"Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 20 маусымдағы № 209 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 маусымда № 34539 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "е-Қаржымині" ИААЖ) – субсидиялар төлеу үшін көрсетілетін қызметті алушының базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін ақпараттық жүйе;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – СМАЖ) – "электрондық үкіметтің" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, субсидия алуға арналған өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімнің базалық өлшемшарттарға және "е-Қаржымині" ИААЖ-бен интеграцияланған субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;";

      14-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) өтінім берілген жылға дейінгі алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы қатарынан салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемін төмендетуге жол бермеу.

      Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген базалық өлшемшарт дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын көрсетілетін қызметті алушыларға қатысты қолданылмайды;

      3-2) сары майдың, қатты ірімшік пен құрғақ сүттің (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) жалпы өнімі көлемінің өсуін/ өткен жылдың деңгейінде сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қарсы міндеттемелерді сақтау, ақшалай мәнде (мың теңге);";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) СМАЖ бен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде (ауыл шаруашылығы өнімін жеткізушінің және дайын өнімді сатып алушының алдыңғы жылдың төртінші тоқсанынан ерте емес шығарып берілген тиісті электрондық шот-фактурасының болуы) өңдеуші кәсіпорынның ауыл шаруашылығы өнімін сатып алғанын және дайын өнімді өткізгенін растауы;";

      мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "20-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының осы Қағидалардың 14-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген базалық өлшемшарттарға сәйкестігіне автоматты түрде тексеру жүргізілетін "е-Қаржымині" ИААЖ-ға "сұраным-жауап" форматында СМАЖ-дан деректерді беру жолымен ақпарат сұратады.

      "е-Қаржымині" ИААЖ өтінім берілген жылға дейінгі соңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін осы Қағидалардың 14-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген деректер түрінде жауап қайтарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берілген жылға дейін алдыңғы екі қаржы жылының бірінде салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту қамтамасыз етілген кезде базалық өлшемшартқа сәйкес деп есептелінеді.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінім берілген жылға дейін қатарынан алдыңғы 2 (екі) қаржы жылы үшін салық аударымдары мен еңбекақы төлеу қорының көлемі төмендеген кезде базалық өлшемшартқа сәйкес келмейді деп есептелінеді.

      20-2. Жалпы өнім көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Жалпы өнім көлемі = алдыңғы жылы өндірілген өнім көлемі, мың тонна х алдыңғы жылы өндірілген өнімнің құны, мың теңге.

      Қарсы міндеттемелер алдыңғы 2 (екі) жыл ішінде орындалмаған жағдайда, келесі күнтізбелік жылы субсидия алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Еңсерілмейтін күштің салдарынан қарсы міндеттемелер орындалмаған жағдайда, қайта өңдеу кәсіпорны көрсетілетін қызметті берушіге растайтын құжаттары бар деректерді (ауа райы жағдайларының жай-күйі (жауын-шашын, құрғақшылық), судың орташа температурасы (ұзақ қыс немесе ыстық жаз өнімділіктің төмендеуіне әкеледі), судың ластануы, тиісті мемлекеттік органдардан/ұйымдардан ветеринариялық/фитосанитариялық жағдайдың қолайсыздығы туралы ақпарат) жібереді.

      Еңсерілмейтін күшті растайтын мән-жайлар болмаған жағдайда, келесі күнтізбелік жылы субсидия алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес өткен жылғы өндірілген өнімнің құны туралы деректерді Министрлік СМАЖ-да есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына дейін орналастырады.

      Өндірілген жалпы өнімнің көлемі туралы деректерді өңдеуші кәсіпорын ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап жылдың соңына дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жеке кабинетте толтырады. Бұл көрсеткіш түзетуге жатпайды.

      Қайта өңдеуші кәсіпорынның қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі СМАЖ-да белгіленеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы және жиырма сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
1- қосымша
  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялауға арналған өтінімі

      __________________________________________ жергілікті атқарушы органына

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың)

      (кімнен)_____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Маған сары май/қатты ірімшік және құрғақ сүт (қаймағы алынбаған,

      майсыздандырылған) өндіру және өткізу үшін (бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете

      өңделген өнімнің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі

      бойынша жеке беріледі) _____ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімін

      сатып алуға _________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді

      сұраймын. (сома цифрмен және жазбаша)

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы ________________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі_______________________________

      мекенжайы:___________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:

      ______________________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін: аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      _____________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –

      ЖСН)__________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі

      ______________________________________________________________________

      кім берді______________________________________________________________

      берілген күні __________________________________________________________

      мекенжайы:___________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:

      ______________________________________________________________________

      Жеке тұлға үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ___________________________________________________

      хабарламаның берілген күні __________________________________________

      2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта

      операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:

      ЖСН/БСН ______________________________________________________________

      бенефициар коды (бұдан әрі – Кбе)

      _______________________________________________________________________

      банктің немесе почта операторының деректемелері: _________________________

      банктің немесе почта операторының aтауы: ________________________________

      банктік сәйкестендіру коды

      ______________________________________________________________________

      жеке сәйкестендіру коды

      _____________________________________________________________________

      БСН _________________________________________________________________

      Кбе __________________________________________________________________

      3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер (әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативі және дайындаушы ұйым бойынша мәліметтер жеке толтырылады):

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактураның берілген күні

Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм

Бағасы, килограмына теңге, қосылған құн салығын есепке алмағанда

Құны, теңге

Сатушының ЖСН-сы/БСН-сы және атауы

1

2

3

4

5

6

7

8


















Жиыны (нақты сатып алу бағасы көрсетіледі)







      4. Дайын өнімнің өткізілгенін растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер, (өтінім берілген сәтте) (әрбір сатып алушы бойынша мәліметтер жеке толтырылады):

Шот-фактура нөмірі

Шот-фактура күні

Дайын өнімнің атауы

Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

1 кг бағасы, қосылған құн салығын есепке алмағанда, теңге

Құны, теңге

Сатып алушының ЖСН / БСН және атауы (өнімді бөлшек саудада өткізген жағдайда сатып алушының ЖШС/БСН және атауы болған жағдайда көрсетіледі)

1

2

3

4

5

6

7

8









      5. Тиесілі субсидияларды есептеу (автоматты түрде толтырылады):

Тереңдете өңделген өнімінің атауы

Өткізілген өнімнің көлемі, килограмм

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу коэффициенті

Түпкілікті өнімді бастапқы өнімге қайта есептеу нәтижесі

Шот-фактураның деректері бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің нақты сатып алынған жалпы көлемі, килограмм

Субсидия нормативі, теңге / килограмм

Төмендетілген субсидиянормативі, теңге/килограмм (бар болса)

Бюджеттік субсидиялар сомасы, теңге

















      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 201040000013) "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жоба шеңберінде және көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық түрде берілуі болмағанын, сондай-ақ дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы орын алмағанын хабарлаймын.

      Жиналатын деректердің тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік деректемелер, электрондық пошта, телефон нөмірі.

      Өтініш беруші 20__ ж. "__"______ сағат___-де қол қойып жіберді:

      Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қол қою күні мен уақыты

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
  Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл
шаруашылығы өнімін тереңдете
өңдеп өнім өндіруі үшін оны
сатып алу шығындарын
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Өндірілген жалпы өнімнің көлемі туралы деректер

      ______жылы

Облыс атауы

Өңдеуші кәсіпорынның атауы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі

Өндірілген өнімнің атауы

______ жылы -өндірілген өнімнің көлемі, тонна

_____жылыөндірілген өнімнің бағасы, мың теңге*

_____жылы жалпы өнімнің бағасы, мың теңге (5*6)**

Ауытқу +/- ***

1

2

3

4

5

6

7

8









      Ескерту: * Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес өндірілген өнімнің құны туралы деректер жүйеден автоматты түрде толтырылады;

      ** субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде автоматты түрде есептеледі;

      *** субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде автоматты түрде есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады