БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20201 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 29 ақпандағы № 185 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына қосымша |
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Көші-қон саласындағы уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әкімшілік рәсім (мемлекеттік қызмет көрсету рәсімі) - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі өтініш жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;
3) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
4) әкімшілік акті (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі) - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір адамның немесе жеке-дара айқындалған адамдар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
5) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
6) бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;6) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) - жеке тұлғаға бір рет және өмір бойы берілетін он екі таңбалы цифрлық код;
7) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
8) сәйкестендiру нөмiрi бар құжат (шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін тіркеу куәлігі) – тiркеуші орган беретiн, сәйкестендiру нөмiрiнiң болуын растайтын құжат;
9) Ішкі істер министірлігінің операторы – Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкері;
10) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі - АКИ операторы) – берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының оған жұмысын істеуі қамтамасыз ету міндеті жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
11) Көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КҚП АЖ) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің ведомстволық ақпараттық жүйесі;
12) халыққа қызмет көрсету орталықтарының біріктірілген ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚКО БАЖ) - Қазақстан Республикасының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
13) құжаттың электрондық көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
14) цифрлық құжаттар сервисі – операторға бекітілген және мемлекеттік қызметтерді және одан туындайтын, сондай-ақ электрондық нысанда қызметтерді алуда және көрсетуде жеке және заңды тұлғалардың өзара іс-қимыл жасасуы кезінде мемлекеттік қызметтерді іске асыру мақсатында электрондық құжаттарды жасау, сақтау және пайдалану үшін арналған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектісі;
15) машинамен оқылатын аймақ – машинамен оқылатын жол жүру құжатының деректер бетінде бөлінген және машинамен оқу үшін қалыптастырылған міндетті және факультативтік деректерді қамтитын белгіленген мөлшердегі аймақ;
16) көзбен шолып тексеру аймағы – жол жүру құжатының машинамен оқылатын бөліктері, олар көзбен шолып тексеру үшін арналған, яғни алдыңғы және артқы жағында (қолданылатын жерде) және машинамен оқылатын аймақ ретінде белгіленбеген;
17) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) –Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келуін, кіру және шығуын және Қазақстан Республикасында виза алушылардың келуін бақылау жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйе.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар ЖСН қалыптастыру үшін көрсетілетін қызметті берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру жолымен жеке өзі жүгінеді.
Шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және мәртебесі реттелмеген адамдарға, Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған кезде мемлекеттік қызметті алу үшін негіз осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш болып табылады.
ЖСН түзету үшін жеке тұлға (немесе оның заңды өкілі) көрсетілетін қызмет берушіге, келген жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қоса бере отырып, өтініш беру жолымен жүгінеді.
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, көрсету нәтижесі және мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы қағидаларға 4-қосымшада жазылған.
Бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамдардың немесе мәртебесі реттелемеген адамдардың атынан қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің бастығы куәландырған ЖСН қалыптастыру туралы өтінішті сотталғанның жазасын өтеу орны бойынша ҚАЖ мекемесінің өкілі береді.
4. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мыналарды жүзеге асырады:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру;
2) құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын сондай-ақ осы Қағидаларға 4-қосымшасында көрсетілген тізбеге сәйкестігін тексеру;
3) ХҚКО БАЖ-да өтінімді ресімдеу.
ЖСН қалыптастыру бойынша өтінімді ресімдеу процесінде ХҚКО БАЖ-ға көрсетілетін қызметті алушының паспортының нөмірі енгізіледі. ХҚКО БАЖ "Бүркіт" БАЖ-мен интеграциялау арқылы шетелдік туралы анықтамалық деректер толтырылады және оның болуын растайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту туралы факті тексеріледі.
ЖСН қалыптастыру өтінішіне жеке басын куәландыратын құжаттың және оның нотариалды куәландырылған аудармасының электронды көшірмесі ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер ХҚКО БАЖ-ға осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес өтініште олар көрсеткен деректер негізінде енгізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті қызметкері ХҚКО АЖ және КҚП АЖ-ға өтініш жолдайды.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған жағдайда көрсеиілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдау туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат беріледі.
Көрсеиілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
5. Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
6. ЖСН қалыптастыруға немесе түзетуге арналған өтінім ХҚКО БАЖ-дан КҚП АЖ-ға орындауға ұсынылады.
7. ІІМ операторы келіп түскен өтініштердің дұрыстығын тексереді. Өтінім толтыру талаптарына сәйкес келген жағдайда ЖСН қалыптастыру немесе түзету рәсімін жүзеге асырады және интеграция арқылы қарау нәтижелерін ХҚКО БАЖ-ға жолдайды.
Өтінім мақұлданған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Тіркеу куәлігін басып шығарады.
Осы Қағидаларға 4-қосымшаның 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы хабарлама жолдайды.
8. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себебін жойған жағдайда осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес Мемлекеттік корпорацияға жеке жүгінген жағдайда жүзеге асырылады:
көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжаттың тұпнұсқасын немесе "Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 97 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 наурызда № 27181 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша пана іздеген адамның куәлігін көрсеткен кезде;
өкілдік етуге өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілі;
мемлекеттік қызметтің нәтижесін алуға нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының сенімді адамы;
не көрсетілетін қызмет алушы жазасын өтеп жүрген ҚАЖ өкілі.
10. Көрсетілетін қызметті беруші деректерді "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпарттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерлі көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданады.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, оның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалатын шағым лауазымды тұлғаға беріледі.
Шешімнің, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға әкімшілік іс жолдайды.
Бұл ретте шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде қолайлы әкімшілік акт қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет жасаса шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
14. Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін жол беріледі.
Өтініш
Маған ______________________________________________________________
үшін жеке сәйкестендіру нөмірін беруіңізді сұраймын.
Аты
латын транскрипциясында _____________________________________________
кириллица транскрипциясында__________________________________________
Аты-жөні
латын транскрипциясында _____________________________________________
кириллица транскрипциясымен _________________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
латын транскрипциясымен _____________________________________________
кириллица транскрипциясында__________________________________________
Туған күні ___________________________Жынысы _______________________
Азаматтығы_____________________Ұлты_________________________________
Келген елі ________Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі _____________
Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі _____________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың берілген күні _______________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі __________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың берілген елі ________________________
Туған жер____________________________________________________________
Ел______________ Облыс______________________________________________
Аудан _______________мекенжай_______________________________________
Мен ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
(қолы) (күні)
Өтініш
Мәртебесі реттелмеген, сот үкімі бойынша сотталған шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға, пана іздеуші адамға жеке сәйкестендіру нөмірін беруіңізді сұраймыз (керегін сызу).
_____________________________________________________________________
Аты
латын транскрипциясында ______________________________________________
кириллица транскрипциясында__________________________________________
Аты-жөні
латын транскрипциясында ______________________________________________
кириллица транскрипциясында____________________________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)
латын транскрипциясында ______________________________________________
кириллица транскрипциясында __________________________________________
Туған күні ______________________Жынысы _____________________________
Азаматтығы_________________Ұлты_____________________________________
Келген елі ________ Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі ______________
Жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі ______________________________
Берілген күні ___________ жеке басын куәландыратын құжат ________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі ___________________
Жеке басты куәландыратын құжаттың берілген елі _________________________
Туған жері______________Ел____________________________________________
Облыс___________________Аудан____________Мекенжай__________________
Мен ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
(қолы) (күні)
Мекеменің атауы ___________________________________________________
Мекеме бастығының ТАӘ ________________________________________ (МО)
(мекеме бастығының қолы)
Өтініш
Ұлттық тізілімдердегі анықтамалық деректерге __________________________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), туған күні, ЖСН)
төменде көрсетілген параметрлер бойынша түзетулер жүргізуді сұраймын:
№ | Параметрлер | ІІМ деректер базасындағы ағымдағы мәлімет | Өзгерту |
1 | Тегі | ||
2 | Аты | ||
3 | Әкесінің аты (ол болған жағдайда) | ||
4 | Туған жылы | ||
5 | Туған жері | ||
6 | Азаматтық | ||
7 | Жынысы | ||
8 | Құжат нөмірі | ||
9 | Құжаттың берілген күні | ||
10 | Құжаттың жарамдылық мерзімі | ||
11 | Құжатты берген ел |
*кестеде тек реттеуді қажет ететін параметрлерді көрсетеді
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 4-қосымша |
"Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіруді нөмірін қалыптастыру және түзету" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының аумақтық полиция органдары |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі |
Қажетті құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға тапсырған күннен бастап – 1 (бір) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Тіркеу куәлігін беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа (сенбі, жексенбі) дүйсенбіден бастап жұма аралығында (сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін). |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы ЖСН қалыптастыруға жеке өзі (балалар және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар үшін, өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары) жүгінген кезде: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерді көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар | Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне өзі қызмет көрсетуді, өз бетімен қозғалуды, бағдар алуды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін кызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, жүргізеді. |
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 5-қосымша |
Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзетуге құжаттарды қабылдау туралы қолхат
____________________________________________________________________
Өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда).
Қабылданған құжаттар тізімі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
Қабылдаған: _______________________ / __________ /
____________________________________________________________________
(ПД КҚҚБ қызметкерінің лауазымы) (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
20__ ж. "__"________
Берген уақыты мен күні: ____ сағат __ минут 20__ ж. "__" ____________
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 6-қосымша. |
Жеке сәйкестендіру нөмірін Қалыптастыру |
Регистрационное свидетельство <номер> |
Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету қағидаларына 7-қосымша |
Жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудан бас тарту туралы ХАБАРЛАМА
Тегі <Тегі> |
Фамилия <Фамилия> |