БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
2024 жылғы 11 сәуірдегі № 104 бұйрығына қосымша/ |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32885 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында:
6-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Төтенше жағдайлар кезінде атаулы әлеуметтік көмекті қазіргі алушыға уәкілетті мемлекеттік органның автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек тоқсанның соңғы күніне автоматты түрде келесі тоқсанға өтінішсіз ұзартылады.";
14-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Төтенше жағдайлар кезінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға алғашқы өтініш жасалған кезде учаскелік комиссия өтініш берушінің материалдық жағдайына тексеру жүргізбейді.".
2. "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларында:
69-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) үш жылға дейін – дәлелді себеппен қайта куәландырудың кезекті мерзімін өткізіп алған кезде (ұзақ үздіксіз стационарлық емдеу салдарынан кезекті қайта куәландыруға келудің мүмкін еместігі);";
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"70. Төтенше жағдай кезеңінде, төтенше ахуал кезінде қайта куәландыру мерзімі төтенше жағдай енгізілгенге және төтенше ахуал жарияланғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта және төтенше жағдай, төтенше ахуал кезінде басталған және көрсетілген кезеңдерде куәландырудан қайта өтпеген адамдарға мүгедектік, еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі және мүгедектігі бар адамдардың ОЖБ мерзімдері төтенше жағдай кезеңінде, төтенше ахуал кезінде автоматты түрде ұзартылады. Төтенше жағдай режимінің, төтенше ахаул қолданысы аяқталған ай толық есептеледі.".
3. "Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32956 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 48-1 және 48-2-тармақтармен толықтырылсын:
"48-1. Төтенше жағдайлар кезінде қарыз алушыларға төлемдерді кейінге қалдыру ұсынылады. Ағымдағы жылғы кесте бойынша барлық төлемдер шарттың қолданысын тиісті ұзарта отырып, біркелкі төлемдермен қаржыландыру мерзімі аяқталғанға дейін келесі жылдың төлемдеріне бөлінеді.
48-2. Қарыз алушылардың кредиттері бойынша төтенше жағдайларға байланысты туындаған төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.".
4. "Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 31-1-тармақпен толықтырылсын:
"31-1. Төтенше жағдай жарияланған аумақта субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың еңбегіне ақы төлеуді Еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс берушілерден мәліметтерді талап етпей, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.".