"Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 11 наурыздағы № 133 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 наурызда № 34136 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 наурыздағы № 376 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16662 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары";

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 509-бабының 6-тармағына және 564-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленген және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік кірістер органдарына объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну тәртібін белгілейді.";

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

  Қазақстан Репсубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 11 наурыздағы
№ 133 Бұйрыққа
қосымша
  Жерді пайдалану мен қорғауды
бақылау жөніндегі уәкілетті
органның мемлекеттік кірістер
органдарына объектілер салуға
арналған және тиісті
мақсаттарда пайдаланылмайтын
немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын жер учаскелері
бойынша сондай-ақ мақсаты
бойынша пайдаланылмайтын
немесе
Қазақстан Республикасының
заңнамасы бұзыла отырып
пайдаланылатын ауыл
шаруашылығы мақсатындағы
жер учаскелері бойынша
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
қосымша
  нысан

20___ жылғы "__" __________ объектілер салуға арналған және тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелері бойынша, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша мәліметтер

      Индекс: __________________

      Кезеңділігі: жылдық.

      Ұсынатындар: Ұсынатындар: жерді пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкілетті орган

      Қайда ұсынылады: аумақтық мемлекеттік кірістер органына

      Ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі екінші айдың 15-і күнінен кешіктірілмейтін мерзімде

Заңды тұлғалардың атауы немесе жеке тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (БСН/ЖСН)

Жер учаскесі тұрған жері

жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Жер учаскесін мақсатты пайдалану

Жер учаскесінің алаңы (гектармен)

жер учаскесінің санаты

Жердің аймақтық коэффициенті

Бонитет балы (елді мекендердің жерлерін қоспағанда)

Жалпы алаңы

оның ішінде:

тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын

мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

























      кестенің жалғасы:

Үлес алаңы (жалпы үлестік меншік болса), гектармен

Бұзушылық түрі

Тексеру актісінің күні мен нөмірі

Нұсқаманың күні мен нөмірі

Нұсқаманы табыс ету күні

Анықталған бұзушылықты жою күні

13

14

15

16

17

18













______________________________
(уәкiлеттi мемлекеттік орган басшысының, не оны алмастыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
______________________________
(Мәліметтерді жасауға жауапты лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Мәліметтер жасалған күн
20__жылғы "___"__________

_______
(қолы, мөрдің орны)
_______
(қолы)

_________________________
(Осы мәліметтерді қабылдап алған мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)
________________________
(қолы)
Мәліметтер қабылданған күн 20___жылғы ___________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады