"Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 7 шiлдедегі № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 47 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 ақпанда № 34072 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 7 шiлдедегі № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23711 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік гидрометеорологиялық қорды жүргізу қағидаларында:

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қордың құжаттарын сақтауды "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидалары" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығының талаптарына сәйкес олардың сақталуын қамтамасыз ететін ҰГМҚ жүзеге асырады:

      1) Қор құжаттарын сақтау үшін оңтайлы жағдайлар жасау және күтіп ұстау (өрт тұрғысынан қауіпсіз, күзет дабылы бар, қажетті температуралық-ылғалдық, жарық және санитарлық-гигиеналық режимдерді қамтамасыз ету үшін жарамды құжаттарды ұзақ мерзімді сақтауға арналған арнайы жабдықталған қоймалар);

      2) құжаттардың сақталуын және құжаттарды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін қоймада оңтайлы орналастыру;

      3) қоймадағы құжаттардың болуы мен жай-күйін тұрақты тексеру;

      4) қоймадан құжаттарды беру тәртібін сақтау;

      5) құжаттары мен пайдалану қорларының сақтандыру көшірмелерін жасау.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданықа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар министрі
Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады