ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 485 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33675 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларын және Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыс туралы, сондай-ақ алушылар мен зейнетақы төлемдерінің мөлшерлері туралы ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидаларына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 126) тармақшасына сәйкес әзірленді және орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы ақпарат алмасу тәртібін айқындайды.";
1) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттер меншікті қаражаты есебінен шартты зейнетақы шотына аударған ақша;
10) уәкілетті мемлекеттік орган – уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО);";
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі - ШЗШ) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған, жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын шот.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Орталық атқарушы органның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары, шартты зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшері туралы ақпарат алмасу тәртібі";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) келіп түскен (қайтарылған) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ және (немесе) өсімпұл сомасы туралы;";
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары, есепті күндерге есептелген инвестициялық кірістің сомасы туралы;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толуына байланысты МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ есебінен қалыптастырылған және Мемлекеттік корпорацияда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті тіркеген зейнетақы жинақтары бар зейнетақы төлемдерін алушылар туралы;".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық:
2024 жылғы 23 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он бесінші және он алтыншы абзацтарын;
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидаларының 2-тармағы 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2024 жылғы 31 қаңтардағы № 18 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы "23" қараша № 485 бұйрығына 1-қосымша |
Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 125) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) дербес деректер – мәліметтер негізінде айқындалған немесе айқындалатын дербес деректер субъектісіне қатысты, электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген cол мәліметтер;
5) міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) – осы Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен БЗЖҚ-ға енгізілетін ақша;
6) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) – агенттер меншікті қаражатының есебінен БЖЗҚ-ға еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсіптері жұмыскерлер өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің пайдасына аударған ақша;
7) міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқоры – МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ бойынша аударылған төлемдер бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан (бұдан әрі – ЖТМДҚ) және "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ-дан қалыптастырылған мәліметтер;
8) жеке зейнетақы шоты (бұдан әрі – ЖЗШ) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналары салымшысының, өзі үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның (зейнетақы төлемдерін алушының) міндетті зейнетақы жарналары не міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары не ерікті зейнетақы жарналары, инвестициялық кіріс, өсімпұл және өзге де түсімдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдері жүргізілетін жеке атаулы шоты;
9) жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТМДҚ) – азаматтық жағдайды сәйкестендіру және айқындау үшін жеткілікті Қазақстан Республикасының жеке тұлғалары туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
10) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен агенттер меншікті қаражаты есебінен шартты зейнетақы шотына аударған ақша;
11) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – ОАО);
12) "Төлемдерді өңдеуді ұйымдастыру" ААЖ (бұдан әрі – "ТӨҰ" ААЖ) – МЗЖ, МКЗЖ бойынша төлемдерді қабылдауға, өңдеуге, қалыптастыруға арналған ААЖ;
13) шартты зейнетақы шоты (бұдан әрі - ШЗШ) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғаның атына ашылған, жұмыс берушінің келіп түскен міндетті зейнетақы жарналары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де түсімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті қаржы жылы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшері туралы мәліметтер есепке алынатын шот.
3. ОАО ААЖ және БЖЗҚ өзара іс-қимыл туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасу жолымен ОАО, БЖЗҚ, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация алынған ақпаратты өздеріне берілген, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-еңбек, сондай-ақ ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамада айқындалған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимыл және интеграциялау мақсатында пайдаланады.
2-тарау. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың дерекқорын қалыптастыру тәртібі
4. МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дерекқоры МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударған жеке тұлғалар бойынша ЖТМДҚ және "ТӨҰ" ААЖ мәліметтері негізінде қалыптастырылады және әрбір салымшы (алушы) бойынша:
1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
2) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні, жынысы, азаматтығы;
3) жеке басты куәландыратын құжаттың түрі, сериясы, нөмірі, құжаттың берілген күні және оны берген орган;
4) жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі және берілген күнінің өзгергені туралы;
5) салымшының (алушының) деректемелері, азаматтығы, мәртебесінің өзгергені туралы деректерді қамтиды.
5. МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дерекқоры күнделікті негізде жаңарту арқылы қалыптастырылады.
6. "ТӨҰ" ААЖ күн сайын жеке тұлғалардың МЗЖ, МКЗЖ бойынша жеке тұлғалардың дерекқорындағы дербес деректерін ЖТМДҚ-дағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді және айырмашылықтар анықталған кезде оларды ЖТМДҚ-дағы деректермен сәйкестікке келтіреді.
7. Мемлекеттік корпорацияға МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ төлеу бойынша агенттерден, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардан, сондай-ақ Кодекстің 248-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалардан МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл түскен кезде "ТӨҰ" ААЖ күн сайын жеке тұлғалардың дербес деректерін ЖТМДҚ-дағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Жеке тұлғалардың дербес деректері ЖТМДҚ деректерімен сәйкес келген кезде, оның ішінде Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген, қолданыстағы жеке басты куәландыратын құжат (құжаттар) болуы, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басты куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылар (алушылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысты болуы Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-ға агенттер аударған МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұлдар туралы мәліметтерді жібереді.
Жеке тұлғалардың дербес деректері ЖТМДҚ деректеріне сәйкес келмеген, оның ішінде салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген қолданыстағы құжаттар болмаған, Қазақстан Республикасының уәкілетті органы берген жеке басты куәландыратын қолданыстағы құжаты (құжаттары) жоқ салымшылар (алушылар) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарына қатысы болмаған, қайтыс болуы ЖТМДҚ-дағы мәліметтерге сәйкес МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл төленетін кезеңнен бұрын басталған салымшының (алушының) қайтыс болғаны туралы мәліметтер болған кезде Мемлекеттік корпорация қайтару себебін көрсете отырып, агентке МЗЖ, МКЗЖ, өсімпұл сомаларын "ТӨҰ" АЖ арқылы электрондық түрде қайтаруды жүзеге асырады.
8. МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дербес деректерінің өзгеруі туралы мәліметтерді БЖЗҚ-ға беру МЗЖ, ЖМЗЖ, МКЗЖ аударылған жеке тұлғалардың дерекқорына өзгерістер енгізілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мақсатында жасалатын Келісімде айқындалған электрондық тәсілмен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік корпорация БЖЗҚ-мен бірлесіп бір салымшыда (алушыда) МЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ны және (немесе) МКЗЖ-ны есепке алу бойынша бір ЖЗШ-ның болуын қамтамасыз етеді.