"Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2024 жылғы 10 мамырдағы № 11-1-4/211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 мамырда № 34354 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 наурыздағы № 11-1-4/113 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32095 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық келісімді жасасу, өзгерту, бұзу қағидаларында (бұдан әрі - Кағидалар):

      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялар туралы келісім жасасу мақсаттары үшін, "Task Force" – өтініш бойынша құжаттарды бастапқы қабылдауға және келісім жасасу процесін сүйемелдеуге жауапты ұлттық компанияның құрылымдық бөлімшесі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кодекстің 295-2-бабының 1-тармағында көрсетілген салалардағы жобаларды іске асыруға келісім жасалмайды.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. "Task Force" осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді және өтініш берушіні нәтижелері туралы электрондық байланыс арқылы хабардар етеді.

      "Task Force" өтініш беруші ұсынған құжаттар мен осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мәліметтерді қарастыру және өтініш берушінің заңдық және қаржылық тазалығы туралы мәліметтерді алу үшін 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде "Астана" халықаралық қаржы орталығына жібереді.

      "Астана" халықаралық қаржы орталығы сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жеке тұлғалар мен ұйымдардың сенімділігіне кешенді тексерулер жүргізу үшін ашық халықаралық дерекқорларды пайдалана отырып, келіп түскен құжаттарды қарастырады.

      Өтініш берушінің заңдық және қаржылық тазалығы туралы мәліметтер бірінші басшының немесе ол уәкілеттік берген тұлға қолымен ұсынылады.

      8. Сұрау салынатын инвестициялық преференциялардың түрлері, оларды ұсыну шарттары мен тәртібі және инвестордың міндеттемелері бар құжаттар мен ақпараттың толық пакеті болған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің Кодексінің 295-2-бабының 1-тармағына сәйкес болған жағдайда "Task Force" инвестордан құжаттарды алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған инвестордың құжаттамасын уәкілетті органға жібереді.

      Құжаттар топтамасы және (немесе) олардағы мәліметтер толық ұсынылмаған жағдайда, "Task Force" 1 (бір) жұмыс күні ішінде инвестордан жетіспейтін ақпаратты, оның ішінде өтініш берушімен алдын ала келіссөздер және консультациялар жүргізу жолымен сұратады.

      Алдын ала келіссөздер барысында "Task Force" консультациялар өткізілуіне қолғабыс көрсетеді";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Оң шешім болған жағдайда уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Комиссия) құрады және 5 (бес) жұмыс күні ішінде келісім жобасын әзірлейді.

      Комиссияның төрағасы уәкілетті органның бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген, бірақ бірінші басшының орынбасарынан төмен емес деңгейде тұлға болып табылады.

      Комиссия төрағасының орынбасары "Task Force" бөлімшесінің басшысы немесе ол уәкілеттік берген тұлға болып табылады.

      Комиссия хатшысы болып құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес деңгейде уәкілетті органның өкілі тағайындалады.

      Комиссия құрамына "Task Force", Қазақстан Республикасы ұлттық экономика, қаржы, министрліктерінің, мүдделі орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес деңгейдегі өкілдері, ал қажет болған жағдайда ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық бірлестіктер мен басқа ұйымдардың өкілдері кіреді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттардың тізбесін қарауының және қажетті сараптаманы ескере отырып, шарттың негізгі талаптары бойынша қорытындыны дайындаудың, келісім жобасын әзірлеудің, келісулердің жалпы мерзімі Комиссия оны ұсынған күннен бастап жалпы мерзімі 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімде құрайды.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Инвестициялық штабтың келісім жасасуды мақұлдау туралы оң шешімі болған кезде уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне:

      1) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін келісімдердің жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 5-бабына сәйкес қажетті құжаттар мен есептерді;

      2) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздеймейтін келісімдердің жобалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартудың болмауы туралы жазбаша негіздеме ұсынады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі келісімдердің жобалары бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін, осы Қағидалардың 18-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген келісілген құжаттарды Республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығару үшін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді.

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қорытындысы негізінде 5 (бес) жұмыс күні ішінде құжаттарды Республикалық бюджет комиссиясының отырысына жібереді.

      19. Келісім жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі қабылданған жағдайда не республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқарту болмаған жағдайда уәкілетті орган белгіленген тәртіппен келісімге қол қою туралы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын 5 (бес) жұмыс күні ішінде мүдделі мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға келісуге жібереді.

      Келісім жобасын уәкілетті орган осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгілік нысанның ережелерін ескере отырып әзірлейді.

      Республикалық бюджет комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган бұл туралы белгіленген тәртіппен өтініш берушіні, оның ішінде осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес электрондық байланыс құралдары арқылы хабардар етеді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен мақұлданған келісімнің жобасын уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде инвесторға қол қою және мөрмен растау үшін екі данада жібереді (бар болған жағдайда).";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Келісімді бұзу тәртібі келісімнің өз шарттарымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Келісімнің міндеттемелері мен талаптары келісімнің қолданылу кезеңінде орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі хабарлама жіберілген күннен бастап төрт ай өткен соң оның қолданылуын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтатады.

      Уәкілетті орган хабарлама жіберілген төрт ай өткен соң немесе инвестордың жазбаша келісімін алған 10 (он) күні ішінде белгіленген тәртіппен инвестициялық келісімді тоқтату туралы шешім туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді.";

      Қағидаларға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "


4-тарау. Инвестордың міндеттемелері, оның ішінде жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық әсерін жақсарту жөніндегі міндеттемелері




      ";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:

      2) тармақшасының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестор осы келісімге сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодексі) 295-2-бабына сәйкес осы келісімнің тұрақтылығына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 712-1-бабына сәйкес салықтық преференцияларға кепілдіктер алуға мүдделі;";

      1-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) салықтық преференциялардың тұрақтылығы – Салық кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы өзгерген кездегі салықтық преференциялардың тұрақтылығына кепілдік.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвесторға Кәсіпкерлік Кодекстің 295-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының осы келісімінің тұрақтылығына кепілдік беріледі.";

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне, сондай-ақ осы келісімге сәйкес келісімді мерзімінен бұрын бұзуға;";

      14-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ақпарат инвестордың кез келген банктік шоттарына жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс шетел банктерінде ашылған кез келген ақпаратқа, оның ішінде банктік құпия болып табылатын кез келген ақпаратқа қол жеткізе алатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына ұсынылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Инвестициялық жобаны іске асыру кестесі аяқталғаннан кейін инвестор үш ай ішінде уәкiлеттi органға келесілерді қамтитын аудиторлық есепті ұсынады:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сай инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуы туралы мәліметтер;

      2) инвестициялық жобаны іске асыру кестесіне сәйкес сатып алынған негізгі құралдарды бөлу;

      3) инвестициялық жобаны іске асыру кестесін жүзеге асыруды растайтын құжаттардың жиынтық тізімін;

      4) келісім талаптарының орындалуы туралы ақпарат.".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне 1) және 2) тармақтарда көзделген іс-орындалуы туралы ақпарат берілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
Р. Василенко

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика

      министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Көлік министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады