Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 29 сәуірде № 34307 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болып табылатын аурулардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2024 жылғы 26 сәуірдегі
№ 15 бұйрығына
қосымша

Дактилоскопиялық тіркеуден өтуден босатуға негіз болатын аурулардың тізбесі

Р/н №

Аурулардың атаулары

АХЖ-10 коды
бойынша

1

Терінің гипертрофиялық өзгерістері

L91

2

Келоидты тыртық

L91.0

3

Терінің басқа гипертрофиялық өзгерістері

L91.8

4

Терінің анықталмаған гипертрофиялық өзгерістері

L91.9

5

Тері мен тері асты шелмайының гранулемалық өзгерістері

L92

6

Басқа айдарларда жіктелмеген липоидты некробиоз

L92.1

7

Тері мен тері асты шелмайының бөгде дене тудырған гранулемасы

L92.3

8

Тері мен тері асты шелмайының басқа гранулемалық өзгерістері

L92.8

9

Тері мен тері асты шелмайының анықталмаған гранулемалық өзгерістері

L92.9

10

Дәнекер тіннің бір орында орналасқан басқа өзгерістері

L94

11

Терінің белгілі орында орныққан қатаюы (morphea)

L94.0

12

Терінің желі бойымен қатаюы

L94.1

13

Терінің әктенуі

L94.2

14

Склеродактилия

L94.3

15

Готтрона папулалары

L94.4

16

Тамырлық атрофиялық пойкилодермия

L94.5

17

Аньюм (өздігінен болған дактилолиз)

L94.6

18

Дәнекер тіннің бір орында орныққан анықталған басқа өзгерістері

L94.8

19

Дәнекер тіннің бір орында орныққан анықталмаған өзгерістері

L94.9

20

Басқа айдарларда жіктелмеген, терімен шектелген васкулит

L95

21

Мәрмәр терісінің васкулиті

L95.0

22

Терінің көтеріңкі, табанды қызаруы

L95.1

23

Басқа васкулиттің терімен шектелген қабынулары

L95.8

24

Анықталмаған васкулиттің терімен шектелген қабынуы

L95.9

25

Басқа айдарларда жіктелмеген тері мен тері асты шелмайының басқа аурулары

L98

26

Серопозитивті ревматоидтық артрит

M05

27

Ревматоидты басқа артриттер

M06

28

Псориаздық және энтеропатия салдары артропатиялар

M07

29

Саусақтың (тар) деформациялары

М20.0

30

Басқа некроздаушы васкулопатиялар

М31

31

Жүйелі қызыл жегі

М32

32

Дерматополимиозит

М33

33

Жүйелі беріштену

М34

34

Үдемелі жүйелі беріштену

М34.0

35

Дәнекер тіннің басқа жүйелі зақымдануы

М35

36

Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің жүре пайда болған басқа деформациялары

М95

37

Қол ұшының туа біткен деформациясы

Q68.1

38

Қол ұшы мен мен білектің туғаннан болмауы

Q 71.2

39

Қол ұшы мен саусақтың (тардың) туғаннан болмауы

Q 71.3

40

Білезік пен қол ұшының жарақаттық ампутациясы

S68

41

Қол ұшының білезік деңгейіндегі жарақаттық ампутациясы

S68.4

42

Білезік пен қол ұшының басқа бөліктерінің жарақаттық ампутациясы

S68.8

43

Білезік пен қол ұшының анықталмаған деңгейіндегі жарақаттық ампутациясы

S68.9

44

Білезік пен қол ұшының басқа және анықталмаған жарақаттары

S69

45

Білезік пен қол ұшының көптеген жарақаттары

S69.7

46

Білезік пен қол ұшының басқа анықталған жарақаттары

S69.8

47

Білезік пен қол ұшының анықталмаған жарақаты

S69.9

48

Білезік пен қол ұшының термиялық және химиялық күйіктері

Т23

49

Тіндер некрозы қабаттасқан білезік аймағы мен қол ұшының үсуі

Т34.5

50

Саусақтың (тардың) бір жақты, жүре пайда болған жоқтығы, үлкен бармақтың қоса алғанда

Z89.0

51

Білезік пен қол ұшының жүре пайда болған жоқтығы

Z89.1

52

Қолдың білезіктен жоғары жүре пайда болған жоқтығы

Z89.2

53

Екі қолдың жүре пайда болған (кез келген деңгейде) жоқтығы

Z89.3

      *АХЖ -10 – Аурулардың халықаралық жіктемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады