"Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 95/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 1 наурызда № 34091 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ тізілімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32431 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" Мемлекеттік қызмет көрсету Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1-тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 13 (он үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ бұйрығымен бекітілген Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32416 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру жөніндегі лицензияны қайта ресімдеу Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 33 және 34-баптарында белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қалпына келтіру, одан айыру Заңның 9-бабында және Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 45-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс";

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 13 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың тоғызыншы және оныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады