Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 25 сәуірде № 34302 болып тіркелді

      "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешіміне және "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 157-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 23 сәуірдегі
№ 149 бұйрығымен
бекітілген

Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешіміне (бұдан әрі – Жүйелердің жұмыс істеу тәртібі) және "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 157-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдарының шассиінің), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – бірыңғай тізілім) – Еуразиялық экономикалық комиссия бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктері негізінде электронды түрде қалыптастырады және жүргізеді. Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігін индустрия және индустриялық-инновациялық даму салаларындағы уәкілетті орган қалыптастырады және жүргізеді;

      2) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің әкімшісі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісі) – көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдарының шассилері паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарының жүйелерін пайдалануға беруді, пайдалануды, өнімділігін оңтайландыруды, қол жеткізуді қамтамасыз ету мен бақылауды, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, техникалық қамтамасыз ету мәселелерін қадағалауды, жүйелерге қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимыл жасауды, осы жүйелерге жаңа қатысушыларды қосуды, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы жүйелердің функциялары саласындағы заңнамасын үндестіру үшін қажет шараларға бастамашылық жасауды қоса алғанда, осы жүйелерді жобалау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру функциясы жүктелген, Еуразиялық экономикалық комиссия айқындайтын ұйым;

      3) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесі (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесі) – есептеуіш және коммуникациялық жабдықты, бағдарламалық қамтылымды, лингвистикалық құралдарды, ақпараттық ресурстарды, жүйелік персоналды және осы жүйеде белгіленген қағидалар бойынша өзара іс-қимыл жасайтын қатысушылар мен пайдаланушыларды қамтитын, сондай-ақ осы жүйенің белгіленген функцияларын орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын құрылымдалған кешен;

      4) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) (бұдан әрі – электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) – қауіпсіздікті және электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылармен және билік органдарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ете отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісімен жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      5) көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын және (немесе) ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар автомотокөлік құралдарына және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт (шасси тұтынушыларға жеткізіп берілетін жағдайда көлік құралының шассиіне берілетін паспорт);

      6) көлік құралының электрондық паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты) – көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің паспорттары) жүйесінде ресімделген көлік құралының паспорты (көлік құралы шассиінің паспорты);

      7) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты – жұмыс көлемі елу текше сантиметрден жоғары іштен жану қозғалтқышы немесе ең жоғары (жиынтық) қуаты төрт киловаттан асатын электрлі қозғалтқышы (электрлі қозғалтқыштары) бар тракторларға, өздігінен жүретін жол-құрылыс, коммуналдық, ауыл шаруашылығы машиналары мен жер үстінде рельссіз жүретін басқа да механикалық көлік құралдарына (жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жол жүруге арналған, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу километрден асатын автомотокөлік құралдарын қоспағанда) және олардың тіркемелеріне берілетін паспорт;

      8) өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты – өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде ресімделген өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлерінің паспорты;

      9) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің және оның (олардың) қаптамасының тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен айқындалатын заңды тұлға;

      10) уәкілетті орган (ұйым) – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдарының шассиінің), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген көлік құралының электрондық паспорттарын ресімдеуге уәкілетті органдар (ұйымдар);

      11) электрондық құжат айналымы – электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылар арасында электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжаттармен (хабармен) электрондық паспорттар жүйесінде алмасу.

2-тарау. Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын жүргізу тәртібі

      3. Электрондық паспорттар Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына, шетелдік жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ азаматтығы жоқ жеке тұлғаларға тиесілі:

      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге арналған, мемлекеттік тіркеуге жататын көлік құралдарына;

      2) көлік құралдарының шассиіне (бұдан әрі - шасси);

      3) мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлеріне (бұдан әрі - машиналар) электрондық паспорттар жүйелерінде ресімделеді.

      4. Электрондық паспорттар жүйесіне қатысушылар:

      1) электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісі;

      2) электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімші);

      3) Бірыңғай тізілімге енгізілген көлік құралдарын (шассиді, машиналарды) жасаушы ұйымдар, оның ішінде жасаушы ұйымның өнімін құрастырып шығару өндірісін жүзеге асыратын және өздері жинаған өнімге электрондық паспорттарды ресімдеуге осы жасаушы ұйым уәкілеттік берген ұйымдар (бұдан әрі – жасаушы ұйымдар), олар туралы мәліметтерді жасаушы ұйым Бірыңғай тізілімге жиналған өнімге электрондық паспорттарды ресімдеуге уәкілетті ұйымдар ретінде енгізіледі.

      4) уәкілетті орган (ұйым);

      5) Еуразиялық экономикалық комиссия;

      6) уәкілетті мемлекеттік органдар:

      көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін) мемлекеттік тіркеу және көлік құралының (шассидің, машиналардың), өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары бөлігінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі;

      кеден ісі саласында;

      7) өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерін мемлекеттік тіркеу бөлігінде жергілікті атқарушы органдар;

      8) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы;

      9) өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің көлік құралының (шассидің, машиналардың) меншік иесі;

      10) электрондық паспорттардағы мәліметтерді алуға (жіберуге) мүдделі өзге де адамдар.

      5. Электрондық паспорттар электрондық паспорттар жүйелерінде:

      1) жасаушы ұйым – электрондық паспорттарды қолдану басталған күннен бастап осы жасаушы ұйым жасаған көлік құралдарына (шассиге, машиналарға), өздігінен жүретін машиналарға және басқа да техника түрлеріне қатысты;

      2) уәкілетті орган (ұйым) – мыналарға:

      бірен-саран көлік құралдарына;

      жеке немесе заңды тұлға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қатарынан 12 айдан астам мерзімге әкелетін көлік құралдарына (шассиге, машиналарға);

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен меншікке айналдырылған көлік құралдарына (шассиге, машиналарға);

      өндіріп алу салынған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарына (шассиге, машиналарға);

      Бірыңғай тізілімге енгізілмеген жасаушы ұйым Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында жасаған көлік құралдарына (шассиге, машиналарға) - мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайларда;

      электрондық паспорттарды қолдану басталған күнге дейін айналымға шығарылған көлік құралдарына (шассиге, машиналарға), өздігінен жүретін машиналарға және басқа да техника түрлеріне қатысты ресімдейді.

      6. Электрондық паспорттың бірегей нөмірі Жүйелердің жұмыс істеу тәртібінің II бөліміне сәйкес электрондық паспорттар жүйесінде қалыптастырылады және 15 белгіден тұрады.

      7. Электрондық паспорттың бірегей нөмірі уәкілетті орган (ұйым) немесе дайындаушы ұйым толтыратын электрондық паспорт бөлімдерінің барлық өрістері толтырылғаннан және электрондық паспортта қамтылған мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) арқылы расталғаннан кейін, сондай-ақ электрондық паспорттар жүйелерінде Келісімнің 7-бабында көзделген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін беріледі. Көрсетілген іс-шараларды жүргізу нәтижесінде көлік құралының (шассидің, машиналардың) ұсынылған мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, электрондық паспорттың бірегей нөмірі берілмейді.

      8. Көлік құралының (шассидің, машиналардың) электрондық паспортының және өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің электрондық паспортының бірегей нөмірін беру мерзімі уәкілетті орган (ұйым) немесе бірыңғай тізілімге енгізілген жасаушы ұйым электрондық паспорт бөлімдерінің барлық жолдарын толтырғаннан және электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) қолдану арқылы көлік құралының электрондық паспортында (көлік құралы шассиі паспортында) қамтылған мәліметтер расталғаннан кейін 24 сағаттан аспауға тиіс.

      9. Қазақстан Республикасында көлік құралдарына, өздігінен жүретін машиналарға және басқа да техника түрлеріне қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асыратын уәкілетті органның көлік құралдарының (шассидің, машиналардың) электрондық паспорттарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерді электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісіне жіберу мерзімі тіркеу әрекеті жасалғаннан кейін 24 сағаттан аспауы тиіс.

      10. Көлік құралының (шассидің) электрондық паспортының және өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспортының бірегей нөмірі берілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген көлік құралын бастапқы тіркеу кезінде тауар шығару (әкелінген жағдайда) және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауы туралы мәліметтер түскеннен кейін көлік құралының электрондық паспортына (көлік құралы шассиінің паспортына) және өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспортына автоматты түрде "қолданыста" деген мәртебе беріледі.

      11. Көлік құралдарының (шассидің, машиналардың) электрондық паспорттарын, сондай-ақ өздігінен жүретін машиналардың және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттарын өздері туралы мәліметтер бірыңғай тізілімге енгізілген уәкілетті органдар (ұйымдар) өкілеттіктеріне сәйкес ресімдейді.

      12. Электрондық паспорттар жүйелерінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) немесе уәкілетті орган (ұйым) көлік құралының (шассидің, машиналардың), өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің меншік иесі – жеке тұлға туралы қосымша мәліметтерді "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тұлғаның дербес деректерін өңдеуге келісімімен ерікті негізде электрондық паспорттарға енгізеді. Көрсетілген Дербес деректерді өңдеуге келісім көлік құралын, өздігінен жүретін машинаны және басқа да техника түрлерін тіркеу операцияларын жүзеге асыру кезінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша немесе электрондық түрде ресімделеді.

      Электрондық паспорттар жүйелерінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) электрондық паспорттарға жасаушы ұйыммен немесе уәкілетті органмен (ұйыммен) ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде көлік құралының (шассидің, машиналардың) бірінші иесі туралы қосымша мәліметтерді енгізеді.

      13. Электрондық паспорттар жүйелерінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) не уәкілетті орган (ұйым) электрондық паспорттарға көлік құралының (шассидің, машиналардың), өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің екінші және одан кейінгі меншік иелері туралы қосымша мәліметтерді тәртіпке сәйкес және өзара іс-қимыл қатысушыларымен шарттық қатынастар негізінде енгізеді.

      14. Электрондық паспорттар жүйелерінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) не уәкілетті орган (ұйым) көлік құралдарының электрондық паспорттарына (көлік құралы шассиінің паспортына) мiндеттi техникалық қарап тексерудің бiрыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жолымен алынған көлік құралын техникалық қарап тексеру туралы қосымша мәліметтерді енгізеді.

      15. Электрондық паспорттар жүйелерінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) не уәкілетті орган (ұйым) электрондық паспорттарға ақпараттық өзара іс-қимыл негізінде келісу бойынша:

      1) кепіл беруші және кепіл ұстаушы (қаржы ұйымдары және микроқаржы ұйымдары) – кепіл (лизинг) туралы мәліметтерді қамтитын құжаттың талаптарына сәйкес мәміле жасалғанын растай отырып, өздерінде кепілдегі (лизингтегі) көлік құралдарына (шассиге) қатысты;

      2) сот орындаушылары – атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салынған көлік құралдарына (көлік құралдарының шассиіне) қатысты;

      3) мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өкілеттіктерге сәйкес электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторымен (ұлттық әкімшісімен) ақпараттық өзара іс-қимыл туралы екіжақты келісімдерде айқындалатын тәртіппен және шарттарда ұсынылған көлік құралына (шассиге, машиналарға) қатысты шектеулер (ауыртпалықтар) туралы қосымша мәліметтерді енгізеді.

      16. Электрондық паспорттар жүйелерінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) не уәкілетті орган (ұйым) электрондық паспорттарға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен өзара әрекеттесуі жолымен алынған көлік құралы, өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлері қатысатын жол-көлік оқиғалары туралы қосымша мәліметтерді енгізеді.

      17. Электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) электрондық паспорттар жүйесіне қатысушыларға шарттық негізде тәртіппен көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарының (шассидің) электрондық паспорттарындағы және өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің электронды паспорттарындағы мәліметтерге (қосымша мәліметтерді қоса алғанда) және электрондық паспорттар жүйелерінің сервистеріне электрондық паспорттар жүйелерінің ұлттық операторы (ұлттық әкімшісі) айқындайтын көлемде, тәртіппен және шарттарда қол жеткізуге рұқсат береді..

      18. "Күші жойылған", "кәдеге жаратылған" және "өтелген" мәртебесі бар көлік құралдарының (шассидің) электрондық паспорттарында қосымша мәліметтер қалыптастыруға жол берілмейді.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттарын
(көлік құралдары шассилерінің
паспорттарын) және өздігінен
жүретін машиналар мен басқа да
техника түрлерінің электрондық
паспорттарын жүргізу
қағидаларына
1-қосымша

Көлік құралының электрондық паспортының, көлік құралы шассиінің электрондық паспортының және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспортының "Ақпараттық сипаты бар өзге де мәліметтер" бөлімінде көрсетілетін ақпараттық сипаттағы қосымша мәліметтер тізбесі

      1. Көлік құралының электрондық паспорты және көлік құралы шассиінің электрондық паспорты үшін:

      1) көлік құралының меншік иесі туралы мәліметтер:

      заңды тұлға (дара кәсіпкер):

      заңды тұлғаның толық атауы (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі;

      заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) ұялы телефонының нөмірі;

      заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) электрондық поштасының мекенжайы;

      жеке тұлға:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      жеке тұлғаның туған күні;

      жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні;

      жеке тұлғаның ұялы телефонының нөмірі;

      жеке тұлғаның электрондық поштасының мекенжайы;

      көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжат:

      көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжаттың атауы;

      көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжаттың нөмірі;

      көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжаттың берілген күні;

      көлік құралына меншік құқығының өту күні;

      көлік құралының құны;

      көлік құралының одометрінің көрсеткіштері;

      2) көлік құралын техникалық қарап тексеру туралы мәліметтер:

      көлік құралына техникалық қарап тексеру жүргізген техникалық қарап тексеру операторы:

      дара кәсіпкердің атауы (заңды тұлғаның атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса));

      Заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      Дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі;

      техникалық қарап тексеруді өткізу күні;

      диагностикалық картаның тіркеу нөмірі;

      көлік құралы одометрінің көрсеткіштері;

      көлік құралын техникалық қарап тексеру нәтижесі;

      3) көлік құралына қатысты шектеулер (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер:

      шектеуді (ауыртпалықты) салған (алған) органның (ұйымның) атауы);

      шектеу (ауыртпалық) түрі;

      оған сәйкес шектеу (ауыртпалық) салынған (алынған) құжаттың атауы;

      оған сәйкес шектеу (ауыртпалық) салынған (алынған) құжаттың нөмірі;

      шектеу (ауыртпалық) қойылған (алынған) құжатты ресімдеу (қорытындылау) күні;

      шектеу (ауыртпалық) мерзімі және (немесе) шектеуді (ауыртпалықты) алып тастау күні;

      4) көлік құралының қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер:

      көлік құралының қатысуымен болған оқиғаның күні, уақыты және орны (мекенжайы);

      көлік құралының зақымдануының сипаттамасы;

      көлік құралының одометрінің көрсеткіштері;

      2. Өздігінен жүретін машина және басқа да техника түрлерінің электрондық паспорты үшін:

      1) өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің меншік иесі туралы мәліметтер:

      заңды тұлға (дара кәсіпкер):

      заңды тұлғаның толық атауы (дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі, дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі;

      заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) ұялы телефонының нөмірі;

      заңды тұлғаның (дара кәсіпкердің) электрондық поштасының мекенжайы);

      жеке тұлға:

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      жеке тұлғаның туған күні;

      жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың атауы;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;

      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні;

      жеке тұлғаның ұялы телефон нөмірі;

      жеке тұлғаның электрондық поштасының мекенжайы;

      өздігінен жүретін машинаға және басқа да техника түрлеріне меншік құқығын куәландыратын құжат:

      өздігінен жүретін машинаға және басқа да техника түрлеріне меншік құқығын куәландыратын құжаттың атауы;

      өздігінен жүретін машинаға және басқа да техника түрлеріне меншік құқығын куәландыратын құжаттың нөмірі;

      өздігінен жүретін машинаға және басқа да техника түрлеріне меншік құқығын куәландыратын құжаттың берілген күні;

      өздігінен жүретін машинаға және басқа да техника түрлеріне меншік құқығының өту күні;

      өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің құны;

      өздігінен жүретін машинаның және басқа да техника түрлерінің одометрінің (бар болса) және (немесе) мотосағаттар уақытын есептеуішінің (бар болса) көрсеткіштері;

      2) өздігінен жүретін машинаға және басқа да техника түрлеріне қатысты шектеулер (ауыртпалықтар) туралы мәліметтер:

      шектеуді (ауыртпалықты) салған (алған) органның (ұйымның) атауы;

      шектеу (ауыртпалық) түрі;

      оған сәйкес шектеу (ауыртпалық) салынған (алынған) құжаттың атауы;

      шектеу (ауыртпалық) салынған (алынған) құжаттың нөмірі;

      оған сәйкес шектеу (ауыртпалық) салынған (алынған) құжатты ресімдеу (қорытындылау) күні;

      шектеу (ауыртпалық) мерзімі және (немесе) шектеуді (ауыртпалықты) алып тастау күні;

      3) өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары туралы мәліметтер:

      өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің қатысуымен болған оқиғаның күні, уақыты және орны (мекенжайы);

      өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің зақымдануының сипаттамасы;

      өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің одометрінің (бар болса) және (немесе) мотосағаттар уақытын есептеуішінің (бар болса) көрсеткіштері.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттарын
(көлік құралдары шассилерінің
паспорттарын) және өздігінен
жүретін машиналар мен басқа да
техника түрлерінің электрондық
паспорттарын жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      (нысан)

Дербес деректерді өңдеуге КЕЛІСІМ

________________ қаласы

20__ жылғы "__" _______

      Дербес деректер субъектісі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)

      ____________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжаттың атауы)

      сериясы_________№_____________________________________________

      ______________________________________________________________ берген

      (құжатты кім және қашан берді)

      ____________________________________________________________________

      __________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын,

      Дербес деректер субъектісінің өкілі тұлғасында _______________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) толығымен)

      ____________________________________________________________________

      (жеке басын куәландыратын құжаттың атауы)

      сериясы___________№________________________________________________

      _______________________________________________________________ берді,

      (құжатты кім және қашан берді)

      _____________________________________________________________________

      _________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын,

      дербес деректер субъектісінің атынан әрекет ететін

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (дербес деректер субъектісі өкілінің өкілеттігін растайтын

      сенімхаттың немесе өзге құжаттың деректемелері)

      менің дербес деректерімді ұсыну туралы шешім қабылдаймын және оларды еркін, өз еркіммен және өз мүдделерімде өңдеуге келісім беремін.

      Дербес деректер субъектісінің келісімін алатын оператордың атауы және

      мекенжайы:________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Оператормен бірлесіп дербес деректер субъектісінің мүддесінде дербес деректерді

      өңдеуді жүзеге асыратын тұлғаның атауы және мекенжайы:

      _________________________________________________________________________,

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Келісім көлік құралының электрондық паспортына (көлік құралы шассиінің электрондық паспортына) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспортына көлік құралының (көлік құралы шассиінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің меншік иесі туралы мәліметтерді енгізу және көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінде (бұдан әрі – көлік құралының электрондық паспорты жүйесі) дербес деректер субъектісін сәйкестендіру және аутентификациялау үшін беріледі. Ол электрондық паспорттар жүйесінен ақпаратты алуға және көлік құралының электрондық паспортына (көлік құралы шассиінің электрондық паспортына) және өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспортына ақпараттарды енгізуге мүмкіндік береді.

      Келісім мынадай дербес деректерді өңдеуге беріледі:

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      туған күні;

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      жеке басын куәландыратын құжат:

      құжаттың атауы,

      құжаттың нөмірі,

      құжаттың сериясы (бар болса),

      құжаттың берілген күні;

      ұялы телефон нөмірі;

      электрондық пошта мекенжайы.

      Келісім дербес деректерді автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе пайдаланбай өңдеуге беріледі, ол дербес деректерді жинауды, жазуды, жүйелеуді, жинақтауды, сақтауды, нақтылауды (жаңартуды, өзгертуді), алуды, пайдалануды, беруді (ұсынуды, қол жеткізуді), иесіздендіруді, бұғаттауды, жоюды, алып тастауды қамтиды.

      Дербес деректерді өңдеуге келісім көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машина және басқа да техника түрлерін кәдеге жаратылғаннан кейін 3 жылға дейін қолданылады.

      Дербес деректерді жинау және өңдеу Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Алынған дербес деректер жалпыға қолжетімді көздерде таратуға арналмаған, сондай-ақ трансшекаралық беруге арналмаған.

      Алынған дербес деректер Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін өз құзыреті шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдарға беру үшін мүмкін болады.

      Дербес деректер субъектісінің (субъект өкілінің) қолы:

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады