"Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 13 мамырдағы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 17 мамырда № 34382 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланған кезде ортақ пайдалану үшін шығарылатын ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негізінде бекітілетін ауыспалы егіс жоспарына сәйкес ауыспалы егістерді сақтайды.

      Жайылымдарды пайдаланған кезде ауыл шаруашылығы өндірушісі Жүктеме нормасының кемінде елу пайызынан кем емес және одан аспайтын мөлшерде ауыл шаруашылығы жануарларының болуын қамтамасыз етеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ауыл шаруашылығы өндірушісі мал шаруашылығы мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланғанда жайылымдық алқаптардың орналасқан жері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының:

      1) Жүктеме нормасының кемінде елу пайызы;

      2) Жүктеме нормасынан аспайтын мөлшерде болуын қамтамасыз етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады