"Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 18 сәуірдегі № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 34277 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 3-3/997 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12386 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге арналған өтінімді қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және патентке қабілеттілікке сараптама жүргізуге және сынақтан өткізуге (адамның интеллектуалды шығармашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын, аң шаруашылығы, қоян шаруашылығы, марал шаруашылығы, қашыр шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, есек шаруашылығы, құс шаруашылығы, балара шаруашылығы, балық шаруашылығы, ит шаруашылығы сияқты мал шаруашылығының қосымша салаларын қоса алғанда, жануарлардың жаңа тұқымдарын) арналған өтінімді қарау тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      7, 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Егер бір тұқым үшін патент беруге арналған өтінім Қазақстан Республикасында және басқа елдергеде берілсе, онда тұқымның атауы осы Қағидалардың 6-тармағының талаптарына сай келмейтін жағдайларды қоспағанда, бірдей болуы тиіс.

      8. Мемлекеттік комиссия тұқым атауының осы Қағидаларға 6 және 7-тармақтарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша сараптамалық ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауын тексерудің оң нәтижесі туралы қорытындыны не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауын тексерудің теріс нәтижесі туралы қорытындыны үш данада жібереді.

      9. Егер тұқымның атауы осы Қағидаларға 6 және 7-тармақтарда көрсетілген талаптарға жауап бермесе, онда сараптамалық ұйымның сұрауы бойынша өтінім беруші екі ай мерзімде тұқымның жаңа атауын ұсынады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 18 сәуірдегі
№ 128 бұйрығына
1-қосымша
  Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Мекенжайы: __________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

Бекітемін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы _________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) 20_____ жылғы "____" _____________

      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауын тексерудің оң нәтижесі туралы қорытынды

Тексеру жүргізудің негізі


Келіп түскен күні


Селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған атауы


Селекциялық жетістіктің атауы


Өтінім беруші (лер)


      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдары сараптамасының нәтижесінде жаңа селекциялық жетiстiктiң атауы "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетіндігі белгіленді.

      Мүшелері: __________ _____________________________________________________

                        (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _______________________________________________________________

      (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _______________________________________________________________

      (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 18 сәуірдегі
№ 128 бұйрығына
2-қосымша
  Патентке қабілеттілікке
сараптама жүргізуге және
сынақтан өткізуге арналған
өтінімді қарау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Мекенжайы: __________________________ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы

Бекітемін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тұқымдарды сынақтан және байқаудан өткiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы _________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) 20_____ жылғы "____" _____________

      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетiстiктiң атауын тексерудің теріс нәтижесі туралы қорытынды

Тексеру жүргізудің негізі


Келіп түскен күні


Селекциялық жетістіктің ұсынылып отырған атауы


Селекциялық жетістіктің атауы


Өтінім беруші (лер)


      Мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктің атауына берілген өтінім материалдары сараптамасының нәтижесінде жаңа селекциялық жетiстiктiң атауы "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіндігі белгіленді.

      Мүшелері: __________ _____________________________________________________

      (қолы)       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _______________________________________________________________

      (қолы)       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      ___________ _______________________________________________________________

      (қолы)       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады