ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИААЖ) – субсидиялар төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін ақпараттық жүйе;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімнің базалық өлшемшарттарға және "е-Қаржымині" ИААЖ-бен интеграцияланған субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;";
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) өтінім берілген жылға дейінгі алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы қатарынан салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемін төмендетуге жол бермеу.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген базалық өлшемшарт дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты қолданылмайды;
3-2) сары майдың, қатты ірімшік пен құрғақ сүттің (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) жалпы өнімі көлемінің өсуін/ өткен жылдың деңгейінде сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қарсы міндеттемелерді сақтау, ақшалай мәнде (мың теңге);";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) СМАЖ бен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің және дайын өнімді сатып алушының алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын және дайын өнімді өткізгенін растауы;";
мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-тармақтармен толықтырылсын:
"20-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 14-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін "е-Қаржымині" ИААЖ-ға "сұраным-жауап" форматында СМАЖ-дан деректерді беру жолымен ақпарат сұратады.
"е-Қаржымині" ИААЖ өтінім берілген жылға дейінгі соңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін осы Қағидалардың 14-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген деректер түрінде жауап қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берілген жылға дейін алдыңғы екі қаржы жылының бірінде салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту қамтамасыз етілген кезде базалық өлшемшартқа сәйкес деп есептелінеді.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берілген жылға дейін қатарынан алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемі төмендеген кезде базалық өлшемшартқа сәйкес келмейді деп есептелінеді.
20-2. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің заттай мәндегі өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, тонна х агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе қызметтің) бағасы, мың теңге.
Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, өңдеуші кәсіпорын СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.
Ағымдағы жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі мен өткен жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі арасындағы айырма арқылы есептелетін теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 6-қосымшаның 8-бағаны) қарсы міндеттеме орындалмаған болып есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады.
Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші рет және одан кейін де міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағасы 2024 жылғы тұрақты негізде белгіленеді. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектсінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты өңдеуші кәсіпорын осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім берілгенге дейін 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Бұл көрсеткіш түзетілмеуге тиіс. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.
Қайта өңдеуші кәсіпорынның қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі СМАЖ-да белгіленеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2024 № 406 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және жиырма сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Нысан
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінімі
__________________________________________ жергілікті атқарушы органына
(облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)
(кімнен)_____________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Маған сары май/қатты ірімшік және құрғақ сүт (қаймағы алынбаған,
майсыздандырылған) өндіру және өткізу үшін (бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете
өңделген өнімнің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі
бойынша жеке беріледі) _____ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін
сатып алуға _________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді
сұраймын. (сома цифрмен және жазбаша)
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға үшін:
атауы ________________________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі_______________________________
мекенжайы:___________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:
______________________________________________________________________
Жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
_____________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –
ЖСН)__________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі
______________________________________________________________________
кім берді______________________________________________________________
берілген күні __________________________________________________________
мекенжайы:___________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:
______________________________________________________________________
Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері ___________________________________________________
хабарламаның берілген күні __________________________________________
2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта
операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
ЖСН/БСН ______________________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе)
_______________________________________________________________________
банктің немесе почта операторының деректемелері: _________________________
банктің немесе почта операторының aтауы: ________________________________
банктік сәйкестендіру коды
______________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру коды
_____________________________________________________________________
БСН _________________________________________________________________
Кбе __________________________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке толтырылады):
№ | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактураның берілген күні | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм | Бағасы, килограмына теңге, қосылған құн салығын есепке алмағанда | Құны, теңге | Сатушының ЖСН-сы/БСН-сы және атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі) |
4. Дайын өнімнің өткізілгенін растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер, (өтінім берілген сәтте) (әрбір сатып алушы бойынша мәліметтер жеке толтырылады):
№ | Шот-фактура нөмірі | Шот-фактура күні | Дайын өнімнің атауы | Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм | 1 кг бағасы, қосылған құн салығын есепке алмағанда, теңге | Құны, теңге | Сатып алушының ЖСН / БСН және атауы (өнімді бөлшек саудада өткізген жағдайда сатып алушының ЖШС/БСН және атауы болған жағдайда көрсетіледі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
5. Тиесілі субсидияларды есептеу (автоматты түрде толтырылады):
Тереңдете өңделген өнімінің атауы | Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті | Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі | Шот-фактураның деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған жалпы көлемі, килограмм | Субсидия нормативі, теңге / килограмм | Төмендетілген субсидиянормативі, теңге/килограмм (бар болса) | Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 201040000013) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жоба шеңберінде және көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.
Дербес деректердің трансшекаралық түрде берілуі болмағанын, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы орын алмағанын хабарлаймын.
Жиналатын деректердің тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық пошта, телефон нөмірі.
Өтініш беруші 20__ ж. "__"______ сағат___-де қол қойып жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 20 маусымдағы № 209 бұйрығына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 20.12.2024 № 406 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат
Облыс атауы | Өңдеуші кәсіпорынның атауы | Өңдеуші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы | Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна | Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтің) бағасы, мың теңге* | Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5*6)** |
Ауытқу |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________ _____________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) баға туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (тіркелген) Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 20-2-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;
** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.
АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі субсидиялар алуға өтінім берер алдында қызметтің барлық түрлері бойынша АӨК өндірілген өнімінің көлемін бір рет көрсетеді.
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.