдегі банктегі уәкілетті ұйымның ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны/қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалана отырып жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:00-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8:30-ден 17:30-ға дейін.
2) портал – жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайы мына жерде орналастырылған:
1) Көрсетілетін қызметті беруші "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамының интернет-ресурсында - www.caa.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) www.egov.kz порталында.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің сертификатын алуға өтініш.
2) ҰРТҚ және байланыс құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету тәртібін анықтайтын құжаттардың электрондық көшірмесі:
Радиотехникалық жабдықты және радиобайланысты пайдалану қызметіне бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – ҰРТҚ) және байланыс жабдықтарының (құралдарының) жиынтық тізбесі.
ҰРТҚ және байланыс құралдарын резервтеу жөніндегі бекітілген нұсқаулықтардың тізбесі;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына жерде тексеру жүргізу туралы ақпарат;
ҰРТҚ және байланыс құралдарына ұшу тексеру жүргізу туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 маусымдағы № 402 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиациядағы ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 15554 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларына № 381 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) ҰРТҚ және байланыс құралдарының сәйкестігі туралы ақпарат;
3) Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі – ААБ қызметі) персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмесі:
ААБ қызметі персоналының бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары және олардың жұмыс тәртібін анықтайтын рәсімдер;
бекітілген құрылымы;
4) әуеайлақта ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың электрондық көшірмесі;
метеорологиялық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын персоналдың бекітілген үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарының электрондық көшірмесі;
авиациялық метеорологиялық персоналдың құзыретіне соңғы бағалау жүргізу жөніндегі анықтама;
5) Стандарттау бойынша халықаралық ұйымның (ИСО) 9001 сериялы сапа менеджменті жүйесінің сертификаттарының электрондық көшірмесі. (метеорологиялық қызмет, ААБ қызметі);
6) іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығы персоналының жұмыс тәртібін айқындайтын құжаттардың электрондық көшірмелері:
бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;
бекітілген жұмыс технологиясы;
7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларында және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесінде және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алынатын ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тұрақты қадағалауды (қайта сертификаттау кезінде) жүзеге асырғаны үшін аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің міндетті аударымдарын растайтын құжат;
8) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

  ".

      12. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды, мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 409 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15553 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

      10-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-2. Уәкілетті ұйым құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, жергілікті жердегі шуыл бойынша сертификат, радиостанцияға сертификат, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді бергені, әуе кемесінің кепілі туралы шартты, оған қосымша келісімді, әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидалары) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі –Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесі) бұйрықтарымен айқындалған тәртіпте және мөлшерде төлем алынады.

      Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру, әуе кемесінің кепілі туралы шартты, оған қосымша келісімді, әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркеу уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Уәкілетті ұйым кепіл туралы шарттарды және (немесе) оларға қосымша келісімдерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады.

      Тіркеу үшін кепіл беруші немесе әуе кемесінің кепіл ұстаушысы өтініштен басқа мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) әуе кемесінің кепілі туралы шартты және (немесе) әрбір әуе кемесі үшін оған қосымша келісімді мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) азаматтық әуе кемесінің кепілі немесе ипотекасы туралы шарт және (немесе) оған қосымша келісім 3 данада;

      3) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Уәкілетті ұйым қайтарып алынбайтын өкілеттіктерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады. Қайтарып алынбайтын өкілеттікті тіркеу үшін әуе кемесін пайдаланушы немесе уәкілетті тарап өтініштен басқа мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) әуе кемесін тіркеуден шығаруға және әкетуге қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін төлемді растайтын құжаттың көшірмесі;

      2) қайтарып алынбайтын өкілеттіктің түпнұсқасы;

      3) құрылтай құжатының көшірмесі (шетелдік заңды тұлғалар үшін) немесе жеке басын куәландыратын құжат (шетелдік жеке тұлғалар үшін).";

      1-қосымшада:

      Нысанда:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Төлем нөмірі, күні және сомасы:

№_____20___жылғы "__"______ ____теңге.

  ";

      реттік нөмір 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12.

Төлем нөмірі, күні және сомасы: _№ _________ 20___ жылғы "__" _____ _____ теңге.

Шуыл бойынша сертификат алу үшін

+/-

сипаттаңыз

Ұшақ



Тікұшақ



басқа



Әуе винтінің деректері (бар болса)



Әуе кемесінің ең жоғары ұшу массасы



Әуе кемесінің ең жоғары қону массасы


Шуылды сертификаттау стандарты



Қолданылатын шуыл бойынша сертификаттау стандарттарына сәйкес келтіру мақсатында енгізілген қосымша модификация



Ұшу-қону жолағының бүйіріндегі шу деңгейі / толық қуат режимінде



Қону кезінде шу деңгейі



Ұшу кезіндегі шу деңгейі



Ұшып келу кезіндегі шу деңгейі



Ұшып кету кезіндегі шу деңгейі



азаматтық әуе кемелерінде орнатылған радиотаратушы аппаратураны пайдалануға рұқсат алу үшін



Ұшақ



Тікұшақ



басқа



Авиациялық радиожиілік диапазонында жұмыс істейтін радиотаратушы құрылғылардың тізбесі:

Мыналардың:
тіркелетін азаматтық әуе кемесіне ауыртпалықтың болмауын;
Мемлекеттік тізілімге және Мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, жерүсті және спутниктік арналар арқылы жүктерді тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен орналасқан жері туралы деректерді беруді қамтамасыз ететін жабдықтың болуын;
азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені немесе қайта тіркегені үшін төлемақы енгізу. ________________________________________________________
растау туралы мәліметтер

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін (Меншік иесі/ Пайдаланушы)

Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі (заңды тұлға үшін)

Азаматтық әуе кемесін пайдаланушы (заңды тұлға үшін)

Мөр орны (бар болса)
20__жылғы "__" ___________ (жеке тұлға үшін): _____________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
20__жылғы "__" ___________

  ";

      2-1-қосымшада:

      "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

  ";

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерінің тізбесіне сәйкес ақылы көрсетіледі.
2. "Әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі тегін көрсетіледі.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы, пайдаланушы сертификаты, жергілікті жердегі шуыл бойынша сертификат, радиостанцияға сертификат, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
1. Азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінім;
2) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері;
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
7) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
8) азаматтық әуе кемесін әзірлеуші мемлекет берген үлгі сертификатының немесе оның ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін куәландыратын оған балама құжаттың электрондық көшірмесі;
9) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
Болған жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Азаматтық әуе кемесінің мемлекеттік авиация тізілімінен немесе шет мемлекеттің азаматтық әуе кемелері тізілімінен шығарылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
2) ұшуға жарамдылығының экспорттық сертификатының электрондық көшірмесі;
3) әуе кемесін қайта жабдықтау туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы дайындаушы зауыт берген уақытша куәліктің электрондық көшірмесі;
азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке өзгерістер енгізу үшін:
Азаматтық әуе кемесінің меншік иесі және (немесе) оның атауы және (немесе) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысы және (немесе) оның атауы не Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері;
3) мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде меншік құқығын растайтын сатып алу-сату шартының немесе өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған сатып алу-сату шартының немесе ресми аудармасы бар ағылшын тілінде меншік құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
4) әуе кемесіне ортақ меншік құқығындағы үлесті әуе кемесіне меншікке қатысушы болып табылмайтын тұлғаға сату кезінде (үлестік меншік кезінде) үлестік меншікке қатысушылардың жазбаша келісімін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың электрондық көшірмесі немесе нотариалды куәландырылған жалдау, лизинг, мүліктік жалдау шартының, әуе кемесін ағылшын тілінде пайдалану құқығын растайтын өзге де құжаттың ресми аудармасы бар электрондық көшірмесі (шетелдік жеке және заңды тұлғалар үшін);
6) азаматтық әуе кемесін қабылдау-тапсыру актісінің электрондық көшірмесі;
7) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Әуе кемесінің мақсаты өзгерген кезде, оны қайта жабдықтағаннан кейін:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әуе кемесін мемлекеттік тіркеуге өтінім;
2) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау құқығына арналған құжаттардың электрондық көшірмесі;
3) азаматтық әуе кемесін қайта жабдықтау бойынша жүргізілген жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру актісінің электрондық көшірмесі;
5) құрылтай құжатының (заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмесі немесе жеке басты куәландыратын құжаттың (шетелдік жеке тұлғалар үшін) не нотариат куәландырған құрылтай құжаттарының (шетелдік заңды тұлғалар үшін) электрондық көшірмелері қоса беріледі;
6) уәкілетті ұйымның қызметі үшін төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
2. Әуе кемесін мемлекеттік тізілімнен шығару туралы куәлік беру.
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің электрондық көшірмесі немесе осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кейіннен алып тастай отырып, азаматтық әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті "UN" ұлттық тану белгісінен "UP" мемлекеттік және тіркеу тану белгісіне ауыстыруға өтінімнің және "UN" ұлттық тану белгісімен мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасының электрондық көшірмесі;
2) әуе кемесінің меншік құқығының шет мемлекетке (жеке, заңды тұлғаға) өткендігін растайтын құжат немесе әуе кемесін Мемлекеттік тізілімнен шығару жағдайларын қарастырған құжат немесе олардың электрондық көшірмелері;
3) меншік иесі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болған жағдайда жеке тұлғаның тұлғаны куәландыратын құжаттарының немесе өтініш иесі – Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасының (куәлік) электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесі кепілде тұрған жағдайда кепіл ұстаушының оның тізілімнен шығарылуына жазбаша келісімінің электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 9 наурыздағы № 123 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6868 болып тіркелген) Әуе кемелерін есептен шығару қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептен шығарып тастау актісінің электрондық көшірмесі (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);
6) әуе кемесін кәдеге жарату туралы құжаттардың электрондық көшірмесі немесе олардың көшірмелері (әуе кемесі есептен шығарылған кезде);
7) әуе кемесінен айырым белгілерді алып тастау туралы актісінің электрондық көшірмесі және оны растайтын фотосуреттер (әуе кемесін есептен шығару жағдайларын қоспаған кезде).

  ".

      13. "Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 483 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15633 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында:

      19 және 19-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін өтініш беруші (пайдаланушы) уәкілетті ұйымға www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес жібереді.

      19-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.";

      19-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-6. Өтініш беруші "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым Заң талаптарына және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексергеннен кейін құжаттарды тартылған коммерциялық емес ұйымдарға береді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Уәкілетті ұйым техникалық комиссия берген оң Бағалау актісінің негізінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын, не теріс Бағалау актісі болған жағдайда, "Аса жеңіл авиация әуе кемесін ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      29 және 29-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігіне арналған куәлікті алу үшін өтініш беруші (пайдаланушы) уәкілетті ұйымға портал арқылы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауға өтінімді және осы Қағидаларға 9-1-қосымшаға сәйкес "Азаматтық әуе кемесі данасының сәйкестік куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбе бойынша құжаттар топтамасын жолдайды.

      Жалпы техникалық талаптар ең ауыр ұшып көтерілу салмағы 2250 кг аспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның куәлігіне (ұшақтар мен тікұшақтар, моторлы планерлер, автожирлер, аэростаттық әуе кемелері) қолданылады.

      29-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1. Мемлекеттік қызмет көрсету талаптарының тізбесі "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Өтініш беруші "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда уәкілетті ұйым өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Өтініш беруші "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті ұйым құжаттардың Заңның талаптарына және ИКАО авиациялық стандарттарына сәйкестігін тексергеннен кейін тартылған коммерциялық емес ұйымдарға береді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісінің оң қорытындысы негізінде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін ресімдейді немесе азаматтық әуе кемесі данасының техникалық жай-күйін бағалау және ұшуға жарамдылығын айқындау актісі теріс болған жағдайда "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты, күні және орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау қорытындылары бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту қалыптастырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласында төлемдер алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32120 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен ақы алынады.

      Төлемақы мөлшері "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен айқындалады (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 32089 болып тіркелген).

      Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау азаматтық авияация саласындағы уәкілетті ұйымның бюджетіне төлем түскеннен кейін жүзеге асырылады.";

      7-1-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі";

      "Аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы https://caa.gov.kz
Өтініш берушінің:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді;
порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777

  ";

      9-1-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі.";

      "Азаматтық әуе кемесі данасының ұшу жарамдылығы нормаларына сәйкестігі туралы куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес заңды тұлғаларға (бұдан әрі-өтініш беруші) ақылы негізде көрсетіледі.

  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттауға өтінім;
2) Уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) әуе кемесі данасының пайдалану құжаттамасы жиынтығының электрондық көшірмесі;
4) әуе кемесінің қысқаша техникалық сипаттамасын, жүйелердің қағидаттық схемаларын, негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ диапазонында әуе кемесінің данасы сертификатталатын пайдаланудың күтілетін шарттары мен шектеулерін қамтуға тиіс әуе кемесі данасы ерекшелігінің электрондық көшірмесі;
5) әуе кемесі түрлерінің үш проекциядағы электрондық көшірмесі немесе әртүрлі бұрыштардағы цифрлық фотосуреттер: алдыңғы, бүйір, артқы;
6) әуе кемесін немесе құрастыру жиынтығын, қозғалтқышты, бұранданы, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды сатып алудың заңдылығын растайтын бастапқы төлем құжаттарының электрондық көшірмелері.

  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы https://caa.gov.kz
Көрсетілетін қызметті алушының:
ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті;
порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

  ".
  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің және Қазақстан
Республикасы Инвестициялар
және даму министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Ұшу құрамының, кабина
экипажының адамдарына,
ұшуларға техникалық қолдауды
қамтамасыз етуші инженерлік-
техникалық құрамға және ұшу
кезінде әуе кемесінің
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін
персоналға экипаж мүшесі
куәлігін беру қағидаларына
1-қосымша

"Экипаж мүшесінің куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экипаж мүшесінің куәлігі (бұдан әрі – ЭМК) не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-бағанында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нысаны: Электрондық / қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрықтарына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) сәйкес азаматтық авиация саласындағы тәртіпте және мөлшерлемелер бойынша ақылы негізде көрсетіледі.
Төлем екінші деңгейдегі банктер қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі асқа үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін;
2) мемлекеттік корпорация – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін;
3) портал – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру электрондық (толық автоматтандырылған нысанда) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда, келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8.

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хат-өтінім;
2) лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) ЭМК алушының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған кезде), лауазымын көрсете отырып, жеке қолы үлгісінің, мөлшері 9x2 түрлі-түсті (күңгірт) фотоның (jpg графикалық форматта бас киімсіз және нысанды киімде) көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
5) мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда, авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің көшірмесі (ұшу құрамының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға);
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органының келісу хатының электрондық көшірмесі;
7) жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), авиациялық персоналдың қолданыстағы куәлігінің (ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрамға) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
8) көрсетілетін қызметті берушіге қызмет ақысын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Авиация персоналының шетелдік сертификаттарын ұсынған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның осы куәліктерді растаудың көшірмесін қоса беру қажет.
Ұшуда әуе кемесінің авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін персонал үшін ИКАО оқу орталығында алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы сертификаттың көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушы ЭМК алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) ЭМК алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Заңының 108-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органның ЭМК алу үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылады.

10.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету, соның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескерумен өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай интернет-ресурста орналастырылған:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www.caa.gov.kz.
Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мүмкіндігіне ие. Көрсетілетін қызметті алушы порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың бірыңғай байланыс орталығы арқылы: 1414, 8 800 080 7777 алуға болады.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрлігінің өзгерістер
мен толықтырулар енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 2-қосымша
Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру қағидаларына
5-қосымша

"Әуе айлағының (тікұшақ айлығының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ном

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

35 (отыз бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем өлшемі және оны алу тәсілдері

Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын беру – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеткізушімен өзара іс-қимыл жасау шарттарының электрондық көшірмелері (қызметтерді сатып алу кезінде);
3) ұшуларды жарықпен сигналдық қамтамасыз ету жүйесін ұшуларды тексерудің қолданыстағы актілерінің электрондық көшірмелері;
4) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша нұсқаудың электрондық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жоспар;
5) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және кәсіптік деңгейін қолдауды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
6) уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
7) ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үздіксіз қадағалау жөніндегі уәкілетті ұйым жүзеге асырғаны үшін Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен және Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерде мiндеттi аударымдарды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (қайта сертификаттау кезенде).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) сертификатты және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың дәйексіз болуын анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға, сертификаттық талаптарға және әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш беруші жарамдылық сертификатын алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда тоқтатылады;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық
жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өтініш беруші келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414",8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады