"Ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 180 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 34282 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық ғылыми кеңестер тізбесін және олар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 487 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33466 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережеде:

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Әрбір объект бойынша кеңестің шешімі МҒТС нәтижелері бойынша бағалау балын және кеңестің қорытындысына сәйкес жалпы балды қосу арқылы алынған қорытынды балл негізінде қабылданады. МҒТС нәтижесінде белгіленген қаржыландыру сомасы нұсқаларының бірі, егер бағалау процесінде оны кеңес отырысына қатысушы кеңес мүшелерінің көпшілігі көрсетсе, тиісті негіздемесі бар объектіні қаржыландыру көлемі ретінде айқындалады.

      Егер қаржыландырудың екі түрлі көлемі кеңес мүшелері көпшілігінің бірдей дауыс санын алса, онда объектіні қаржыландыру көлемі ретінде олардың азы айқындалады. Егер объектіні бағалау процесінде кеңес мүшелерінің көпшілігі сұралғаннан 25 %-ға (жиырма бес) төмен соманы көрсетсе, онда кеңес іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдерді қоспағанда, объектіні қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      Іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын жобалар бойынша өтінімдер үшін объектіні қаржыландыру көлемі ретінде МҒТС нәтижесінде белгіленген сома айқындалады.

      Апелляциялық комиссияның жұмысы аяқталып, кеңес оның барлық шешімдерін орындағаннан кейін объектілер қорытынды балдың үлкен мәнінен кішісіне кему тәртібімен объектілерді орналастыра отырып, қорытынды балдың негізінде сараланған тізім түрінде ресімделеді.

      Объектілер қорытынды балдың үлкен мәнінен кіші мәніне кему тәртібімен объектілерді орналастыра отырып, қорытынды балдың негізінде сараланған тізім түрінде ресімделеді.

      Бірдей қорытынды балл жинаған объектілер кеңес таңдаған қаржыландыру көлемінің өсуі бойынша сараланады.

      Гранттық қаржыландыру бойынша қорытынды балы 30-дан (отыз) кем объектілер сараланған тізімге енгізілмейді, ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы кеңесті қоспағанда, кеңес жобаны қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      Гранттық қаржыландыруға мақұлданған жиынтық қаржыландыру көлемі тиісті жылдарға ЖҒТК шешімімен көзделген осы бағытқа арналған қаржыландырудың жалпы көлемінен аспайтын балдары ең жоғары объектілер болып саналады. Қаржыландыру мақұлданған объектілердің соңғысы шекті – қорытынды балдың мәнін құрайды. Шектен төмен балл жинаған объектілер қабылданбайды.

      Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша сараланған тізімдер ғылыми-зерттеу жұмысына арналған әрбір техникалық тапсырма бойынша жеке қалыптастырылады. Сараланған тізімде ең жоғары қорытынды балл жинаған объект қаржыландыруы мақұлданған болып саналады. Қалған объектілер қабылданбайды.

      Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге арналған конкурстық рәсімдерден тыс қаржыландыру ұсынылатын объектілер бойынша сараланған тізім жасалмайды. Мұндай объектілерді мақұлдау немесе қабылдамау туралы шешімдер кеңес отырысына қатысып отырған кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың іргелі ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға арналған өтінімдерді іріктеу жөніндегі кеңестің шешімі МҒТС нәтижелері ескеріле отырып, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      ЖҒТК шешімімен көзделген бір басымдық шеңберіндегі гранттық қаржыландыру көлемдері тиісті жылдарға ғылым салалары бойынша тең бөлінеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушысы
Д. Щеглова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
міндетін атқарушысы
2024 жылғы 19 сәуірдегі
№ 180 бұйрыкқа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2023 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 487 бұйрығына
1-қосымша

Ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі

      1. "Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      2. "Энергия, озық материалдар және транспорт" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      3. "Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      4. "Жаратылыстану ғылымдары" ғылым бағыты бойынша "Елдің зияткерлік әлеуеті" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметін дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      5. "Әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер" ғылым бағыты бойынша "Елдің зияткерлік әлеуеті" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметін дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      6. "Өмір және денсаулық туралы ғылым" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      7. "Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      8. "Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

      9. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру" ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті дамытудың басым бағыты бойынша ұлттық ғылыми кеңес.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады