"Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 120 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 ақпанда № 33956 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 120 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15581 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктің сақталуға жататын негізгі құжаттарының тізбесінде және оларды сақтау мерзімдерінде:

      реттік нөмірлері 68 және 69 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

68.

Коллекторлық агенттік банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру шарттары бойынша құқықты (талап етуді) кредитордан сатып алған қарыз алушы (кепілсіз қарыздар бойынша) – жеке және заңды тұлғалардың кредиттік досьелері, оның ішінде кредитордың банктік қарыз шарты және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек туындаған күннен бастап қатарынан жиырма төрт ай ішінде қарыз алушы – жеке тұлғаның мерзімі өткен берешегін реттеу жөніндегі рәсімді жүргізгенін және коллекторлық агенттіктің қарыз алушы – жеке тұлғаның берешегін реттеу рәсімін құқықты (талапты) алған кезден бастап он екі ай ішінде жүргізгенін растайтын:
1) қағаз тасымалдағыштағы;

5 жыл*

5 жыл*

*Шарт бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін

2) электрондық тасымалдағыштағы құжаттар (кредиттік досьені электрондық нысанда қалыптастыру мүмкіндігі бар коллекторлық агенттіктер үшін)

5 жыл*

5 жыл*

*Шарт бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін

69.

Қарыз алушы (кепілсіз қарыздар бойынша) – жеке және заңды тұлғалардың кредиттік досьелері, оның ішінде кредитордың банктік қарыз шарты және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес микрокредит беру туралы шарт бойынша мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап қатарынан жиырма төрт ай ішінде қарыз алушы – жеке тұлғаның мерзімі өткен берешегін реттеу жөніндегі рәсімді жүргізгенін және коллекторлық агенттіктің қарыз алушы – жеке тұлғаның берешегін реттеу рәсімін құқықты (талапты) алған кезден бастап он екі ай ішінде жүргізгенін растайтын:
1) қағаз тасымалдағыштағы;

10 жыл*

10 жыл*

*Шарт бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін


2) электрондық тасымалдағыштағы құжаттар (кредиттік досьені электрондық нысанда қалыптастыру мүмкіндігі бар коллекторлық агенттіктер үшін)

10 жыл*

10 жыл*

*Шарт бойынша барлық міндеттемелер орындалғаннан кейін

  ".

      2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      2024 жылғы "___" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады