"Босқын мәртебесін беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 20 наурыздағы № 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 наурызда № 34177 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27506 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидаларында:

      11-тармақтың төртінші абзацының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      11-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ІІО және ҚҚАО ААЖ-ның есептері бойынша пана іздеп жүрген адамды тексеру жүзеге асырылғаннан кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 664 "Шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7274 болып тіркелген) аурулар тізбесінде көрсетілген аурулардың болмауына міндетті медициналық куәландыруға жолдама беріледі, сондай-ақ Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып, әңгімелесу жүргізіледі.";

      25-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Міндетті медициналық куәландырудан өту мерзімі өткен кезде, сондай-ақ пана іздеген адам сауалнама парағын ресімдеумен әңгімелесуден (оның ішінде қосымша) немесе босқын мәртебесін беру туралы одан әрі рәсімінен өту үшін ХЖҚЖАО-ға келмеген кезде ХЖҚЖАО-ға келмеу себептерін түсіндіру үшін ХЖҚЖАО-ға шақыра отырып, беру туралы хабарламамен бірге пана іздеген адам көрсеткен тұрғылықты мекенжайы бойынша тапсырыс хат (бұдан әрі – жазбаша хабарлама) жолдайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Өтінішхатты қарау мерзімін ұзарту үшін негіз болған жағдайда ХЖҚЖАО-ның бастығы тиісті шешім қабылдайды, ол туралы пана іздеген адамға 2 (екі) жұмыс күні ішінде пошта арқылы – хабарламасы бар тапсырыс хатпен хабарланады.

      Пана іздеген адам ХЖҚЖАО-ға 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінішхатты қарау мерзімін ұзартуға келмеген кезде өтінішхатты қарау тоқтатылады.

      Комиссияның өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша ХЖҚЖАО-ның бастығы күнтізбелік бір күн ішінде өтінішхат бойынша шешім қабылдайды.

      Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша оң шешім қабылданған кезде пана іздеген адам күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде дактилоскопиялануы тиіс.

      Қабылданған шешім туралы пана іздеген адамға 5 (бес) жұмыс күні ішінде босқын куәлігін беру немесе дәлелді бас тарту арқылы хабарланады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Егер пана іздеген адам өтінішхатты қарау кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға ниеттенгені туралы мәлімдесе, оған өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш беру құқығы түсіндіріледі.

      Пана іздеген адам өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш берген кезде ХЖҚЖАО өтініш қабылданған өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылдайды. Өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін ХЖҚЖАО шетелдіктен, азаматтығы жоқ адамнан пана іздеген адамның куәлігін алып қояды және пана іздеген адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуын бақылауды жүзеге асырады.

      Пана іздеген адам ХЖҚЖАО-ға хабарламай Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан кезде, өтінішхатты қарау тоқтатылады.

      Өтінішхатты қарауды тоқтатқаннан кейін бір ай мерзімде ХЖҚЖАО адамның кеткені туралы уәкілетті органға хабарлайды.".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің міндетін атқарушы
А. Сарбасов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады