"Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 224 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34652 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларында:

      31-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалақының субсидияланатын бөлігін төлеуді еңбек мобильділігі орталығы ай сайын жұмыс беруші ұсынған мәліметтердің негізінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақшалай қаражатты аудару арқылы жүзеге асырады.";

      31-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1. Төтенше жағдай жарияланған аумақта субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың еңбегіне ақы төлеуді еңбек мобильділігі орталығы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын жұмыс берушілерден мәліметтерді талап етпей, субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырады.";

      2-қосымшада:

      2.3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әлеуметтік жұмыс орындарына және (немесе) "Күміс жас" жобасы бойынша жұмысқа орналасқан адамдардың ағымдағы (карточкалық) шоттарына жалақының субсидияланатын бөлігін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы уақтылы және толық көлемде аударуға;

      3) Орындаушы ұсынған ай сайынғы мәліметтердің негізінде Еңбек кодексіне сәйкес қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы уақтылы және толық көлемде жалақы төлеуге;";

      2.3-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жұмыспен қамтудың жеке картасында субсидияланатын жұмыс орынындағы жұмысы аяқталғаннан кейін (мерзімі аяқталғанға дейін) адамның субсидияланатын жұмыс орнына және тұрақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметті көрсетуге міндеттенеді.";

      2.4-тармақтың 21) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      3.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3.2. Қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, "Алғашқы жұмыс орны" және "Ұрпақтар келісімшарты" жобалары шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдарға субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін еңбекақы төлеуді Орындаушы мәліметтерінің негізінде Тапсырыс беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізеді.";

      4.2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.2. Орындаушы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың және қаржыландырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда, Шарт бұзушылық анықталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзылуға жатады.";

      Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы шартқа 1-қосымшада:

      "Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" деген кестеде:

      3-бағанның атауының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      "Субсидияланатын жұмыс орындарының іске асырылу барысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымшада:

      8-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады