ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20455 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына алдын ала келісімі;
2) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
3) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына тыйым салуы.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодекске және Заңға сәйкес қолданылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада баяндалған";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі-өтінішхат) "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы құжаттарды электрондық түрде, оның ішінде DOCX және PDF форматында қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаның мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағына сәйкес жүгінеді.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде өтінішхатқа қоса берілген құаттардың толықтығын Кодекстің 204-бабына сәйкес тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қарау барысында он бес жұмыс күні ішінде:
1) егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды; не сабақтас тауар нарықтарындағы тауарларды өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;
2) бір немесе одан көп тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеудің пайда болуы немесе күшеюі анықталған кезде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiн есептеу;
3) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы қызметтері нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;
4) бәсекелестiктi шектеу белгілері анықталған кезде, оның ішінде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі кезінде қаржы нарығында бәсекелестікті шектеу көрсеткiштерiн есептеу жүргізеді.
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы |
М. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап бес жұмыс күні iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Нарық субъектісін бірігу немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша экономикалық шоғырлануға келісу (тыйым салу) туралы монополияға қарсы органның бұйрығы; |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 18-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда. |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті" арқылы алуға мүмкіндігі бар. |