"Босқын мәртебесін беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 198 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 20 маусымда № 34527 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27506 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қарау қағидаларында:

      1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

  2024 жылғы 18 маусымдағы
№ 198 бұйрығына
қосымша
  Босқын мәртебесін
беру туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
1-қосымша
  кімге_______________________
(ХЖҚЖАО басшысының
лауазымы, тегі және
аты-жөні)
__________________________
кімнен___________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
____________________________
(қай мемлекеттің) ____________
азаматы уақытша тұратын
адамның тұрақты
тұрғылықты жері
___________________
____________________________
(мекенжайы)
отбасы құрамында ____ адам

Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын

      мәртебесін беруді сұраймын.

      Тұратын жерімнен мына себептер бойынша кетуге мәжбүрмін:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Туған күні және жері ____________________________________________

      Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) ___________________________

      Ұлты (этникалық тиесілігі) ________________________________________

      Мынадай тілдерді білемін ______________________________________

      Қазақстан Республикасына келу күні _______________________________

      Заңды (заңсыз) келді ____________________________________________

      Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын

      растайтын құжаттар ____________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      Менімен бірге келген отбасымның мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

Туған күні

Туыстық дәрежесі

















      Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен

      жүгіндіңіз бе)

      Егер жүгінсеңіз, органды көрсетіңіз

      ___________________________________________________

      ____________________________________________________

      _____________________ ______________________________

      (өтініш беру күні)            (пана іздеген адамның қолы)

      Өтінішхатты қабылдаған ХЖҚЖАО-ның қызметкері _________________

      ____________________________________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса) (күні)

      Өтінішхатты тіркеу туралы шешім:

      Тіркелді _________________________________________________________________

      (күні, тіркеу нөмірі, қызметкердің қолы)

      _______________________

      "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құқықтар мен

      міндеттермен таныстым.

      Менің және отбасы мүшелерімнің дербес деректерін жинауға және өңдеуге өз

      келісімімді беремін. ____________________________________

      (қолы) (шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның Т.А.Ә. (бар болса) (күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады