БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қазақстан Реcпубликасының | |
Қаржы министрі | |
2024 жылғы 21 маусымдағы | |
№ 385 бұйрығымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 16.09.2024 № 627 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 646 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. "Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Веб-порталда барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жөнелту уақыты Астана қаласының жергілікті уақыты бойынша белгіленеді.";
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Техникалық іркіліс туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) веб-портал пайдаланушысы техникалық іркілісті анықтаудың Астана қаласының уақыты бойынша күні мен уақытын көрсете отырып, веб-порталда көрсетілген электрондық пошта арқылы, сондай-ақ байланыс деректерін және растайтын материалдарды (экрандық суреттер мен өзге де растайтын материалдар) қоса бере отырып, 1 (бір) сағаттан кешіктірмей Байланыс орталығын хабардар етеді.
Техникалық іркіліс туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберу мүмкін болмаған жағдайда, веб-портал пайдаланушысы Байланыс орталығын телефон арқылы бір сағаттан кешіктірмей хабардар етеді;
2) стандартты жұмыс істеуіне сәйкес келмейтін жұмыста немесе Жүйе конфигурациясында өзгерістер анықталған жағдайда, Оператордың маманы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу веб-порталының туындаған техникалық іркіліс туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) техникалық іркілістердің туындаған күні мен уақытын тіркейді.
Байланыс орталығы жүгіну тәсіліне байланысты (телефон, электрондық пошта, ресми хаттар, интернет-форум арқылы) Жүйені пайдаланушылармен өзара іс-қимылды:
Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс күндері – сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін қамтамасыз етеді.
Оператор уәкілетті органның келісімі бойынша Байланыс орталығының жұмыс уақытын ұлғайтады, оның ішінде тәулік бойы қолдауға көшуді жүзеге асырады.
29. Байланыс орталығының Операторы пайдаланушылар мен Оператор мамандарының өтініштерін Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытына түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде Есепке алу журналында тіркейді.
Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы өтініші Астана қаласының уақыты бойынша түскі үзіліс кезінде электрондық пошта арқылы келіп түскен жағдайда, Оператор өтінішті түскі үзілістен кейін 30 (отыз) минут ішінде тіркейді.
Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы өтініші Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытынан тыс уақытта электрондық пошта арқылы келіп түскен жағдайда, оператор өтінішті келесі жұмыс күні тіркейді.
Есепке алу журналын Байланыс орталығының Операторлары пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу жөніндегі Оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Техникалық іркіліс туралы ақпарат болған кезде Оператор Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытында ақпараттың келіп түскен сәтінен бастап 2 (екі) сағат ішінде Жүйенің техникалық іркіліс фактісін растау немесе теріске шығару мақсатында алынған ақпаратқа немесе ұсынылған материалдарға (экрандық суреттерге және өзге де ұсынылған материалдарға) талдау жүргізеді.".