"Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрі (қажет болған кезде) айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 21 маусымдағы № 213 Бұйрыққа қосымша |
Тексеру парағына енгізілген талаптар арасынан бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты осы шараның қолданылу мерзімін көрсете отырып, жедел ден қою шарасының нақты түрін (қажет болған кезде) айқындау
№ | Ішкі су жолдарында орналасқан кеме қатынайтын су жолдары мен құрылысжайларға қойылатын талаптардың атауы (айлақтар, порттар) | Жедел ден қою шарасы | Жедел ден қою шарасының қолданылу мерзімі |
1. | Навигациялық жабдықтар құралдарын, оның ішінде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнату бойынша талаптарды сақтау. | Кемелердің (оның ішінде шағын көлемді кемелердің), салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын (пайдалануын) тоқтата тұру және оған тыйым салу. | Күнтізбелік 30 күн |
2. | Өз есебінен олардың кіреберістерінде қажетті су түбін тереңдету және су түбін тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша талаптарды сақтау. | Күнтізбелік 240 күн |