Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 385 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 21 маусымда № 34544 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
  Қаржы министрі
  2024 жылғы 21 маусымдағы
  № 385 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.09.2024 № 627 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. "Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларын және Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 692 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12671 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталын пайдалану қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Веб-порталда барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жөнелту уақыты "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – Жүйе) уақыты бойынша (Астана қаласының жергілікті уақыты бойынша) тіркеледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу қағидаларында:

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Техникалық іркіліс туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) пайдаланушы техникалық іркіліс анықталған күнді және уақытты Астана қаласының уақыты бойынша, сондай-ақ байланыс деректерін және растаушы құжаттарын қоса бере отырып, веб-порталда көрсетілген электрондық пошта арқылы 1 (бір) сағаттан кешіктірмей Байланыс орталығын хабардар етеді.

      Техникалық іркіліс туралы ақпаратты электрондық пошта бойынша жіберу мүмкін болмаған жағдайда пайдаланушы телефон арқылы бір сағаттан кешіктірмей Байланыс орталығын хабардар етеді;

      2) оператор маманы Жүйе жұмысында немесе конфигурациясында стандартты жұмыс істеуге сәйкес келмейтін өзгерістерді тапқан жағдайда, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Веб-порталда техникалық іркілістер туындауы туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) техникалық іркілістің туындаған күні мен уақытын тіркейді.

      Байланыс орталығы жүгіну тәсіліне (телефон, электрондық пошта, ресми хаттар, интернет-форум арқылы) байланысты Жүйені пайдаланушылармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді:

      жұмыс күндері – Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;

      Оператор Байланыс орталығының жұмыс уақытын ұлғайтады, оның ішінде уәкілетті органмен келісім бойынша тәулік бойы қолдауға көшуді жүзеге асырады.

      4. Байланыс орталығының операторы пайдаланушылар мен оператор мамандарының өтініштерін Есепке алу журналына Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытында келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде тіркейді.

      Егер техникалық іркіліс туралы пайдаланушының өтініші Астана қаласының уақыты бойынша түскі үзіліс кезінде электрондық пошта бойынша түскен жағдайда, онда оператор хабарламаны түскі үзілістен кейін 30 (отыз) минут ішінде тіркейді.

      Егер техникалық іркіліс туралы пайдаланушының өтініші Астана қаласының уақыты бойынша жұмыстан тыс уақытта электрондық пошта бойынша түскен жағдайда, онда оператор хабарламаны келесі жұмыс күні тіркейді.

      Байланыс орталығының операторлары Есепке алу журналын пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу бойынша оператордың ақпараттық жүйесінде электронды түрде жүргізеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Техникалық іркіліс туралы ақпарат болған кезде оператор Жүйенің техникалық іркіліс фактісін растау немесе теріске шығару мақсатында Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытында ақпарат келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде алынған ақпаратқа немесе ұсынылған материалдарға (экран түсірілімдері мен өзге де ұсынылған электрондық құжаттарға) талдау жүргізеді.".

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2024 № 646 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 694 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12618 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тапсырыс берушілердің тізіліміне енгізілген тапсырыс беруші туралы мәліметтер "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33339 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электрондық құжат айналымы қағидалары) белгіленген тәртіппен электрондық түрде сақталады.".

      3. "Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 1216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25414 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорын және Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу веб-порталдарының жұмыс істеу, оның ішінде веб-порталдар жұмысында техникалық іркілістер туындаған жағдайда жұмыс істеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Веб-порталда барлық электрондық құжаттарды және құжаттардың электрондық көшірмелерін жасау, алу және жөнелту уақыты Астана қаласының жергілікті уақыты бойынша белгіленеді.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Техникалық іркіліс туындаған кезде мынадай іс-шаралар жүргізіледі:

      1) веб-портал пайдаланушысы техникалық іркілісті анықтаудың Астана қаласының уақыты бойынша күні мен уақытын көрсете отырып, веб-порталда көрсетілген электрондық пошта арқылы, сондай-ақ байланыс деректерін және растайтын материалдарды (экрандық суреттер мен өзге де растайтын материалдар) қоса бере отырып, 1 (бір) сағаттан кешіктірмей Байланыс орталығын хабардар етеді.

      Техникалық іркіліс туралы ақпаратты электрондық пошта арқылы жіберу мүмкін болмаған жағдайда, веб-портал пайдаланушысы Байланыс орталығын телефон арқылы бір сағаттан кешіктірмей хабардар етеді;

      2) стандартты жұмыс істеуіне сәйкес келмейтін жұмыста немесе Жүйе конфигурациясында өзгерістер анықталған жағдайда, Оператордың маманы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алу веб-порталының туындаған техникалық іркіліс туралы пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу журналында (бұдан әрі – Есепке алу журналы) техникалық іркілістердің туындаған күні мен уақытын тіркейді.

      Байланыс орталығы жүгіну тәсіліне байланысты (телефон, электрондық пошта, ресми хаттар, интернет-форум арқылы) Жүйені пайдаланушылармен өзара іс-қимылды:

      Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс күндері – сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін қамтамасыз етеді.

      Оператор уәкілетті органның келісімі бойынша Байланыс орталығының жұмыс уақытын ұлғайтады, оның ішінде тәулік бойы қолдауға көшуді жүзеге асырады.

      29. Байланыс орталығының Операторы пайдаланушылар мен Оператор мамандарының өтініштерін Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытына түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде Есепке алу журналында тіркейді.

      Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы өтініші Астана қаласының уақыты бойынша түскі үзіліс кезінде электрондық пошта арқылы келіп түскен жағдайда, Оператор өтінішті түскі үзілістен кейін 30 (отыз) минут ішінде тіркейді.

      Егер пайдаланушының техникалық іркіліс туралы өтініші Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытынан тыс уақытта электрондық пошта арқылы келіп түскен жағдайда, оператор өтінішті келесі жұмыс күні тіркейді.

      Есепке алу журналын Байланыс орталығының Операторлары пайдаланушылардың өтініштерін есепке алу жөніндегі Оператордың ақпараттық жүйесінде электрондық түрде жүргізеді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Техникалық іркіліс туралы ақпарат болған кезде Оператор Астана қаласының уақыты бойынша жұмыс уақытында ақпараттың келіп түскен сәтінен бастап 2 (екі) сағат ішінде Жүйенің техникалық іркіліс фактісін растау немесе теріске шығару мақсатында алынған ақпаратқа немесе ұсынылған материалдарға (экрандық суреттерге және өзге де ұсынылған материалдарға) талдау жүргізеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады