Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 11 "Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 16 мамырдағы № 3 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 мамырда № 34392 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 08.06.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 11 "Тауар сатушыны (берушіні) еркін ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жария қолжетімділікте орналастыру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27835 болып тіркелген) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің Төрағасы
М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады