"Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 2 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 ақпанда № 34080 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12494 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Тергеп-тексерулер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 745 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 745 бұйрығына
1-қосымша

Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 199-бабына сәйкес әзірленді және әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны беру тәртібін айқындайды.

      2. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарламаны (бұдан әрі – Хабарлама) монополияға қарсы орган нарық субъектісіне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымға (бұдан әрі – Хабарлама берілген тұлға) бекітілген нысанға сәйкес жібереді.

      3. Хабарлама беру үшін монополияға қарсы органның мынадай белгілерді анықтауы негіз болып табылады:

      1) Кодекстің 169-бабының 2-тармағында көрсетілген нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері;

      2) Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану;

      3) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;

      4) жосықсыз бәсекелестік;

      5) мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), келiсiмдерi.

      4. Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген бұзушылықтар белгілері туралы мәліметтер көздері:

      1) мемлекеттік органдардан түскен материалдар;

      2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өтініштері;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламалары;

      4) монополияға қарсы органның жеке зерттеулері болаып табылады.

      5. Мынадай белгілер бойынша хабарлама берілмейді:

      1) Кодекстің 169-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер;

      2) Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану;

      3) нарық субъектілерінің экономикалық қызметін үйлестіру;

      4) сатып алуды жеткізушілердің және сауда-саттыққа қатысушылардың қызметін үйлестіру.

      6. Монополияға қарсы орган Хабарлама берілген тұлғаның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) осы Қағидалардың 3-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама шығарған сәттен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде табылған кезде, монополияға қарсы орган хабарлама жібермей тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.

      7. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы органның хабарлама шығармай және оны орындау мерзімі аяқталғанға дейін осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бойынша тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдауына жол берілмейді.

2-тарау. Хабарламаны беру тәртібі

      8. Хабарлама монополияға қарсы органға осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген белгілердің болуы туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарламасы бар тапсырысты хатпен немесе хабарламаның тиісінше жеткізілу фактісін тіркеуге (куәландыруға) мүмкіндік беретін байланыстың өзге де тәсілдері арқылы тапсырылады не жіберіледі.

      9. Хабарлама берілген адам, егер хабарлама өзіне, оның заңды өкіліне не хат-хабар алуға уәкілеттік берілген қызметкерге жеке өзі тапсырылса немесе жөнелту және алу фактісімен расталатын өзге де тәсілмен алынса, тиісінше хабарланды деп есептеледі.

      Хабарлама берілген адам да тиісті түрде хабарланған болып есептеледі:

      тіркелетін пошта жөнелтілімін алудан бас тартуды қамтамасыз етеді және пошта жөнелтілімінде немесе хабарламада қолы қойылған тиісті белгі қояды. Адресат тіркелетін пошта жөнелтілімін алудан бас тартқан жағдайда, адресат пошта жөнелтілімінде немесе хабарламаға қол қойып тиісті белгі жасайды. Егер адресат тіркелетін пошта жөнелтілімін алудан бас тартса және қолын қойып тиісті белгі жасамаса, пошта операторының жұмыскері пошта жөнелтілімінде және хабарламада "Адресат пошта жөнелтілімінен және қол қоюдан бас тартты" деп белгі жасайды;

      пошта жөнелтіліміне пошталық тіркеу нөмірі (сәйкестендіру әріптік-цифрлық штрих-коды) бойынша қайтару мәртебесін беру.

      Хабарлама берілген адамның орналасқан жерінің мекенжайы белгісіз болған жағдайда, хабарлама берілген адамның орналасқан жерінің соңғы белгілі мекенжайы бойынша хабарлама жіберу тиісті хабардар ету деп есептеледі.

      10. Хабарлама монополияға қарсы органның қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді.

      11. Хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі хабарлама берілген тұлға оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Хабарлама жіберілген тұлға Хабарламаны осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзімде міндетті түрде қарауға тиіс.

      Хабарлама берілген тұлға белгіленген мерзім ішінде хабарламада көрсетілген талаптардың және (немесе) шаралардың орындалғаны туралы монополияға қарсы органға хабарлайды (хатқа хабарламада көрсетілген талаптардың және (немесе) шаралардың орындалғанын растайтын материалдар (құжаттар, мәліметтер, ақпарат) қоса беріледі).

      13. Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, Хабарлама берілген тұлға хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен монополияға қарсы органға жүгінеді.

      Хабарлама берілген тұлғаның өтінішінде хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері баяндалады.

      Монополияға қарсы орган онда баяндалған дәйектерді ескере отырып өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы немесе дәлелді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Хабарламаны орындауды ұзарту мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайды.

      14. Аралық жауапты ұсыну немесе хабарламаның ішінара орындалуы туралы ақпаратты ұсыну оның орындалуы болып табылмайды.

      15. Хабарлама орындалған жағдайда монополияға қарсы орган коммерциялық ақпаратты қоспағанда, үш жұмыс күні ішінде хабарламаның орындалуы туралы Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері туралы мәліметтерді ұсынған мемлекеттік органды, жеке немесе заңды тұлғаны хабардар етеді.

      16. Монополияға қарсы орган хабарламаны орындау немесе оны ұзарту күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 11 және 13-тармақтарында белгіленген мерзімдерде тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 745 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 745 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама

      (шығарылған күні) (шығарылған орны)

      Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық туралы мәліметтерді талдау нәтижесі бойынша

      _______________________ әрекеттерінде (әрекетсіздігінде)

      (хабарлама объектісінің атауы көрсетіледі)

      _____анықталды

      (хабарлама объектісі бұзған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың анықталған белгілері сипатталады)

      Мазмұндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, ХАБАРЛАЙМЫН:

      1.______________________________________________________________

      (анықталған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері, сондай-ақ нарық субъектісі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым бұзған құқық нормалары сипатталады).

      2. Хабарлама алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде орындалсын.

      Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен монополияға қарсы органға жүгіну қажет.

      Өтініште хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері баяндалады.

      3. Хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзім ішінде растайтын материалдармен (ол болған кезде) қоса жіберу қажет.

      Осы хабарламаны орындамау, оны толық көлемде орындамау, оны орындау мерзімін бұзу әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы тергеп-тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.

      Төраға ______________________________________________________

      (монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшесінің басшысы

      (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, қолы)) (мөрдің орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады