Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 11-42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 34076 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84-бабының 5-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы
С. Исабеков

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  2024 жылғы 28 ақпандағы
№ 11-42 Бұйрыққа
қосымша

Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі – МКҚ) ғимараттарын, асхана үй-жайлары мен олардағы мүлікті (бұдан әрі – мүлікті) өтеусіз уақытша беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт – МКҚ қызметкерлері мен әскери қызметшілерін тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарт;

      2) несие беруші – тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасуға мүдделі МКҚ республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) несие алушы – тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасасқан жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

      3. Несие беруші мүлікті өтеусіз уақытша беруді тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт міндеттемелерін жеке және заңды тұлғалардың орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

      4. Өтеусіз уақытша пайдалануға несие алушыға беруге жататын мүліктің тізбесін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шарт жасалғаннан кейін несие беруші әзірлейді.

2-тарау. Мүліктерді өтеусіз уақытша беру тәртібі

      5. Несие беруші және несие алушы мүлікті өтеусіз уақытша беру шартын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72-бабына сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыру туралы жасалған шарттың мерзімі шегінде жасасады.

      6. Несие беруші тамақтандыруды ұйымдастыру туралы шартқа қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде несие алушымен мүлікті өтеусіз уақытша беру шартын жасасады.

      7. Мүлікті өтеусіз уақытша беру шарты жасалғаннан кейін несие беруші несие алушыға мүлікті бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысанда мүлікті қабылдау-беру актісі бойынша береді.

      8. Мүлікті қабылдау-беру актісі әрбір тарап үшін бір-бір данадан екі данада әзірленеді.

      9. Мүлікті өтеусіз уақытша беру туралы шартта берілген мүлікті несие алушының дұрыс пайдалануына бақылауды тұрақты негізде жүзеге асыратын тараптың уәкілетті лауазымды адамының құқығы көрсетіледі.

  Ғимараттарды, асхана
үй-жайларын және олардағы
мүлікті өтеусіз уақытша
беру қағидаларына
қосымша

      нысан

  Бекітемін
____________________ бастығы
(бөлімше атауы)
_______ ________ ___________
(арнаулы атағы) (қолы)
(тегі және аты-жөні)
"____" ___________ 20___ жыл

Мүлікті қабылдау-беру актісі

_________ қаласы

"___" _________20___жыл

      Несие беруші _____________________________________________________________

      (несие берушінің атауы)

      Қағида (Жарғы) негізінде әрекет етуші _________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      тұлғасында бір тараптан және Несие алушы ____________________________________

      (несие алушының атауы)

      Тұлғасында _______________________________________________________________

                                    (лауазымы, Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      екінші тараптан ___________________________________________________________

                              (құрылтай құжаттарының атауы мен тіркелген күні)

      қолданыстағы негізінде

      ______________________________ мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы аумағы ___________________________ болатын "___" ______20___ жылғы №_____ ғимараттарды, асхана үй-жайларын және олардағы мүлікті өтеусіз уақытша беру шартына сәйкес мүлікті қабылдау және беруді жүзеге асырды.

      1. Мүліктің сипаттамасы:

№ р/с №

Үй-жайдың атауы

Объектінің қысқаша сипаттамасы және аумағы

Инженерлік-техникалық құрылғылардың болуы немесе болмауы туралы

Ескертпе



.



      2. Мүліктер тізілімі:

р/с №

Мүкәммалдық нөмірі

Мүліктің атауы

Саны

Өлш.бірл

Қысқаша сипаттамасы

Беру
мерзімі

Бастапқы құны (теңге)

Қалдығы (баланстық) (тенге)

Баланстық құнынынң қалдық пайызы

Тозу пайызы












      3. Берілген мүліктің және онда орналасқан мүліктің техникалық жағдайы анықталған

      ақаулар тізбесімен (бар болса): ______________________________

      ____________________________________________________________________.

      4. Есептеу аспаптарының көрсеткіштері: __________________________________

                                          (коммуналдық қызметті төлеу үшін)

      5. Осы Акт несие беруші мен несие алушы үшін бір-бірден екі данада жасалды.

 НЕСИЕ БЕРУШІ:
________________________________
________________________________
(несие берушінің атауы)
________________________________
________________________________
(орналасу орны)
________________________________
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
__________________________________
(қолы)
М.О.

 НЕСИЕ АЛУШЫ:
______________________________
______________________________
(несие алушының атауы)
______________________________
______________________________
(орналасу орны)
______________________________
______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
______________________________
(қолы)
М.О.(бар болса)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады