"Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 24 маусымда № 34547 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт резерві және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9881 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымдарындағы спорт түрлері бойынша спортшылардың жас шамасы:

      реттік нөмірі 13-жол, мынадай редакцияда жазылсын:

      "

13.

Еркін күрес

10-14 жас

-

14-15 жас

-

16-17 жас

-

18-20 жас

-

21 жастан

-

      ";

      реттік нөмірлері 18, 19 және 20-жолдары, мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

Грек-рим күресі

10-14 жас

-

14-15 жас

-

16-17 жас

-

18-20 жас

-

21 жастан

-

19.

Дзюдо

10-12 жас

10-12 жас

13-17 жас

13-17 жас

18-20 жас

18-20 жас

21-22 жас

21-22 жас

23 жастан

23 жастан

20.

Әйелдер күресі

-

10-14 жас

-

14-15 жас

-

16-17 жас

-

18-20 жас

-

21 жастан

      ";

      реттік нөмірі 60-жол, мынадай редакцияда жазылсын:

      "

60.

Шорт-трек

5-7 жас

5-7 жас

8-15 жас

8-15 жас

16-19 жас

16-19 жас

20-21 жас

20-21 жас

22 жастан

22 жастан

      ";

      реттік нөмірі 113-жол алып тасталсын;

      Ескертуде:

      1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінде, мүгедектерге арналған спорт мектептерінде балалар, жасөспірімдер, юниорлар және жастар (спорт түрінің өзіне тән ерекшелігін ескеріп) жасындағы спортшыларды даярлау жүзеге асырылады.

      Әкімшілік-аумақтық бірлікте спорт резервін және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау бойынша оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын, мүгедектігі бар тұлғаларға арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдары болмаған жағдайда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері, мүгедектігі бар тұлғаларға арналған спорт мектептері барлық жас топтарындағы мүгедектігі бар спортшыларды спорттық даярлауды жүзеге асырады;";

      6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру даярлығы клубтарында балалар мен жасөспірімдер жасындағы спортшыларды спорттық даярлау жүзеге асырылады;".

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрі
Е. МАРЖИКПАЕВ

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады