"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 15 наурыздағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 сәуірде № 34220 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.09.2024 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31561 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Академияның негізгі академигін сайлау үшін ғылым саласындағы уәкілетті орган өтпелі төралқа жүзеге асыратын сайлау рәсімдерін қоспағанда, конкурс басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей ресми интернет-ресурста құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.

      Конкурс өткізу туралы хабарландыруда:

      1) конкурс өткізетін ұйымның орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген атауы;

      2) конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми интернет-ресурста жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін құжаттарды қабылдау мерзімі;

      3) осы қағидаларда айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар және Академия бөлімшелері бойынша (ғылым салалары мен бағыттары бойынша) бос орындар саны туралы мәліметтер;

      4) осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі және оларды ұсыну тәсілдері туралы ақпарат;

      5) конкурсқа қатысу үшін өтініштің және қызметтік тізімнің нысандары;

      6) шағымдану тәртібі туралы ақпарат;

      7) әңгімелесу өткізу мерзімі мен орны туралы мәлімет қамтылады.";

      7-тармақта:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттарды және ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс жөніндегі бағыттарды қоспағанда, рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған соңғы 10 (он) жылдағы (Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының деректері бойынша 1 (бірінші) және 2 (екінші) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) дерек қорында базасында Сite Score (Сайт Скор) бойынша кемінде 50 (елу) процентиль көрсеткіші бар, жарияланымдардың көшірмелері;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттар үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынған басылымдар тізбесінің журналдарында және (немесе) Scopus (Скопус) және (немесе) Web of Science (Веб оф Сайнс) дерек қорында рецензияланатын ғылыми журналдарда соңғы 5 (бес) жылдағы жарияланымдардың көшірмелері; 

      8-2) ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі бағыттар үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізбесінің журналдарындағы соңғы 5 (бес) жылдағы жарияланымдардың (мақалалардың) көшірмелері;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. III кезеңде сараптама комиссиясының хаттамасын алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларда белгіленген Академия төралқасының отырысында академияға сайлануға үміткердің үлгілік бағдарламасы бойынша үміткер бағдарламаны қорғайды.

      Академия Төралқасы үміткердің бағдарламасын бағалауды оның өзектілігін, жаңашылдық деңгейін (оның ішінде жоспарланған зерттеулер мен әзірлемелерді), тиімділігін (ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізуге және ғылыми-технологиялық даму басымдықтарын іске асыруға қосқан үлесі бөлігінде), мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуді және Академия Төралқасы бекітетін Қағидаларға сәйкес бағдарламаның ресурстық қамтамасыз етілуін айқындау тұрғысынан жүргізеді.

      Академия Төралқасының отырысында үміткерлердің бағдарламасын қорғау күндізгі нысанда және олардың жеке қатысуымен жүргізіледі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Академияның негізгі академигі болып негізгі академикке үміткердің сапалық және сандық көрсеткіштері бойынша сараптама жөніндегі сараптамалық комиссия қорытындысына сәйкес ең көп балл жинаған, бағдарламаны қорғау нәтижелері бойынша бағалаудың ең жоғары көрсеткішін алған және Жалпы жиналысқа қатысқан негізгі академиктердің жалпы санының кемінде үштен екісі дауыс берген үміткер сайланды деп есептеледі.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Академияның құрметті академиктері осы Қағидалардың талаптарына сәйкес Академияның негізгі академиктерін сайлау үшін конкурсқа қатысады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Өтпелі төралқа құрылған сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өз отырысында Академияның академиктерін сайлаудың бірінші рәсімін өткізеді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау критерийлерінде:

      1-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттарды және ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс жөніндегі бағыттарды қоспағанда Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) 1 (бірінші) және 2 (екінші) квартильге кіретін рецензияланатын ғылыми журналдарында немесе Scopus (Скопус) дерекқорында Сite Score (Сайт Скор) көрсеткіші кемінде 50 (елу) процентиль көрсеткіші бар соңғы 10 (он) жылда кемінде 9 (тоғыз) жарияланымның болуы;";

      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) ұлттық бірегейлік саласындағы әлеуметтік гуманитарлық бағыттар үшін ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізбесінің журналдарында және (немесе) Scopus (Скопус) және (немесе) Web of Science (Веб оф Сайнс) дерекқорларында рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған соңғы 5 (бес) жыл ішінде кемінде 9 (тоғыз) жарияланымның болуы; 

      7) ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі бағыттар үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізбесінің журналдарында соңғы 5 (бес) жылда кемінде 9 (тоғыз) жарияланымның болуы.";

      Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндетін атқарушысы
Д. Ахмед-заки

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін
атқарушысы
2024 жылғы 15 наурыздағы
№ 112 Бұйрыққа
1-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ғылым академиясының
академиктерін сайлау
қағидаларына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне сайлануға үміткердің үлгілік бағдарламасы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне сайлануға үміткердің осы бағдарламасы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі болып сайланған жағдайда үміткердің өткізуі болжанатын 5 (бес) жылдық кезеңге арналған іс-шаралардың қысқаша сипаттамасы мен тізбесін қамтуға тиіс.

      Әрбір іс-шара бойынша үміткердің іс-қимыл жоспарын, осы іс-шараның аяқталу нысанын және оны іске асыру мерзімін көрсету қажет. Үміткер үміткер бағдарламасының үлгілік нысанында көзделмеген қосымша іс-шараларды енгізеді не орындау мерзімі бойынша өзгерістерді енгізеді.

      1. Іс-шаралар тізбесін келесі кезеңдерге бөлу қажет:

      1) үміткердің бағдарламасын 1 (бірінші) жылы орындау;

      2) үміткердің бағдарламасын кейінгі кезеңдерде орындау.

      Іс-шаралар тізбесінде көрсету қажет:

      1) ғылым мен техника саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға қатысу – кемінде 1 (бір) ұсыныс;

      2) өз бағыты бойынша Қазақстан Республикасында ғылымды дамыту жөніндегі өзіндік болжамдарды жүргізу бойынша деректер – кемінде 1 (бір) ұсыныс.

      2. Бірінші және үшінші жылдардағы кезеңде үміткер бағдарламасының орындалуы:

      1) көпсалалы зерттеу тобын ұйымдастыру – кемінде 1 (бір) зерттеу тобы (үміткердің тікелей басшылығымен кемінде 2 (екі) ғылыми-техникалық бағдарламаны және/немесе жобаларды іске асыруға арналған шарт);

      2) Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Джоурнал Ситэйшн Рэпортс) деректері бойынша Q1-Q2 журналдарында мақалалар шығару – кемінде 3 (үш) мақала;

      3) әр түрлі ғылыми іс – шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу (зерттеу бейіні бойынша республикалық немесе халықаралық деңгейдегі мастер кластар, конференция, тренингтер) – кемінде 3 (үш) іс-шара).

      3. Үміткердің 5 (бес жылдық) кезеңдегі бағдарламасын орындау:

      1) отандық ғылыми кадрлар PhD философия докторларын, бейіні бойынша докторларды және (немесе) ғылым кандидаттарын және ғылым докторларын даярлау – кемінде 2 (екі);

      2) ғылыми жобалар мен бағдарламаларға, мемлекеттік бағдарламаларға, заң жобаларына, нормативтік құқықтық актілер мен стандарттар жобаларына сараптама жасау – кемінде 10 (он) сараптамалық қорытынды;

      3) ғылымды қажетсінетін өндірістер мен инновациялық қызметті (техникалық, инженерлік, жаратылыстану ғылымдары) құруға қатысу – кемінде 1 (бір) зауыт, цех, тәжірибелік-өндірістік алаң (пайдалануға беру актісі), стартап-компания;

      4) кәсіпкерлік субъектілерін ғылыми қызметке тартуды қамтамасыз ету – кемінде 3 (үш) бірлескен шарт (оның ішінде ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру және/немесе қоса қаржыландыру);

      5) гуманитарлық ғылымдар саласында оқулық және (немесе) монография, мұражай көрмелері, иллюстрациялық бейне дәрістер, ұлттық киносценарийлер дайындау – кемінде 5 (бес) оқулық;

      6) зияткерлік меншік объектілеріне қорғау құжатын (өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер және пайдалы модельдер, селециялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиялары) өнертабысқа арналған жаһандық инновациялар индексінің (техникалық, инженерлік, жаратылыстану ғылымдары) соңғы рейтингінде көшбасшы орын алатын 30 (отыз) елдің патенттік ұйымдарының бірінен қорғау құжатын алу – кемінде 2 (екі) қорғау құжаттары;

      7) зияткерлік меншікті мемлекеттік тіркеу туралы қорғау құжатын алу (гуманитарлық ғылымдар үшін) – кемінде 1 (бір) қорғау құжатын алу;

      8) ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу – ғылыми және (немесе) коммерциялық ұйымдармен жасалған кемінде 3 (үш) шарт;

      9) ғылымды танымал етуге қатысу (бұқаралық ақпарат құралдарында ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау) – теледидарда және (немесе) радиохабарларда кемінде 5 (бес) сұхбат, республикалық деңгейдегі баспа бұқаралық ақпарат құралдарында кемінде 5 (бес) ғылыми-танымал мақалалар жариялау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі орындарында білім алушылар үшін ғылыми – танымал кемінде 5 (бес) дәріс оқу, бейнематериалдар (бейнеәдістер, фильмдер, репортаждар, бейне-подкасттар және басқалар) жасау және оларды интернет – ресурста орналастыру (сілтемелер, бейне есептер) - кемінде 5 (бес) жұмыс.

      _________________________________________________________________________

      Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), күні және қолы.

  Бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Ғылым академиясының
академиктерін сайлау
қағидаларына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасының
Ұлттық ғылым академиясының
төралқасы

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының нақты академигі болып сайлануға үміткердің сапалық және сандық көрсеткіштері жөніндегі сараптама комиссиясының қорытындысы

      _______________________________

      (Т. А. Ә. (бар болса))


Болмауы

Максималды балл

1-параметр

2- параметр

1

Үміткерде ғылым және техника саласындағы халықаралық және (немесе) мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағының болуы

0

5

Мемлекеттік сыйлық болған жағдайда 3 балға дейін беріледі

Халықаралық сыйлық болған жағдайда 5 балға дейін беріледі

2

Үміткерде ғылым және техника саласындағы халықаралық және (немесе) мемлекеттік стипендиялардың лауреаты атағының болуы

0

5

Мемлекеттік стипендия болған жағдайда 3 балға дейін беріледі

Халықаралық стипендия болған жағдайда 5 балға дейін беріледі

3

Үміткердің халықаралық ғылым академияларына мүшелігінің болуы

0

5

1 – 3 академияларға мүшелік 3 балға дейін

4 және одан да көп академияларға мүшелік 5 балға дейін

4

Үміткердің өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке немесе интегралдық микросхемалар топологиясына жаһандық инновациялар индексінің өзекті рейтингінде көшбасшы орын алатын 30 (отыз) елдің бірінің қорғау құжатының болуы (гуманитарлық ғылымдар үшін - зияткерлік меншік объектісіне қорғау құжатының болуы);

0

10

Қазақстандық патент немесе шетелдік патент болған жағдайда (гуманитарлық ғылымдар үшін - зияткерлік меншік объектісіне қорғау құжатының болуы) 5 балға дейін

Халықаралық патент болған жағдайда 10 балға дейін беріледі

5

Үміткерде конструкторлық-технологиялық құжаттаманың болуы

0

10

Қазақстан Республикасының конструкторлық-технологиялық құжаттамасы болған жағдайда 10 балға дейін

Шет елдің конструкторлық-технологиялық құжаттамасы болған жағдайда 10 балға дейін

6

Ғылыми кеңесші және (немесе) басшы ретінде 3 (үш) философия докторын (PhD), бейіні бойынша докторларды, ғылым кандидаттарын немесе ғылым докторларын даярлау тәжірибесі

0

5

1-2 адам 3 балға дейін

3 адамнан жоғары 5 балға дейін


Барлығы:


40



      Сараптама комиссиясының төрағасы _______________________________

      Т.А.Ә. (бар болса)

      Сараптама комиссиясының мүшелері _______________________________

      Т.А.Ә. (бар болса)

      Сараптама комиссиясының хатшысы ________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады