Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, ұлттық қауіпсіздік органдарының қайтыс болған зейнеткерінің отбасына жерлеуге арналған біржолғы төлемдерді және жәрдемақыларды тағайындау туралы нұсқаулықты, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәлігі нысанының сипаттамасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 26 маусымдағы № 90/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 26 маусымда № 34583 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 127) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулық осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

      2) еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылардың мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәлік нысанының сипаттамасы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сагимбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2024 жылғы 26 маусымдағы
№ 90/қе бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулық

1-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бip жолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереже 15-тармағының 127) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының (бұдан әрі – ҰҚО) қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне еңбек ciңipгeн жылдары үшін зейнетақы төлемдерін, қайтыс болған ҰҚО зейнеткерін жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына біржолғы жәрдемақы тағайындау рәсімдерін нақтылайды.

      2. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдау, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі (бұдан әрі – Әлеуметтік Кодексі) мен Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтауды ҰҚО қызметкерінің, әскери қызметшісінің (бұдан әрі – өтініш беруші) соңғы қызмет орны бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) құрылымдық бөлімшесінің, ҰҚК ведомстволарының, аумақтық және өзге де органдарының кадр бөлімшелері (бұдан әрі – ҰҚО кадр бөлімшелері) жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметiнде қызметін өткерген адамдардан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдауды, сондай-ақ олардың Әлеуметтік Кодекс пен Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындауды ҰҚК Сыртқы барлау қызметiнің кадр бөлімшесі жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілері қатарындағы және бұрын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде зейнетақы төлемдері тағайындалған адамдарға (бұдан әрі – ТТЖ-ға келген адамдар) зейнетақы төлемдерін тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдауды тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша ҰҚК аумақтық органдарының кадр бөлімшелері (бұдан әрі – ҰҚКД кадр бөлімшелері) жүзеге асырады.

      Зейнеткерлік істерді жүргізуді және сақтауды, зейнеткерлермен және қайтыс болған зейнеткерді жерлеуді жүзеге асырған адамдармен өзара іс-қимыл жасауды аталған адамдардың тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша ҰҚКД кадр бөлімшелері жүзеге асырады.

      3. Өтініш беруші соңғы қызмет орны бойынша ҰҚО кадр бөлімшесіне Қағидалардың 7-тармағында қарастырылған құжаттарды ұсынады.

      ҰҚО кадр бөлімшелер қабылдайтын құжаттар топтамасының Әлеуметтік Кодекс пен Қағидалардың талаптарына сәйкестігін, толықтығын тексереді және құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      4. ҰҚО кадр бөлімшелері Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге, оларды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаментiне (бұдан әрі – ҰҚК КД) мыналарды жолдайды:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларына, осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған зейнетақыға еңбек сіңірген жылдарының есебі, ол екі данада жасалып, біреуі өтініш берушінің жеке ісіне тігіледі;

      2) өтініш берушіні қызметтен шығару және жеке құрам тізімінен шығару туралы бұйрықтардан үзінді;

      3) "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҰҚК Төрағасының 2022 жылғы 28 қазандағы № 76/ҚБП бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30405 болып тіркелген) ауруы туралы куәлігі (денсаулық жағдайы бойынша шығу кезінде);

      4) соңғы қызмет орны бойынша ҰҚК мемлекеттік мекемесінің қаржы бөлімшесі кадр бөлімшесіне ұсынған ақшалай аттестаты;

      5) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлiгi, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      6) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;

      7) бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесi;

      8) әскери билеттің көшiрмесi және (немесе) әскери қызметті өткергенін растау туралы анықтама (мерзімді қызмет атқарған жағдайда);

      9) жеңілдікті растайтын анықтама (басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан және Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысушылар) (жеңілдік бар болса);

      10) төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактiсiн растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      11) қызметкердің немесе әскери қызметшiнiң жұбайының (зайыбының) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтама (бар болса);

      12) 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметте он жылдан астам еңбек сіңірген жылдары бар адам зейнетақы жинақтарының бар екендігі немесе жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынады;

      13) неке қию және (немесе) некенi бұзу туралы куәлiктiң көшірмесi не болмаса некеге тұру және (немесе) некені бұзу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме не болмаса азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы (тегiн өзгерткен кезде), бала туу туралы (жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің жас балаларға күтім жасаған кезеңін растау үшін) анықтама (бар болса).

      Құжаттардың көшірмелерін ұсынылған түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін ҰҚО кадр бөлімшесінің лауазымды адамы куәландырады.

      5. Қағидалардың 7-тармағында, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 4-тармағында қарастырылған құжаттардың толық емес пакетін ұсынған немесе толық емес не дұрыс емес мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынған жағдайда екі жұмыс күнінің ішінде қайтару себептері туралы хатпен өтініш берушіге немесе ТТЖ-ға келген адамға ескертулерді жоюға құжаттар пакеті кері қайтарылады.

      6. ТТЖ-ға келген адамдар ҰҚКД кадр бөлімшесіне тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлiгi, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi, шетелдiктiң тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін;

      3) тұрақты тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат;

      4) зейнетақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шотының нөмірі туралы мәлімет;

      5) мөлшері 3 х 4 см көлеміндегі фотосурет (2 дана).

      ҰҚКД кадр бөлімшелері зейнеткердің бұрынғы тұрғылықты жерінің зейнетақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органынан зейнетақы ісін талап ету туралы құжаттары қоса берілген зейнеткердің өтінішін ҰҚК КД-ға жолдайды.

      7. Барлық құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ҰҚК КД:

      1) осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы тағайындау (қайта тағайындау) туралы қорытынды жасайды;

      2) зейнеткерлік істі қалыптастырады;

      3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатарынан зейнетақы төлемдерді алушыларға (бұдан әрі – зейнеткерлік куәлік) зейнеткерлік куәлігін дайындайды, ол зейнеткерлік істер мен куәліктерді тіркеу журналында есепке алынады.

      8. Зейнеткерлік куәлік еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы адамның мәртебесін және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатарынан зейнетақы төлемдерді алушыларға қатыстылығын растайтын құжат болып табылады.

      Зейнеткерлік куәлікке зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін бағыттайтын ҰҚК КД бастығының орынбасары қол қояды.

      9. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы зейнеткерлік куәлігін жоғалтқан немесе ол бүлінген жағдайда, сондай-ақ оның тегі, аты немесе әкесінің аты (ол бар болған кезде) өзгерген жағдайда ҰҚКД кадр бөлімшесіне мыналарды ұсынады:

      1) зейнеткерлік куәлікті ауыстыру себептерін түсіндіре отырып, еркін нысандағы өтініш;

      2) зейнетақы төлемдерін алушының жеке куәлігінің көшірмесі;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған зейнеткерлік куәліктің жарамсыздығы туралы хабарландыруды жариялағаны туралы өтініш (жоғалған жағдайда);

      4) зейнеткерлік куәліктің көшірмесі (бүлінген жағдайда);

      5) зейнетақы төлемдерін алушының тегі, аты немесе әкесінің аты өзгергенін растайтын құжат (тегі, аты немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда);

      6) мөлшері 3х4 см екі дана түрлі түсті (ақ түсті фондағы) фотосурет.

      10. Зейнеткерлік куәлікті әзірлеу үшін ҰҚКД кадр бөлімшелері осы Нұсқаулықтың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күннің ішінде ҰҚК КД-ға жолдайды.

      11. Дайындалған зейнеткерлік куәлік осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнеткерлік істер мен куәліктерді тіркеу журналында есепке алынады және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушыға беру үшін тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша ҰҚКД кадр бөлімшесіне жолданады.

      ҰҚКД кадр бөлімшесі зейнетақы төлемдерін алушыға зейнеткерлік куәлікті бес жұмыс күні ішінде береді, бүлінген зейнеткерлік куәлікті (болған кезде) кейін жою үшін алып қалады.

      12. ҰҚК КД-да ресімделген зейнеткерлік іс осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнеткерлік істер мен куәліктерді тіркеу журналында есепке алынады, бұл бойынша оған тиісті нөмір беріледі және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша ҰҚКД кадр бөлімшесіне әрі қарай жүргізу және сақтау үшін жолданады.

      13. Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы ретінді танылған өтініш берушінің тұратын жеріндегі тұрақты тіркеу бойынша ҰҚКД кадр бөлімшесі зейнеткерлік іс түскеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының зейнетақы iсiнен үзiнді жасайды және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) ұсынады.

      Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері жоғарылаған жағдайда ҰҚКД кадр бөлімшесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнетақы төлемдерін алушының зейнеткерлік ісінен үзінділер жасайды және Мемлекеттік корпорацияның филиалына ұсынады.

      14. Алушының тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болса), банктік шотының нөмірі, туған күні, тұрғылықты жері өзгерген жағдайда еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушы ҰҚКД кадр бөлімшесіне тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес осы өзгерістер туралы өтініш береді.

      Қазақстан Республикасының шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуін ауыстырған жағдайда өтінішке жаңа тұрақты тұратын жері бойынша тіркеуді растайтын құжат қоса беріледі.

      ҰҚКД кадр бөлімшесі өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының жаңа деректемелері бар үзіндіні жібереді, ал Қазақстан Республикасының шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелуін ауыстырған жағдайларда Қазақстанның басқа өңіріне тұрақты тұруға кеткен кезде Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зейнеткерлік төлемдерді тоқтатуға (тоқтата тұруға) хабарлама жолдайды. Зейнеткердің жаңа тұрақты тұратын жері бойынша ҰҚКД кадр бөлімшесіне зейнеткердің зейнеткерлік ісін жолдайды.

      15. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ТТЖ-ға кеткен кезде еңбек сіңірген жылдар үшін зенетақы төлемін алушы ҰҚКД кадр бөлімшесіне бұрынғы тіркелген орны бойынша зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы еркін нысандағы өтініш жазады. Өтінішке бұрынғы тұрақты тіркелген орны бойынша тіркеуден шыққанын растайтын құжат қоса беріледі.

      ҰҚКД кадр бөлімшесі зейнеткерден құжаттарды алғаннан кейін және Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кетуіне байланысты төлемдерді тоқтатуға арналған хабарламасын бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына жолдайды.

      ҰҚК КД басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрауы бойынша зейнеткерлік істің ішіндегі қажетті құжаттардың көшірмелерін жасайды, олардың түпнұсқаға сәйкестігін куәландырады және оларды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жөнелтуге ресімдейді.

2-тарау. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге бipжолғы төлем және отбасына жәрдемақы тағайындау

      16. Еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы алушы қайтыс болған жағдайда ҰҚКД кадр бөлімшесі еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы алушының бұрынғы тіркелген орны бойынша өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация филиалдарына Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуына байланысты төлемді тоқтатуға хабарлама ұсынады.

      17. Қайтыс болған зейнеткерді жерлеуге біржолғы төлемді алу үшін оны жерлеген адам, қайтыс болған зейнеткердің тұрақты тіркелген жері бойынша ҰҚКД-ге Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынады.

      Қайтыс болған зейнеткерлерді жерлеуге құжаттарды қабылдауды және біржолғы төлемдерді тағайындауды ҰҚКД кадр бөлімшелер жүзеге асырады.

      18. Қайтыс болған зейнеткердің отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақыны алу үшін қайтыс болған зейнеткердің соңғы тұрақты тіркелген орны бойынша ҰҚКД кадр бөлімшесіне Қағидалардың 31-тармағына сәйкес құжаттар ұсынылады.

      ҰҚКД кадр бөлімшесінде Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген, қабылданған құжаттардың толықтығы мен көшірмелердің нақтылығы тексеріледі және бес жұмыс күнінің ішінде қайтыс болған зейнеткердің ісімен бірге ҰҚК КД-ға жолданады.

      19. ҰҚК КД келіп түскен құжаттарды салыстырып тексергеннен кейін олар келіп түскеннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтыс болуы бойынша біржолғы жәрдемақы тағайындау туралы қорытынды жасап, зейнеткерлік істі ҰҚКД-нің кадр бөлімшесіне кері қайтарады.

      20. ҰҚКД кадр бөлімшесі зейнеткерлік іс түскеннен кейін Мемлекеттік корпорацияның филиалдарына бес жұмыс күні ішінде қайтыс болғанның отбасына жерлеу үшін біржолғы төлемдер мен біржолғы жәрдемақыларды беруді жүзеге асыру үшін Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жолдайды.

      21. ҰҚКД кадр бөлімшесі тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей зейнеткерлер Қазақстан Республикасының шегінде тіркелген жерін ауыстыру, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге ТТЖ-ға кеткен немесе олардың қайтыс болу фактілері туралы мәліметті ҰҚК КД-ға жолдайды.

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдерін, қайтыс
болған зейнеткерді жерлеуге
біржолғы төлем және
отбасына жәрдемақы
тағайындау туралы нұсқаулыққа
1-қосымша

      Нысан

Зейнеткерлікке еңбек сіңірген жылдарының ЕСЕБІ

      __________________________________________________________________________

      (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), жеке нөмірі, лауазымы)

      __________________________________________________________________________

                        (мекеменің атауы)

      ___ жылғы "___" _______ туылды

      Соңғы атағы ___ жылғы "___" _______ берілді.

      Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін есептелетін (күнтізбелік және жеңілдікпен есептеу) қызметі (жұмысы):

Атқаратын лауазымы, орган, бөлім, кәсіпорын, мекеме, ұйым

Күні, айы, жылы

Қызмет атқарған жылы, айы, күні

Қызметін (жұмысын) растайтын бұйрықтар мен басқа да құжаттардың нөмірлері мен күндері және қызметті жеңілдікпен есептеу үшін негіздеме

қай уақыттан бастап

қай уақытқа дейін

күнтізбелік

коэффициенті

Жеңілдік

1

2

3

4

5

6

7

Еңбек өтілі















БАРЛЫҒЫ еңбек өтілі:


Еңбек сіңірген жылдары








1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек сіңірген жылдары:














БАРЛЫҒЫ еңбек сіңірген жылдары:







Қорытынды:







      Зейнетақы тағайындау үшін "__" _______ ____ жылға жалпы еңбек өтілі ____(сөзбен) жыл ____(сөзбен) ай ____(сөзбен) күннен (жеңілдікпен бірге) тұрады.

      Еңбек сіңірген жылдардың есебімен зейнеткерлікке келісемін ______________________________________

      (қызметтен шығарылған адамның қолы )

      ___________________________________________

      (кадрлар аппараты басшысының лауазымы, атағы,

      Т.А.Ә. (бар болса) қолы)

      М.О. _____ жылғы "____" __________

      2. Қызметкерді (әскери қызметшіні) қызметтен шығару туралы мәлімет

      ___________________________________________ Қазақстан Республикасы Заңының

      (aтауы)

      ___бабы ___тармағының ___ тармақшасына сәйкес (___________________ байланысты

      (себебі)

      __________________________ ______ жылғы "___" __________ № ______ бұйрығымен

      (кімнің бұйрығы)

      _______жылғы "___" ________ бастап жеке құрам тізімінен шығарылды.

      Жеке құрам тізімінен шығарылған күніне дейін еңбек сіңірген жылдары ________ (сөзбен) жыл, _______ (сөзбен) ай, __________ (сөзбен) күнді (жеңілдікпен бірге) құрайды.

      3. Қызметтен шығарылғанның отбасы құрамы туралы мәлімет

      1.________________________________________________________________________

      2.________________________________________________________________________

      ....________________________________________________________________________

                  (отбасы құрамына қатысы, Т.А.Ә. (бар болса), туылған жылы)

      Есепті құрастырған ________________________________________________________

                              (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Ескертпе: құпиялылық және шектеу белгілері құпиялауға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесі мен таралуы шектеулі мәліметтердің тізбесіне сәйкес оның мазмұнын негізге ала отырып беріледі.

  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдерін, қайтыс
болған зейнеткерді жерлеуге
біржолғы төлем және отбасына
жәрдемақы тағайындау
туралы нұсқаулыққа
2-қосымша

      Нысан

  БЕКІТЕМІН
___________________________
(қорытындыны бекітуге
уәкілетті ҰҚК лауазымды
адамының лауазымы)
_____________ _________
____________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты және
әкесінің аты) (бар болса)
____ жылғы "____" __________
(қорытындыны бекіткен күн)

Еңбек сіңірген жылдар үшін зейнетақы тағайындау (қайта тағайындау) туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      1. Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) _____________________

      2. Арнаулы (әскери) атағы ____________________________

      3. Жұмыстан шыққанға дейінгі лауазымы мен қызмет орыны _____________________

      4. Туылған күні ____________________________

      5. Қызметтен шығарылған күні мен себебі (тармақ, бап) __________________________

      6. Ақшалай үлес:

      а) лауазымдық жалақысы                         _________________ теңге

      б) арнаулы (әскери) атағы бойынша жалақы _________________ теңге

      Барлығы _________________ теңге

      7. Зейнетақы төлемдері _________________ бастап тағайындалған

      (күн)

      шыққан күнге дейінгі еңбек сіңірген жылдары (жалпы өтілі) үшін ________жыл

      ____% мөлшерде

      8. Айына төленетін зейнетақы төлемінің сомасы _________________ теңге

      9. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін негіздеме (тармақ, бап) __________________

      Қорытындыны жасаған: ______________________ ________________ ______________

                                    (лауазымы)             (қолы)       (Т.А.Ә.) (бар болса)

      _______ жылғы " " ____________

      Қорытындыны тексерген: ______________________ _______________ ______________

                                    (лауазымы)             (қолы)       (Т.А.Ә.) (бар болса)

      Зейнеткерлік куәліктің № ________

      Зейнеткердің мекенжайы:

      1. _______________________________________________________________________

      2. ________________________________________________________________________

      Мемлекеттік корпорация филиалына зейнеткерлік істен үзіндісін жіберу туралы белгі

Зейнеткерлік істен үзінді жіберілген күн

Зейнетақы төлемдерін төлеу мерзімі

Бір айдағы зейнетақы төлемінің мөлшері

Лауазымды адамның қолы

Зейнетақы төлемдеріне берілетін үстемеақының сомасы



бастап дейін _____________




  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек сіңірген
жылдары үшін зейнетақы
төлемдерін, қайтыс болған
зейнеткерді жерлеуге біржолғы
төлем және отбасына
жәрдемақы тағайындау
туралы нұсқаулыққа
3-қосымша

      Нысан

Зейнеткерлік істері мен куәліктерді тіркеу журналы

Зейнеткерлік істің нөмірі

Зейнеткерлік куәліктің нөмірі

Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)

Атағы

Соңғы қызмет орны мен лауазымы

Зейнетақы төлемдерін тағайындаған күні

Тұрақты тіркеу тұрғылықты мекенжайы

Зейнеткерлік куәліктіктің берілген белгісі

1

2

3

4

5

6

7

8









  Қазақстан Республикасы ұлттық
қауіпсіздік органдарының
қызметкерлері мен әскери
қызметшілеріне еңбек
сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдерін, қайтыс
болған зейнеткерді жерлеуге
біржолғы төлем және отбасына
жәрдемақы тағайындау
туралы нұсқаулыққа
4-қосымша
  БЕКІТЕМІН
____________________________
(қорытындыны бекітуге
уәкілетті ҰҚК лауазымды
адамының лауазымы)
_____________ _________
____________________
(атағы) (қолы) (тегі, аты және
әкесінің аты) (бар болса)
____ жылғы "____" __________
(қорытындыны бекіткен күн)

      Нысан

Қайтыс болғанына байланысты бір жолғы жәрдемақы тағайындау туралы ҚОРЫТЫНДЫ

      1. Қайтыс болғанның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) ______

      __________________________________________________________________________

      2. Арнаулы (әскери) атағы __________________________________________________

      3. Қайтыс болған күні _______________ жылы

      4. Қайтыс болу туралы куәлік _______________ жылғы ______ № ____________

      Қайтыс болғанның асырауында болған келесі отбасы мүшелеріне бір жолғы жәрдемақы тиесілі:

Туыстық қатынасы

Т.А.Ә. (бар болса)

Туылған күні

Неке, туу туралы куәліктердің және басқа да құжаттардың № мен күндері

1

2

3

4





      Қайтыс болғанның отбасы мүшелеріне ________________________________ сомадағы

                                          (сома сандармен және жазбаша)

      біржолғы жәрдемақы төлену тиіс.

      Қорытындыны жасаған: ____________________________________ ________________

                                    (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.) (бар болса)       (қолы)

      ____ жылғы "____" ___________

      Қорытындыны тексерген: ____________________________________ _______________

                                    (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.) (бар болса)       (қолы)

  2024 жылғы " __ " ______
№ ___ бұйрығына
2-қосымша

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушының мәртебесін растайтын зейнеткерлік куәлік нысанының сипаттамасы

      1. Зейнеткерлік куәліктері кітапша нысанында өлшемі 210*65 мм көк түсті бумвинилден дайындалады, қалындығы 5 мм, толтырылу материалы – өлшемі 95*65 мм "мормон" картоны (картонның қалындығы – 2 мм екі текшелі).

      2. Куәліктің сыртқы жағында алтын түсті фольгамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және "ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ ЗЕЙНЕТКЕРІНІҢ КУӘЛІГІ" деген мәтін жазылады (1-қосымша, 1-сурет).

      3. Куәліктің ішкі жағында әрқайсысының өлшемі 90*60 мм, тығыздығы 200 г/м, офсеттік басылыммен ақ борлы күңгірт қағаздан дайындалған куәлік нысанына екі қосымша бет орналастырылады. Куәлік нысанына қосымша беттердің жалпы түстік гаммасы нөмірі 3125 халықаралық Атластың "Pantone" түстеріне сәйкес келетін көгілдір түсті қорғаныш торынан тұрады.

      4. Сол және оң жақтардағы куәлік нысанына қосымша беттердің жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін: "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ" және "КОМИТЕТ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН", олардың астында қара әріптермен ортаға куәліктің нөміріне арналған орнымен "ЗЕЙНЕТКЕРЛІК КУӘЛІК" және "ПЕНСИОННОЕ УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген жазулар жазылады (1-қосымша, 2-сурет).

      5. Жазулардың астында зейнеткердің атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) жазылуына бос орын қарастырылады.

      6. Куәліктің сол жағындағы куәлік нысанына қосымша бет мемлекеттік тілде жазылады және оң жағының ортасына ҚР ҰҚК қызметкерлері мен әскери қызметшілері үшін Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары эмблемасының бейнесі салынады.

      Төменгі жағында ортаға: қол қоюға арналған орнымен "Департамент бастығының орынбасары, (қолы)" деген жазу жазылады.

      7. Куәліктің оң жағындағы куәлік нысанына қосымша бет орыс тілінде жазылады және ортасына сары түстен, шуақты күн мен қалықтаған қыран түріндегі бейнесі (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының элементі) салынады.

      8. Куәліктің оң жағындағы куәлік нысанына қосымша беттің төменгі жағында ортаға куәліктің берілген күні қойылады.

      9. Дайын куәлік нысанына қосымша беттерді толтыру баспаханалық тәсілмен жүзеге асырылады, содан кейін куәліктің сол жағындағы куәлік нысанына қосымша бетке зейнеткердің түрлі түсті фотосуреті (3 х 4 см) жапсырылады, зейнетақы сұрақтарын қамтамасыз ететін ҰҚК КД бастығының орынбасары қолын қояды, ал оның төменгі оң жақ бөлігінде диаметрі 34 мм "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІ * РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ * ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ҚҰЖАТТАРЫ ҮШІН" мөр таңбасы қойылады.

  Еңбек сіңірген жылдары үшін
зейнетақы төлемдерін
алушылардың зейнеткерлік
куәлігі нысанының
сипаттамасына
қосымша

      1-сурет. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатарынан зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнеткерлік куәлігінің нысаны



      2-сурет. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қатарынан зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнеткерлік куәлігінің нысанына қосымша бет



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады