Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 23 желтоқсанда № 35505 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрлеріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және

      дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 406 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:

      1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34533 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы заттай мәндегі өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, тонна/бас/дана х агроөнеркәсіптік кешеннің өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы, мың теңге.

      Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, ауылшартауарөндіруші (ауылшаркооперативі) СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.

      Ағымдағы жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі мен өткен жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі арасындағы айырма арқылы есептелетін теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-бағаны) қарсы міндеттеме орындалмаған болып есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім (өтпелі өтінім) беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші және кейінгі рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім (өтпелі өтінім) беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағасы 2024 жылғы тұрақты негізде белгіленеді. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектсінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты ауылшартауарөндірушілер (ауылшаркооперативтер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім (өтпелі өтінім) берілгенге дейін 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Бұл көрсеткіш түзетілмеуге тиіс. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.".

      3. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34539 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші және жиырма бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-2. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің заттай мәндегі өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, тонна х агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе қызметтің) бағасы, мың теңге.

      Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, өңдеуші кәсіпорын СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.

      Ағымдағы жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі мен өткен жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі арасындағы айырма арқылы есептелетін теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 6-қосымшаның 8-бағаны) қарсы міндеттеме орындалмаған болып есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады.

      Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші рет және одан кейін де міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағасы 2024 жылғы тұрақты негізде белгіленеді. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектсінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты өңдеуші кәсіпорын осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім берілгенге дейін 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Бұл көрсеткіш түзетілмеуге тиіс. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.";

      2-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34578 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің заттай мәндегі өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі, тонна/бас/дана х агроөнеркәсіптік кешеннің өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы, мың теңге.

      Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, тауар өндіруші СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.

      Ағымдағы жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі мен өткен жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі арасындағы айырма арқылы есептелетін теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 4-1-қосымшаның 8-бағаны) қарсы міндеттеме орындалмаған болып есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады.

      Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші рет және одан кейін де міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағасы 2024 жылғы тұрақты негізде белгіленеді. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектсінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты тауар өндіруші осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім бергенге дейін 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Бұл көрсеткіш түзетілмеуге тиіс. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.";

      5-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Өсімдік шаруашылығы
өнімінің шығымдылығы мен
сапасын арттыруды
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат

Облыс атауы

Ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) атауы

Ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі /жеке сәйкестендіру нөмірі

Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна/бас/дана

Агроөнеркәсіптік кешенөнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы, мың теңге *

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5 *6) **

Ауытқу
+/-/=
, мың теңге **

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _______________________________________             _____________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) баға туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 10-1-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;

      ** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.

      АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі субсидиялар алуға өтінім (өтпелі өтінім) берер алдында қызметтің барлық түрлері бойынша АӨК өндірілген өнімінің көлемін бір рет көрсетеді.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін
атқарушының
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
  Өңдеуші кәсіпорындардың
ауыл шаруашылық өнімін
тереңдете өңдеп өнім өндіруі
үшін оны сатып алу
шығындарын субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат

Облыс атауы

Өңдеуші кәсіпорынның атауы

Өңдеуші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна

Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтің) бағасы, мың теңге*

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5*6)**

Ауытқу
+/-/=
, мың теңге **

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _______________________________________             _____________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі             электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) баға туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (тіркелген) Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 20-2-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;

      ** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.

      АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі субсидиялар алуға өтінім берер алдында қызметтің барлық түрлері бойынша АӨК өндірілген өнімінің көлемін бір рет көрсетеді.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2024 жылғы 25 маусымдағы
№ 217 бұйрығына
5-қосымша
  Асыл тұқымды мал
шаруашылығын дамытуды,
мал шаруашылығы өнімінің
өнімділігі мен сапасын
арттыруды субсидиялау
қағидаларына
4-1-қосымша

      Нысан

Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат

Облыс атауы

Тауар өндірушінің атауы

Тауар өндірушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна/бас/дана

Агроөнеркәсіптік кешенөнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтің) бағасы, мың теңге *

Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5 *6) **

Ауытқу
+/-/=
, мың теңге **

1

2

3

4

5

6

7

8

















      Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам

      _______________________________________                   _____________

      аты және әкесінің аты (бар болса), тегі             электрондық цифрлық қолтаңбасы

      Күні 20__ жылғы "____" ______________

      Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) бағасы туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 14-1-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;

      ** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.

      АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі субсидиялар алуға өтінім берер алдында қызметтің барлық түрлері бойынша АӨК өндірілген өнімінің көлемін бір рет көрсетеді.

      Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады