БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19188 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
307-тармақтағы орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
мынадай мазмұндағы 307-1-тармақпен толықтырылсын:
"307-1. Ағымдағы ағытып жөндеу жүргізу үшін ағытылған ақаулы жүк тиелген және бос меншікті вагондардан сақтау ақысы алынбайды.";
308-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"308. Тасымалдаушының Тарифтік нұсқаулығына сәйкес (Прейскурант) сақтау үшін үлкейтілген алымды жүк қабылдаушыны тиісті станциясына жүк келгені жөнінде хабарландырғаннан кейін қырық сегіз сағаттан асқаннан кейін он мәрте мөлшерінде қолданылады.
Жүктерді сақтау үшін үлкейтілген алымды есептеу күнтізбелік отыз күннен аспайды.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі